Открытый урок на тему:Киіз ?й(8 КЛАСС)


Бекітемін:
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың сәндік қолданбалы өнері киіз үй тарихына шолу
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Киіз үйдің шығу тарихы, тұрмыстағы
алатын орны туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Оқушының жаны мен жүрегіне
жылылық ұялату,білімін кеңейту.Ұлттық
қолөнерді сүюге үйрете отырып,
тәрбиеге бағыттау.
3. Дамытушылық: Оқушы бойындағы түрлі
қабілеттерін ашу, ой-қиялдарын
дамыту, шығармашылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу,өз бетінше жұмыс жасату
Сабақтың көрнекілігі: буклет, киіз үй макеті
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу, сызу, геометрия
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып оқушыларымен амандасу
Сынып оқушыларын түгендеу
Сынып оқушыларымен танысу
II Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы бағалаймын.
Ағаш дегеніміз не?
А) Ағаш дегеніміз -өсіп тұрған тығыз материал
Ә) Ағаш дегеніміз- қағаз алынатын материал
Б) Ағаш дегеніміз - құрылыс материалы
2. Ерші деп кімге айтамыз?
А) Ерді сататын адамды айтамыз
Ә) Ерге ою салатын адамды айтамыз
Б) Ер жасайтын адамға айтамыз
3.Тақтай дегеніміз не?
А) Кесілген ағаштың ені қалыңдығынан екі есе үлкен материал
Ә) Құрылыс материалы
Б) Полға пайдаланылатын материал
4.Зергер деп кімге айтамыз?
А) Шебер деген мағынаны білдіреді.
Ә) Алтынмен жұмыс істейтін шебер
Б) Дұрыс жауап жоқ
5.Ою дегеніміз не?
А) Ою дегеніміз ағашты көркемдеу
Ә) Ою дегеніміз қағазға салып қию
Б) Ою дегеніміз бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер, өрнек, әшекей
6.Қолөнер дегеніміз не?
А) Қолөнер дегеніміз халықтың өз қолымен жасайтын туындысы
Ә) Ұлттық мәдениет мен өнер туындысы
Б) Екеуі де дұрыс
7.Ағаш өнерінің түрлерін ата?
А) Балташы, үйші, ерші, саз аспапшы т.б
Ә) Ағаш бетіне өрнек салу
Б) Ағашты күйдіру,өрнектеу
8. Ұлағатты сөзді жалғастыр. Егер де мал керек болса...........
А) жұмыс жаса
Ә) қолөнер үйренбек керек
Б) қазақтың төресі сол
9. Мақалды жалғастыр. Өнерді бағалай білмеген............
А) өрге шықпас
Ә) шебер болмас
Б) зергер болмас
10. Ағашты қандай құралмен көркемдеп ояды?
А) қашау, пышақ
Ә) тас
Б) әйнек
III Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын жұмбақты шешейік. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы жұмбақтың шешілуімен байланысты.
Жұмбақ
Тіреусіз күмбез,Сылақсыз қабырғаТұтқасыз есікІргетассыз ғимарат. (Киіз үй)
Киіз үй, оның шығу тарихына шолу.
Киелі қазағымның киіз үйі
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы болып табылған. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі десе де болады.Киіз үй — көшпенділердің тез жиып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылысы. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады.Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.Киіз үй - көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен, желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек - бөлек қанаттардан жасалады. Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады. Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау - шулармен бекітіледі. Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды. Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері - қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау - шулар арқылы ұштастырылады. Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр, ені 0, 8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады. Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жұқаяқ қойылып, оның үстіне абдыра, көрпе - жастық т. б жүктер жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым - сызынан, жауын - шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып - артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.Қазақ киіз үйлерінің тіркеліп, тігілетін түрлері де кезікті. Мысалы: ортаңғы үйдің жан - жағынан бірнеше есік шығарылып, осы есіктерге бірден киіз үй тіркеліп, «Ортаңғы үй», «Төр ұй», «Ауыз үй», оң, сол қанаттағы «Жан үй» т. б. деп аталды. Бұндай үйлер 4 - 5 үйден тігілді. Бұдан басқа 2, 3 үйден қатарлап, тіркеліп тігілетін түрлері де кезікті. Екі үйден тіркеліп тігілген үй «Қос үй» деп аталды.Әдетте қыста киіз үйде қыстайтындар туырлық, үзікті қостап жауып, іргені көміп, жылылап ұстаған. Тым ертеде 4, 6, 8 доңғалақты алып арбаларға қондырылған жылжымалы Ордалар да болды. Шағын арбаларға қондырылған шағын үйлер «Жорық үйлері» ретінде пайдаланды.Сонымен киіз үйдің іші 3 бөлімге бөлінеді:1. Төр.2. Сол жақ.3. Оң жақ.Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктер);2. Киіздері;3. Бау – шулары.

IV Оқушылармен шығармашылық жұмыстарБерілген сөздерді төмендегі бөліктерге бөліп жазамыз:1. Киіз үй жабдықтары –2. Киіз үй жасаулары –3. Артық сөздер –Берілген сөздер: шаңырақ, кереге, туырлық, маңдайша, сықырлауық, сандық, кебеже, жүкаяқ, ағаштөсек, кимешек, шашбау, қымыран, барқыт.
V.Сарамандық жұмыс
Киіз үйдің шаңырағын жасату (сымнан)
VI.Сабақты бекіту (технологиялық диктант):1. Киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымдарды жасайтын бөлшекті...... деп атайды. (ши)2. Екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш..... деп атайды. (табалдырық)3. Үй тіккенде.... бір – біріне қосып байлайтын терме бауды құр деп атайды. (кереге)4. Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлік... деп аталады. (уық)5. Киім ілуге арналған...., ою - өрнекті ағаш адалбақан деп аталады. (ашалы)VII. Оқушыларды бағалау:VII. Үй тапсырмасы:1. Киіз үй және оның жасауы2. Киіз үйге байланысты реферат жазып келу.3. Киіз үйдің жасау – жабдықтарына қатысты сөзжұмбақ құрастыру.