Презентация по ИЗО ?азіргі заман?ы с?ндік ?олданбалы ?нері


Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау. Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту.Тәрбиелік: Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнерді түсіндіре отырып, оларға кәсіби бағдар беру.Топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар: зергерлік бұйымдар, ою-өрнектер т, б.Сабақтың типі: Сайыс сабақСабақтың түрі: Ұлттық бағдар,топпен жұмыс.Әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгіме, суреттер салу, сөзжұмбақ шешу. Сабақтың барысы1. Ұйымдастыру кезеңіа) Сәлемдесуә) Оқушыларды түгелдеуб) Сабаққа даярлығын тексеруг) Сыныпты 4 топқа бөлу. 2. Өткен сабақты пысықтау- Қане, айта қойыңдаршы, сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер?Ағаш өңдеуКиіз басуТоқымаҚұрақ құрауШи тоқуТері өңдеуСәндік қолданбалы өнерТігін өнеріКерамикаСырмақ сыруЗергерлік бұйымдарОю-өрнек- Ал осы қолөнерімен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?ҚолөнерҰстаЗергерІсмерШебер1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам.2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам.3. Шебер – ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам. Шебер1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам.2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам.3. Шебер – ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам. 3. Жаңа сабақа) БаяндауБүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары.Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді. Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде.Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр.Оңтүстік Қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз, кілем, алаша, басқұр, баулар тоқиды.Өзіміздің Қызылорда облысы бойынша қолөнерімен айналысатын көптеген шеберлер бар. Олардың қолынан шыққан бұйымдары республикалық тіпті шет мемлекеттердің де көрмелеріне қойылған.2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында Республикалық қолөнер шеберлері мен суретшілерінің симпозиумы болып өтті. Сол кезде де жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары тамашалаған қонақтарды тәнті еткен болатын. Мысалы: ұста-Құлмамбетов Құдайберген, шебер-Қалназаров Борис, зергерлер-Абдуханов Зейнолла, Жақыпов Бекзат, ісмер-Рамазанова Гүлнар, т, б. шығармалары. Топпен жұмыс Оқушылар топтық тапсырманы орындайды.1-тапсырма «Ою-өрнек» құрастыру.Түрлі түсті қағаздардан әр түрлі оюларды құрастыру және атын анықтау 2 -тапсырма «Тапқырлық». Әр ұлттың ұлттық киімдерін сәндеу. 3 -тапсырма «Композиция». Геометриялық денелерден әшекей бұйымдар құрастыру. Сергіту сәті. 4- тапсырма Оқушы шығармашылығынан.(Сөзжұмбақ) 4. Жаңа сабақты бекітуСөзжұмбақ беріледі. Әр қатардағы сөздер дұрыс табылса, тігінен «Сәндік қолөнер» деген сөз тіркесі шығады.1. Ұлттық киімдер мен бұйымдар тігетін адам2. Қазақ қыздарының бас киімі3. Суретті тықыр кілем4. Батырдың бас киімі5. Жүннен жасалған бұйым6. Аң терісінен жасалған ерлер киімі7. Мата қалдықтарынан құрастырылып тігілген бұйым8. Теріден жасалған сусын құятын ыдыс9. Төсеніш бұйым10. Ұста құралы11. Тоқылып жасалған зат салғыш бұйым12. Әшекей бұйымдар жасайтын адам13. Ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам  ісмерсәукелегобелендулығаішіккиізқұрақтоқымаалашакөрікқоржынзергершебер 5. Қорытынды«Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің шарықтауына қосқан үлесіміз деп білейік.Оқушылар еңбегін бағалау, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтауҮйге тапсырма беру 1. Жұмысты аяқтау.