?н мен ?нші бай?ауы


Тақырыбы: «Ән мен әнші»
1 жүргізуші:
Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.Бүгінгі күн сіздерге арналады.2 жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әлі,Сіздер үшін осы кеш ашылады,Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
1 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті жиналған қауым!
Мектебіміздің «Білімді мен өнерліге өріс кең» атты сынып жетекшілер апталығында ұйымдастырылып отырған, 1-5  сыныптар аралығында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өтетін «Ән мен әнші» ән байқауына қош келдіңіздер!
 2 жүргізуші:
Байқау мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Білімді мен өнерліге өріс кең» атты сынып жетекшілер апталығында өткізіліп отыр.
 1 жүргізуші:
Аталмыш жоба  негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ата-аналарымыз бен дарынды оқушыларды анықтау,  Қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу, мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру мен тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыруды өз алдына міндет етіп қойып отыр.
 2 жүргізуші:
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық
(сайыскерлер номер таңдайды)
 1 жүргізуші:
Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.
2 сынып оқушысы Талапбаева Аймира анасы Изимова Ләззат
2 сынып оқушысы Нағыметуллаева Айда анасы Қияқбаева Мира
3 оқушысы Кенжебаева Ақнұр жеңгесі Өтемісова Гүлжанат
4 сынып оқушысы Абзалов Дарын анасы Мыңбаева Гүлназ
5 сынып оқушысы Әлиханова Әлия мен анасы Садуова Жанар
 2 жүргізуші:
Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы  әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маханова Гүлзат
Музыка пәні мұғалімі Серсенбаев Е
 Байқаудың қазылар алқасына
№ Бағалау өлшемдері №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 №10
1 Сырт келбеті, киім кию үлгісі 2 Әнді орындау шеберлігі 3 Актерлік шеберлігі 4 Қорытынды баға Сайыстың бағасы жоғарғы ұпай 10 ұпаймен есептеледі.
Олай болса байқауға қатысушыларға сәттілік тілеу үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маханова Гүлзатқа сөз кезегі беріледі.
3 сынып оқушысы: Әбдіхалықов Дәулет «Ана туралы жыр»
Самғап шықты сұлтандай,
Көпшіліктен бұлтармай.
Білсеңдерғой бұл жігіт,
Күміс көмей жез таңдай.  Дарын
Сана күндейсің сен шуақ шашқан,
Ата – анаңа сенің атың жыр мен дастан.
Қуанышы баршамызды бұл байқауда,
Бүгінде әнші барма сеннен асқан.  Аймира
Біздің Ақнұр тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал сайысқа,
Өнер көрсет құрбылармен жарыста.  Ақнұр
Біздің Айда сымбатты,
Бал лебізі тым тәтті.
Інжу маржан секілді,
Көйлегіде қымбатты.  Айда
Құйқылжыта шырқаған
Ән әлемі ертегі.
Үміт арттық біз саған,
Сен әлемнің ертеңі. Әлия 5 сынып
 
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,Әнші деп те, биші деп те айт оны.Әнге сенің қанша икемің бар екен,Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп келесі кезекті «Дауысынына таны» ойынына береміз.
2- Жүргізуші:
Мерекемен құттықтап,
Алыс-жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты.
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекелі сайысымыздың қатысушыларын марапаттау үшін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Маханова Гүлзатқа сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!Сау болыңыздар!