?азіргі заман?ы с?ндік ?олданбалы ?нер (4 сынып)


Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнер Сабақтың мақсаты:1)Қазақ қыздары мен ұлдарының сәндік қолданбалы өнерін оқушыларға көрсетіп,таныстыру.2)Білгендерін жетілдіріп,білмегендерін үйрету. Топ басшылар: 1-топ:Мұсахан Әсем; 2-топ:Қуанышбай Наргиз; 3-топ:Болатбек Гауhар. Топтың аттары: 1-топ:Ою өрнек; 2-топ:Сәндік қолданбалы өнер; 3-топ:Натюрморт. Кезеңдер: 1)Топ басшылар көпірі, 2)Салғыштар; 3)Адасқан сөздер; 4)Қортынды. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес,эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі.Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелегін айта аламыз. Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады:ағаш,сүйек,тас,әйнек,табиғи немесе жасанды заттар.Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді.Мысалы:алтынмен,күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. жұмыстар. Сәндік қолданбалы өнер кескіндеме және мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:керамика(терракота,майолика,фаянс, фарфор),әйнек(ыдыстар,құмыра,құрылыс бөлшектері,мозаикалар),көркем оймыш(ағаш,тас,сүйек,пластмасса),металдан жасалған көркемдік бұйымдар(зергерлік бұйымдар,үстел үсті мүсіндері,жарық беретін құралдар,т.б.)жиһаздар,текстиль(сәндік маталар,кілемдер),ойыншықтар. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы:1.Нұсқалы ою немесе ойма(гравировка);2.Оймалық немесе тереңдетілген ою; 3.Биік рельефті ою;4.жазық рельефті ою; 5.Жарма,қиық немесе селдір ою; 6.Көлемді ою немеседе мүсіндеу. Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқының рухани мұраларының бірі  қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады [6;5]. Екснікеедм Зжапйе Лескфре Ллжако Нмуемотн Кмопзоцияи Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б.Сапарұлының «Адалбақан» кітабында жақсы айтылған: «Көшпелілер қайталанбас сын-сипаты мен мейлінше қарапайым қолданысы бар қолөнер бұйымдарын аспан асты – жарық дүниеге келтірді. Қолданды. Қайта әсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты… Тайпа, ұлыс, халық қолөнері сабақтаса дамыды. Көшпелі тіршілік барда қайран бабам қолөнері көзіне құрт түспеген» [8; 31]. Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады[1;8 Назарларыңызға рахмет