Спектрді? ультрак?лгін ж?не инфра?ызыл б?ліктері.


Дәріс №10
Курс тақырыбы: 15.2 Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері
Сабақ тақырыбы: №10. Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері.
Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80" \o "Спектр"спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400—10 HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80" \o "Нанометр" нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электромагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400—320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F" \o "Фотохимия"фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріні "тотықтырады" (секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D0%BC%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0" \o "Атмосфера"атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9F%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Протоплазма (мұндай бет жоқ)"протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.
Тарихы
Инфрақызыл сәуленің анықталғанынан кейін, неміс физигі Иоганн Вильгельм Риттер спектрдің қарсысындағы, күлгін түстен толқын ұзындығы қысқа сәулені зерттеуді бастады. 1801 жылы көрінбейтін ол жарықта ыдырайтын күміс хлориді күлгін ауданның шекарасынан тыста орналасқан көрінбейтін сәуле әсерінен тезірек ыдырайтынын байқады. Күміс хлориді жарықта бірнеше минут ішінде күңгірттенеді, ал спектрдің әр бөлігі процесс жылдамдығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Күлгін түске дейінгі ауданда бұл процесс ең тез байқалады. Сол кезде көпртеген ғалымдар жарық үш компоненттен құралады деген тұжырымға келді: тотықтандыратын (инфрақызыл), жарықтандыратын (көрінетін жарық) және тотықсыздандыратын (ультракүлгін).
Адам ағзасына әсері
Спектрдің 3 әр түрлі бөлігінде сәулеленудің биологиялық эффекті әр түрлі болғандықтан, биологтар өз ісінде ең маңызды деп келесілерді атайды:
Жақын ультракүлгін, УКА сәулелер (UVA, 320-400Нм)
УК-В сәулелер (UVB, 290-320Нм)
Алыс ультракүлгін, УК-С (UVC, 40-290Нм)
Инфрақызыл сәуле – көрінетін жарықтың қызыл бөлігі (0,74 мкм) мен қысқа толқынды радиосәуленің (1 – 2 мм) арасындағы спектр аймағына орналасқан электрмагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын, газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір бөлігін құрайды.

Кез келген жылы зат инфрақызыл сәуле шығарады.
Инфрақызыл сәулелер - HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD_%D2%B1%D0%B7%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B" \o "Толқын ұзындығы"Толқын ұзындығы 760 нм-ден 2 мм-ге ( λ = 0,74 мкм ) және (λ ~ 1—2 мм) дейінгі аралықта жататын электромагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын, газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір бөлігін құрайды. Инфрақызыл сәулелер HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%B8%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%81%D0%BF%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80" \o "Электромагниттік спектр"электромагниттік толқындар шкаласында HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%BE%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Радиотолқындар"радиотолқындар мен көрінетін жарық арасындағы бөлікті алып жатады. Инфрақызыл сәулені 1800 жылы ағылшын ғалымы В.Гершель ашты.
Жалпы сипаттамасы

Иттің инфрақызыл сәуле шығаруы
Инфрақызыл сәулелерінің табиғаты көрінетін жарық табиғатымен бірдей. Инфрақызыл сәулелерінің спектры жеке сызықтардан, жолақтан немесе тұтас болып келеді. Қозған атом немесе ион сызықты спектр шығарса, қозған молекула жолақ спектр шығарады. Қызған қатты немесе сұйық денелер тұтас спектрлі инфрақызыл сәулелер шығарады. Күн сәулесінің 50 пайызы инфрақызыл аймақта жатады. Электр шамынан бөлінетін сәуле энергиясының 80 пайызға жуығы инфрақызыл сәуле болып келеді. Инфрақызыл сәуленің екі маңызды сипаттамасы бар:
толқын ұзындығы (тербеліс жиілігі)
сәуленің интенсивтілігі.
Инфрақызыл сәулелер толқын ұзындығына байланысты үшке бөлінеді:
жақын (0,75—1,5 мкм);
орташа (1,5 – 5,6 мкм);
алыс (5,6—100 мкм).
Инфрақызыл сәулелерінің әсері және қолданылуы

Инфрақызыл сәулелер көмегімен жасалатын диагностикалық термография
Кейбір заттар инфрақызыл сәулелер түскенде өзінің мөлдірлігінің сыну және шағылу коэффициенттерін өзгертеді. Көрінетін жарық түскенде мөлдір болатын кейбір заттар инфрақызыл сәуле түскенде мөлдір болмайды. Инфрақызыл сәулелер ғылыми-зерттеу жұмыстарында, криминалистикада, жердегі жәнеғарыштағы байланыс жұмысында, медицина саласында, фотографияда, жеміс-жидектерді құрғатуда, машиналарды тез кептіру ісінде, биология және мал дәрігерлігінде пайдаланылады.
Медицина саласында
Инфрақызыл сәулелер тері, артрит, ревматизм тәрізді ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Инфрақызыл сәулелер денеге енгеннен кейін температураны көтеріп, ол жерде ылғал бар болса, оны кептіріп жібере алады. Әсересе күйген жерде ылығалданып тұратын тері ауруларын емдеуде таптырмас құрал. Жалпы ифрақызыл сәулелерімен емдегенде олардың әсер еткен жеріндегі температураны көтеретін қасиеті пайдаланылады.
Адам немес жануарлар денесі шығаратын инфрақызыл сәулелерді суретке түсіру немесе тіркеу арқылыдиагностикалық термография жүзеге асып отыр. Инфрақызыл фотография көмегімен қан тамырларындағы, дененің тағы басқа да тұсындағы өзгерістерді суретке түсіруге болады.
Ауыл шаруашылығында
Инфрақызыл сәулелермен ауыл шаруашылығы өнімдерін кептіріп(бидайды, жеміс - жидекті), сонымен қатардезинфекциялауға болады. Бір қап бидайды 70 секунд ішінде 100°С-қа дейін қыздырғанда бидай әрі кебеді, әрі дезинфекцияланады.
Сүтті инфрақызыл сәулесімен өңдегенде оның құрамының өзгермейтіндігі және сүттегі микрофлораның түгел жойылып кететіндігі анықталған.Инфрақызыл сәуле шығаратын құралды "соллюкс" деп атайды. Соллюкс шамы әр түрлі қуатты инфрақызыл сәулелерін шығара алады.
Мал дәрігерлігінде
Жаңа туған бұзаулар мен балапандардың тіршілігінің алғашқы кезінде қолайлы температура тудыру үшін инфрақызыл сәулелерін пайдаланады. Жылыту барысында, сәуле импульстары орталық жүйке жүйесіне беріліп, дененің температурасын реттеп отыруға "басшылық" етеді. Осының нәтижесінде дененің қан айналымы арта түседі де, ағзаның сырқауға деген төзімділігін күшейтеді. Тері температурасының жоғарлауы ферменттердің қызметін арттыра түседі. Ферменттер белоктарды уақтай бастайды. Соның нәтижесінде қанда ұнтақталаған белок өнімдері пайда бола бастайды. Соған орай бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады.