Президент к?ніне арнал?ан салтанатты жиын


Тулепова Айзада Тлеккабыловна
Тәлімгер
БҚО Бөкей орда ауданы, Жиекқұм ауылы
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий1 жүрг.
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып Қазақстан - НұрсұлтанНұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.Елбасын құрметтейтін ерекшеАрмысыздар, ақ пейілді көпшілік!2 жүрг.
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,Қазақ елін мойындауда дос таңдап.Елбасының еңбегімен нұрланаҚазағымның мерейі тұр аспандап.Елі үшін олжа салып қиырдан,Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.Мерекеңіз құтты болсын көпшілікЕлбасының құрметіне жиылған!1 жүрг.
Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүрг.
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Елі үшін көтеріп нар жүгін де,Сенімі нық сезілетін үнінде.Аты озған дүниедегі дүбірдеНұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!1 жүрг.
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.2 жүрг.
Азаттық, теңдік әлемі,Шаттыққа елді бөледі.Тағдыры тарих өреліКөк тудың желбірегені!
Салтанатты жиынға еліміздің туы енгізілсін! (Ту кіргізіледі)
Оқушылар тік тұрыңдар! Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалсын!Г И М Н.Мектеп оқушыларының монтажы1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектебіміздің директоры: Жумагалиева Хиуаз Ерболатқызына беріледі.
Концерттік бағдарламаБір басында кемеңгерлік, даналық,Елін сүйген елі үшін жаралып.Сол кісідей болса - болсын әр алыпАдамдықтың аласармас үлгісіБір өзінен жатқаны шын таралыпБүгін Тұңғыш Президенттің күнінеӘсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: Орындайтын:
2 жүрг.
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1 жүрг. Елбасы туралы естеліктер айту үшін, сөз кезегін оқушыларға береміз. (Оқушылар сөз алады)
2 жүрг.
Ел тынысын тереңінен танып кең,Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен.
Ән: атамекен. Хор
1 жүрг. Салтанатты жиыннан мемлекеттік ту шығарылсын!Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.
Назарларыңызға президент күніне арналған мектеп өнерпаздарының аздаған мерекелік қойылымын ұсынамыз.