Конспекты по информатике М?тінді пішімдеуді? негізгі т?сілдері (6 сынып)


Сынып: 6 «А», «К»
Мерзімі: 22.01.15ж.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдеріСабақтың мақсаты: оқушылардың мәтінді теру, редакторлау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: пернетақтада жоқ символдарды мәтінге қоюдың тәсілдерін, регистрда өзгерту мүмкіндігін пайдаланып, мәтінді қаріппен рәсімдеуді.
Оқушылар үйренуі тиіс: пернетақтада жоқ символдарды пайдаланып, мәтін теруді, процессордың барлық мүмкіндіктерін қолданып мәтінді рәсімдеуді.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, тапсырмалар
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
§16 бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін мынадай берілген сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Слайдта берілген терезе қай программаның терезесі?
Microsoft word - бұл .........................
Microsoft word қалай іске қосамыз?
Microsoft word –тың терезе элементтері
Құжатты сақтау әрекеті қалай орындалады?
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әрекеттерді
орындауға болады?
Қайсысы мәтіндік редактор емес?
IV Алдын ала дайындық жүргізу
MS Word процессоры экранынан оқушылар білімін тексеру мақсатында бос жолма-жол ескертулерді шығару.
V Оқушылардың білімдерін тексеру
Оқушыларға MS Word экраны шығарылған парақтар таратылады. Оқушылар толтыру үшін экран басылымында шығарылымдар бос болуы керек. Тапсырманы орындау үшін 5-7 минут уақыт беріледі.
VІ Білімді өзектендіру
Пернетақта батырмасының қызметін көрсету ұсынылады. Бір оқушы батырманы атайды, екіншісі оның қызметін түсіндіреді. Оқушылар рөлдерімен ауысады. Келесі оқушылар жұбы тағы екі батырманың қызметін еске түсіруге көмектеседі. Осылайша барлық батырманың қызметтері еске түсіріледі.
Оқушыларға тәжірибелік тапсырма орындау ұсынылады: өздеріңе ұнайтын төрт жол өлеңді әр жолының қарпі бір-бірінен өлшемімен, жазылуымен ерекшеленетіндей етіп жазып шығыңдар. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың мәтінді пішімдеу және редакторлау дағдысын игергендігі туралы қорытынды жасалады. Сабақтың тақырыбы жарияланады.
VІІ Жаңа сабақты оқып-үйрену
Келесі кезеңде оқушылар мәтін параграфын қарап, қандай жаңа білім алғандықтарын анықтайды. Қаріп пен абзацты және пішімдеудің барлық болуы мүмкін өзгерістерін оқушылар өз компьютерлерінде іске асырады.
Жаңа сабақты бастамас бұрын тағы да мәтіндік редактордың іске қосу әрекетін еске түсірейік: Microsoft Word-ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.
Пуск – Программы – MicrosoftWord

Пішімдеу панелі

Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:
Әр түрлі шрифттерді пайдалануҚұжат өрісінің шекараларын өзгерту (оң жақ, сол жақ, жоғары, төменгі өрісі)
Мәтінді бағандарға бөлуСимволдың, обзацтың, беттің сипатын тағайындау
Символдарды кірісті
СтильШрифт атыШрифттің номері20701016129000

- Нөмірлеу- Маркер қою- Түспен бояу- Шрифттің түсі

Пішімдеуге арналған пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациясы Форматтау кезіндегі әрекеттері
<Ctrl> + <I> Курсив (К)
<Ctrl> + <U> Асты сызылған (Ч)
<Ctrl> + <B> Жартылай қарайтылған (Ж)
<Ctrl> + <E> ортасына
<Ctrl> + <L> Сол жақ шеті бойынша
<Ctrl> + <Z> Оң жақ шету бойынша
<Ctrl> + <J> Ені бойынша (екі жақ шетінен)
Ерекшелеу құпиясы
Сөзді ерекшелеу Сөзде маусты екі рет шерту
Сөйлемді ерекшелеу Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің
кез келген жерінде маусты бір рет шерту керек.
Абзацты ерекшелеу Үш рет басу керек.
Бүкіл құжатты ерекшелеу Ctrl +A пернелерінің комбинациясын басамыз немесе Правка менюінен Выделить все командасын орындаймыз.
VІІІ Бекіту
Оқушылар таңдап алған деңгейлері бойынша тапсырма орындайды.
С деңгейі тапсырмасының жауабы:
38*203-75=7639
ХХХХХХХееееее∩∩∩ǀǀǀǀǀǀǀǀǀ
Мынадай ойын арқылы сабақты бекіту:
1.Сиқырлы шарлар / Пішімдеу панелінің батырмаларын тап? (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!) /
2. Асқабақтарды жина! /Мәтінді туралайтын батырмалардан тұратын асқабақтарды жина!/
Шрифт номеріБасып шығаруМаркер қоюШрифт түсіҚиып алуМәтінді көшіруМәтінді сақтауМәтінді қисайтуЖаңа парақ ашу Ортасы бойымен туралауОң жақ шетімен туралауАстын сызып, туралауЖай ғана туралауТуралап, жантайтуСол жақ шетімен туралауОң және сол жақ шеттерімен туралауҮстінгі сызық бойынша туралауАстыңғы сызық бойынша туралау
VI. Сергіту жаттығулары (2 мин) Көзге арналған электрондық жаттығулар
ІХ Қорытындылау
Балалар! Бүгін сендермен бірге өткен тақырыптарды – мәтінді сауатты теруді, оны пішімдеу мен редакторлауды қайталадық. Мәтіндік процессорда жұмыс істеудің жаңа тәсілдерімен таныстық (оқушыларға жаңадан алған түсініктерін қайталап айтып беру ұсынылады).
Оқушылардың бағасын қою.
ІІ Үй тапсырмасы
Сыныпта бастаған жұмысты аяқтау, оқулықтың §17-ны оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Тексеру кілті:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
B A C D B D C A B D