К?ру ?абілеті б?зыл?ан балалар?а арнал?ан дидактикалы? ойындар картотекасы


Тақырыбы: «А» әріпін тап
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың білімін бекіту.
Шарты:алдарындағы карточкадан «А» әріпі бар суретті қоршау керек.
Тақырыбы: «Суретте қандай ертегі бейнеленген?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға сурет бойынша ертегінің атын атап,өз сөзімен әңгімелеп беруге үйрету.
Шарты:балаларға түрлі суреттерді таратып,сұрақ жауап арқылы ертегінің атын атап,мазмұнын айту.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды ажыратуға үйрету,тактильді көруін түзету.
Шарты:алдарындағы карточкадағы жемістер мен көкөністерді екі себетке бөлу қажет.
Тақырыбы: «Нан қайдан шығады?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «нанның» қадірін түсінуге,қастерлеуге тәрбиелеу.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттерді дұрыс кезекпен орналастыру керек.
Тақырыбы: «Күн тәртібінің ретін көрсет»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға күн тәртібінің ретін түсіндіру,сақтау қажет екенін ұғындыру.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттерді таңнан кешке дейін ретпен орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Достық көмек»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды достыққа,татулыққа тәрбиелеу.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттерді қарап,әңгіме құрастыру.
Тақырыбы: «Шыршаны безендір»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға шырша мерекесі жайлы,оны әшекейлеу жолдарын үйрету.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттен шыршаны қалаулары бойынша бояумен,мақтамен,пластилинмен әртүрлі әдіспен әшекейлеу.
Тақырыбы: «Пішіндерді теңестір»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға «пішіндерді» ажырата білуге,топтастыруға,теңестіруге үйрету.
Шарты:екіге бөлінген карточкада пішіндер бейнеленген,соларды санап,жетпегенін өздері қосу керек.
Тақырыбы: «Сана»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға «сан» ұғымын түсіндіру,санау ретін үйрету.
Шарты:алдарындағы карточкадағы заттарды санау,ретімен орналастыру керек.
Тақырыбы: «Көңіл-күй»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға көңіл күйдің өзгеруі жайында түсіндіру,денсаулыққа әсері жайлы айту.
Шарты:алдарындағы карточкадағы балалардың көңіл күйін өздері жеткізу қажет.
Тақырыбы: «Күннің көзі ұйықтайды»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды сәйкес келетін геометриялық пішінді табуға үйрету.
Шарты:Балалар күннің көзі шаршады,демалу керек.Күннің көзі тұратын әйнектерін жабыңдар!
Тақырыбы: «Сұлбасы бойынша ата»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды жасырылған заттарды табуға үйрету,қызығушылықтарын ояту.
Шарты:Балалар карточкадағы суреттердің не екенін қарап айтуы тиіс.
Тақырыбы: «Жартысын тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды заттардың бөлігін табуға үйрету.
Шарты:Берілген карточкадағы жарты суреттің не екенін айтып,суреттің бөлігін салып,бояу тиіс.
Тақырыбы: «Пішіндерді ата,боя»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалар геометриялық пішіндерді атауға және суреттеуге үйрету.
Шарты:Балаларға карточкалар беріліп,пішіндерді,олардың түсін атап,бояуы керек.
Тақырыбы: «Жануарларға үйлерін табуға көмектес»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға жануарлардың үй және жабайы түрлерін білуге үйрету.
Шарты:берілген карточкадағы жануарларды:жабайы жануарларды дала,үй жануарларын үй тұрған суретке сәйкестендіру.
Тақырыбы: «Сөйлем құрастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға толық сөйлем құрастыруға,еркін сөйлеуге үйрету.
Шарты:Балалардың алдына ұсынылған суреттерге қарап,сөйлемдер құрастырады.
Тақырыбы: «Пейзаж неден тұрады?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды пейзаж түрлерімен таныстыру.
Шарты:көп суреттердің арасынан пейзаж салу үшін қандай заттар немесе суреттер қажет екенін табуы тиіс.
Тақырыбы: «Натюрморт неден тұрады?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды натюрморт түрлерімен таныстыру,басқа жанрлардан түрлерімен салыстыруға үйрету.
Шарты:натюрморт салу үшін қажет суреттер мен заттарды қалтаға салу қажет.
Тақырыбы: «Шамдарды сөндіреміз»
Мақсаты:көз моторикасын дамыту,көру назарын,функцияларының белсенділігін,көз амблиопиясын дамыту.
Шарты:Балаларға әйнектерді «сөндіру» ұсынылады, әйнектерді фишкалармен жабу. Сары түсті әйнекті сөндіреміз, қызыл түсті жағамыз.
Тақырыбы: «Мамандықтар»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың мамандықтар жайлы білімдерін кеңейту.
Шарты:Балалар мамандық иелерінің немен айналысатыны жайлы айтып,суреттерді орналастыру керек.
Тақырыбы: «Әңгіме құрастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың сөздік қорын байыту
Шарты:Балалар алдарындағы суреттерге қарап,әңгіме құрастыру керек.
Тақырыбы: «Ұлдар мен қыздардың ойыншықтары»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды ұлдар мен қыздардың ойыншықтарын ажырата білуге үйрету.
Шарты:Балаларға түрлі суреттерді таратып,сұрақ жауап арқылы ойыншықтар туралы түсініктерін анықтау.Қыздардыкін бөлек,ұлдардыкін бөлек орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Буынға бөл»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды «буын» түсінігімен таныстыру,бөлуге үйрету.
Шарты:Балаларға түрлі суреттер ұсынылып,алдарындағы карточкадағы сөздерді буынға бөлуі тиіс.
Тақырыбы: «Киімдерді ата»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды киімдерді ажыратуға,есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты:Балаларға киім кешек үлгілерін таратып,олардың атын атап,қай кезде киетіні жайлы сұрау.
Тақырыбы: «Тамыры мен сабағы»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға көкөністер мен жемістердің құрылысын түсіндіру.
Шарты:Балалар көкөністердің тамыры мен сабағын байланыстырып,бейнелеу керек.
Тақырыбы: «Геометриялық лото»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың геометриялық пішіндерге байланысты білімдерін бекіту.
Шарты:Беілген карточкадағы пішіндерді орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Дәл сонша затты тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды 1-10 дейінгі сандарды ретімен білуге үйрету.
Шарты:саны жазылған карточкаға сай заттарды орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Кім көбірек көреді?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың пішіндерді ажыратып,көрген пішіндерін естеріне сақтауды үйрету.
Шарты:тақтаға пішіндер ілініп,балалардың көздері жабылады,бір пішін алынады,жетпегенін айту керек.
Тақырыбы: «Дұрысын тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың мамандықтар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Шарты:мамандықтар бейнеленген карточкаға олардың құралдарын орналастырады.
Тақырыбы: «Не ішеміз,не жейміз?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың денсаулыққа пайдалы тағамдарды жеп,ішу дағдыларын қалыптастыру.
Шарты:карточкадағы жейтін тағамды көк түспен,ал ішетін сусынды қызыл түспен белгілеу қажет.
Тақырыбы: «Қайсы темір,шыны,ағаштан жасалған?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың темір,шыны,ағаш заттарды ажыратуға үйрету.
Шарты:темірден көк,шыныдан қызыл,ал ағаштан жасалған заттарды сары түспен белгілеу.
Тақырыбы: «Не,қайда өседі?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың көкөністер мен жемістер жайлы білімдерін кеңейту.
Шарты:карточкадағы жемістер мен көкөністерді жердің астында өсетін түрлерін жасыл түспен,жердің үстіне шығатындарын қызыл түсті қарындашпен қоршау қажет.
Тақырыбы: «Қандай ағаштың жапырақтары?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға жапырақтардың түрлеріне байланысты өзгешелігін түсіндіру.
Шарты:карточкада берілген жапырақтардың қай ағаштан екенін айтуы тиіс.
Тақырыбы: «Кім немен қоректенеді?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың жануарлардың қорегі жайлы әңгімелесу.
Шарты:ә баланың алдына карточка беріледі,бір жағында жануарлар,келесі жағында қоректері орналасқан.Сызықша арқылы қосуы керек.
Тақырыбы: «Ұша ма,жүзе ма?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың білімін бекіту.
Шарты:карточкадағы ұшатын заттарды қызыл,ал жүзетіндерді көк түспен қорша.
Тақырыбы: «Сұлбасы бойынша ата»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды жасырылған заттарды табуға үйрету,қызығушылықтарын ояту.
Шарты:Балалар карточкадағы суреттердің не екенін қарап айтуы тиіс.
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды көкөністер мен жемістерді ажыратуға үйрету.
Шарты:Балалар карточкадағы жемістер мен көкөніс түрлерін жәшіктерге орналастырады.
Тақырыбы: «Кім көп түстерді біледі?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды түстерді ажыратуға үйрету.
Шарты:Балалар карточкадағы суреттерді түске сай орналастырады.
Тақырыбы: «Домино»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды қызықтыра білу,ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты:Балалар өздеріне түскен доминоны біріктіреді.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер лотосы»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың жемістер мен көкөністерді ажыратуға үйрету.
Шарты:Балалар карточкадағы жемістер мен көкөністерді орналастырады.
Тақырыбы: «Жұбын тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды жасырылған заттарды табуға үйрету,қызығушылықтарын ояту.
Шарты:Балалар карточкадағы суреттердің жұбын табады.
Тақырыбы: «Өз үйіңді тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды түсіне және пішініне назар аударуға үйрету.
Шарты:Балалар алдарындағы үйлерде қандай пішін жетіспейді,соны орналастырады.
Тақырыбы: «Сандар лотосы»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды сандарды тануға үйрету.
Шарты:сандарды табуы тиіс.
Тақырыбы: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларын бөл»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың жануарлар түрлерін ажыратуға үйрету.
Шарты:Балалар карточкадағы жануарларды үй,жабайы түрлеріне бөлуі тиіс.
Тақырыбы: «Түсіне қарай орналастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды түстерді ажыратуға үйрету.
Шарты:Балалар алдарында тұрған түске сай,түсі бірдей заттарды орналастырады.
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды жыл мезгілдерінің өзгеруіне назар аударуға үйрету.
Шарты:Балалар жыл мезгілдеріне сай ерекшеліктерді орналастыруы қажет.
Тақырыбы: «Суретшінің қатесін тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды суреттегі қателікті табуға үйрету.
Шарты:Балалар карточкадағы суретшінің қатесін табуы тиіс.
Тақырыбы: «Қандай қорапқа?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: заттарды түсіне сай қорапқа орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Ғажайып қалта»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың зейінін ояту.
Шарты: көздері жұмулы,ғажайып қалтадағы заттарды сипап сезуі қажет.
Тақырыбы: «Сипаттамасы бойынша тап»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау қабілетін тексеру.
Шарты:тәрбиеші бір затты сипаттайды,балалар не екенін тауып,суретін көрсетеді.
Тақырыбы: «Кім шақырғанын тап?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың дыбыстарды ажыратуға үйрету.
Шарты:ән қосылып,әртүрлі дыбыстар қосылады.Мысалы:әже өлең айтады!Олар кімнің дауысы екенін айтады.
Тақырыбы: «Тұтас затты құрастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды бөлшектен бүтін шығаруға үйрету.
Шарты:Балалардың алдына бөліктер жатады,олар бүтін сурет құрастыруы қажет.
Тақырыбы: «Топтастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды ортақ заттардың аттарын атауға үйрету.
Шарты:Балалар карточкадағы заттардың ортақ атын атау керек.
Тақырыбы: «Не артық?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға сурет бойынша артық заттарды табуға үйрету.
Шарты:Балаларға түрлі суреттер таратылады,олар артық заттарды атайды.
Тақырыбы: «Кімге қандай киім керек?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «киім» жайлы түсініктерін кеңейту.
Шарты:Балалар қыздар мен ұлдардың киімдерін тауып,сызықпен қосады.
Тақырыбы: «Таяқшалардан үшбұрыш құрастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «үшбұрыш» жайлы түсініктерін кеңейту.
Шарты:Балаларға таяқшалар таратылады,олар үшбұрыш құрастыру керек.
Тақырыбы: «Жартысының суретін сал»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың зейінін дамыту.
Шарты:Балалардың алдына суреттер қойылады.Олар жартысын салып бояу керек.
Тақырыбы: «Үшбұрыштан шаршыны құрастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «үшбұрыш», «шаршы» жайлы түсініктерін кеңейту.
Шарты:Балаларға үшбұрыш пішіндері таратылады,олар шаршы құрастыруы тиіс.
Тақырыбы: «Аққала мен күннің көзінің сүйікті түстерін ата»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «түстер» жайлы түсініктерін кеңейту.
Шарты:Аққалаға тек қана суық түстер ұнайды,сондықтан оған суық түстерді қоямыз.Ал Күннің көзі ыстық,жылы түстерді ұнатады.
Тақырыбы: «Сурет бойынша экзотикалық жануарларды ата және боя»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға сурет бойынша жануарларды ажыратуға үйрету.
Шарты:Балаларға суреттер таратылып,сұрақ жауап арқылы экзотикалық жануарлар туралы түсініктерін анықтау.
Тақырыбы: «Әріптер мен сөздер»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды әріптерге байланысты сөздер құрастыруға үйрету.
Шарты:алдарына берілген карточкадағы әріптерге байланысты сөздер құрастыру қажет.
Тақырыбы: «Ретімен орналастыр»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «рет» жайлы түсініктерін кеңейту.
Шарты:Балаларға берілген суретте балалар ең алдымен не істейді,соны ретімен орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Төлдерін табуға көмектес»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың жануарлар мен олардың төлдерінің маңызы жайлы түсіндіру.
Шарты:суреттегі жануарлар мен төлдерін сызықша арқылы қосады.
Тақырыбы: «Іс әрекетімді қайтала»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың денсаулығын түзету.
Шарты:Балаларға ұсынылған карточкадағы балалардың іс әрекетін қайталауы керек.
Тақырыбы:«Үлкен және кіші пішіндерді ата»
Мақсаты: көру қабілеті бұзылған балаларға пішіндерді атап,үлкен-кіші өлшемдерін жетілдіру.
Шарты:пішіндерді атай отырып,үлкенін бір бөлек,кішісін бір бөлек жинақтау.
Тақырыбы:«Үйге жетуге көмектес»
Мақсаты: көру қабілеті бұзылған балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты:Балаларға суреттер таратылып,жануарлардың үйлерін табуға көмектесу керек.Қарындашпен қосады.
Тақырыбы: «Гүлді құрастыр»
Мақсаты: көру қабілеті бұзылған балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Шарты:балаларға берілген геометриялық пішіндерден гүлді құрастыру.
Тақырыбы: «Әуедегі шарлар»
Мақсаты: көру қабілеті бұзылған балаларды алты түспен таныстыру,жіптері бойынша шарларды табу.
Шарты:Әр баланың алдына жіптер салынған суреттер таратылады.Ал балалар сол жіпке шарларды тауып қоюы міндетті.
Тақырыбы: «Вагонды паравозға тірке»
Мақсаты: көру қабілеті бұзылған балаларға түстерді айыра білуге үйрету.Бірдей түстерді таңдау дағдысын тексеру.
Шарты:балалар паравозбен вагондарды қарап олардың түстерін айтады.