Программа прикладного курса Тарихи фактілер мен деректер


«Қазан жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
Тарихи фактілер мен деректер
10-11 сыныптарға арналған қолданбалы курс
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрастырған: тарих пәнінің мұғалімі Жаксымбетова Сания Манатовна
2014 ж
Түсінік хат
Жалпы орта білім беретін мектептерде тарих оқу пәні ретінде барлық қоғамдық және гуманитарлық пәндердің негізі болып есептеледі. Ұлттық сана мен адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, тарих пәндердің оқытылуының дүниетанымдық негізі болып табылады. Бұл оқытылу пәні адамзаттың барлық тәжірибесін көрсетеді. Тарихты зерделеу нәтижесінде оқушы қоғамдағы өз орнын тауып, маңызды қоғамдық мәселелерді анықтап, оларды шешудің дұрыс жолын таба алады. Тарихи білім мен тәрбие алу оқушыларға өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін түсінуі үшін қажет білім, білік, дағдыларының қалыптасуына көмектеседі, тарихи танудың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады.
Қолданбалы курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік білім стандарты мен «Білім туралы» Заңына сай әзірленген.
«Тарихи фактілер мен деректер» қолданбалы курс бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сынып оқушыларына арналып жасалған, аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.
Тарихи білімнің мақсаты оқушылардың тарихи танымын, тарихи білімді құрмет тұту сезімін қалыптастыру, тарихи үрдістің логикасын түсіну, адамзаттың ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи жолын ашатын жүйелі тарихи білім алу.
Қолданбалы курс бағдарламасының мақсаты – Қазақстан тарихын терең зерттеуге көңіл бөлетін оқушылардың тарихты жан-жақты және тереі зерттеуін қамтамасыз ету.
Берілген курстың бағдарламасы тарихтың маңызды кезеңдері бойынша өзекті мәселелерді талдауына және терең тарихи сананы қалыптасуына ықпал етеді. Қолданбалы курс мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсуіне қажетті пән бойынша білімдерді толықтыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама курс мазмұнын меңгеруде материалды блокпен беру, тірек конспектілерін, компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқу үрдісін белсенді етудің рөлін ерекшелендіреді.
Сабақта қоланылатын әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық талдау, маңызды тарихи сұрақтардың жауабын табуда диалогті қолдану, ауызша сұрау, теориялық материалды меңгеруде өздік жұмыс, өзін-өзі тексеру және бақылау, әр түрлі деңгейдегі тесттік жұмыстар. Бұл қарапайымнан күрделіге қарай жүру арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеуге, мәліметті талдау, салыстыру, бағалау біліктерін дамытады.
Қолданбалы курс міндеттері:
Адамзаттың әлеуметтік, рухани-адамгершілік тәжірибесін, ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи жолын ашатын жүйелі тарихи білім алуына көмектесу;
Адам құқықтарынқұрметтеу және үздік адамгершілік дәстүрлерін меңгерген мақсатты-бағдарлы тұлғаны тәрбиелеу;
Тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құблыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;
Отаны мен халқының алдында жауапты жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
Түлектердің сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Қолданбалы курстың құрылымы:
Бағдарлама түлектердің дайыдығына қойылатын талаптарға с»йкес тарихи білім мазмұны келтірілген.
Күтілетін нәтиже: оқытудың инновациялық технологиясы негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады. Курс барысында оқушылардың білім еңгейін, оқу сапасын жоғарылату, алған білімдерін қолдана білу.
Бағдарлама келесі бөлімдерен тұрады:
1 бөлім. Ежелгі Қазақстан тарихы
2 бөлім. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер.
3 бөлім. Қазақстан тарихындағы монғол дәуірі.
4 бөлім. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан.
5 бөлім. Жаңа замандағы Қазақстан.
6 бөлім. ХХ ғасырдағы Қазақстан.
7 бөлім. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан.
Әр бөлім келесі тақырыптарға бөлінеді:
1 тақырып. Алғашқы қауымдық құрылыс.
2 тақырып. Қола дәуірі
3 тақырып. Ерте темір дәуіріндегі тайпа одақтары.
4 тақырып. Көшпелі тайпалар. Мемлекеттердің құрылуы.
5 тақырып. Ежелгі түркі дәуірі.
6 тақырып. Жаңа мемлекеттік құрылымдар – қағанаттар.
7 тақырып. Х-ХІІІ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
8 тақырып. Қазақстан тарихындағы моңғол дәуірі
9 тақырып. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан.
10 тақырып. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.
11 тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан.
12 тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы.
13 тақырып. ХІХ ғасырдағы Қазақ хандығы.
14 тақырып. Капитализмнің дамуының басталуы.
15 тақырып. Қазақстан саяси реакция және революциялық қозғалыстың өрлеу кезеңі.
16 тақырып. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
17 тақырып. Уақытша және Кеңес үкіметінің құрылуы.
18 тақырып. Қазақстан Қазан революциясы кезінде.
19 тақырып. Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы. «Әскери коммунизм» саясаты.
20 тақырып. Қазақстанның индустриялық дамуы.
21 тақырып. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
22 тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде.
23 тақырып. Соғыстан кейінгі Қазақстан.
24 тақырып. 70-80 жылдардағы Қазақстан.
25 тақырып. Қазақстан қайта құру кезеңінде.
26 тақырып. Тәуелсіз Қазақстан.
«Тарихи фактілер мен деректер» қолданбалы курссының мазмұны мен құрылымы
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
1 бөлім. Ежелгі Қазақстан тарихы
1тақырып. Алғашқы қауымдық құрылыс
Палеолит. Адамның пайда болуы. Адамның эволюциясы. Қазақстан территориясындағы алғашқы адам. Археологиялық ескерткіштер. Палеолит кезеңінің тұрақтары. Тас дәуіріінң хронологиясы. Шаруашылығы, баспанасы, мәдениеті.
Мезолит. Археологиялық ескерткіштер. Жетістіктері.
Неолит. Энеолит. Өңдеуші шаруашылықтың пайда болуы (егіншілік пен мал шаруашылығы), өнер, наным-сенімдері. Дуалдық құрылыстың пайда болуы және аналар үстемдігіне (матриархатқа) көшу. Аңшы топтардың арасына патриархалды қауымдық пайда болуы. Рулық қауымдардың тайпаларға бірігуі. Тігіншілік пен қыш ыдыстар жасау. Энеолит дәуіріндегі үлкен тұрақтардың пайда болуы (Ботай тұрағы), баспананың таралуы. Адамның рухани өмірі – тіл мен діннің амыу, күнге табынушылық және жерлеу рәсімдері..
2 тақырып. Қола дәуірі.
Бақташылық шаруашылық пен кетпендік егіншілік. Тайпалардың негізгі кәсіптері. Климаттың өзгеруі. Полиметалл кендерінің игеру. Металл өнімдерін шығару. Орталық Қазақстан – ежелгі металлургия ошағы. Қола әуіріндегі Сарыарқаның негізгі кезеңдері: Нұра, Атасу жәе Беғазы-Дәндібай. Қазақстан территориясының шаруашылық игеруі.
Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер. Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер: айырбастың кеңеюі және байлықты жинақтау мүмкіншілігінің тууы. Тайпааралық қатынастар мен қақтығыстардың күшеюі. Тайпа көсемдері институты. Патрономия – үлкен партиархалдық отбасы. Қола дәуірінің материалдық мәдениеті. Баспана мен кесенелер. Киім, зергерлік бұйымдары. Қыш ыдыстар жасау, өрнек салу. Таңбалы тас, Сынтас.
3 тақырып. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.
Сақ тайпалары және олардың Қазақстан территориясында қоныстануы. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың тарихына «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер кезеңі» және «скифтер кезеңі» терминдерінің қатынасы. Ерте көшпелілер туралы жазбаша деректер мен археологиялық материалдар. Сақтардың этномәдени кеңістігіне кірген сақ тайпалары. Жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығына көшу және темір өңдеу. Шаруашылықтың экстенсивті түрі. Сақтардың шаруашылығы. Шөлейт жерлердегі көшпелі мал шаруашылығы және тұрмысы. Егіншілік. Отырықшылықтың кең етек алуы. Қала және қолөнер орталықтары. Көрші халықтармен сауда және айырбас. Скифтік үштіктің жоғары техникалық деңгейі: үзеңгі, қару-жарақ және аң стилі. Сақтардың қоғамдық құрылысы. Тайпалық одақтардың әскери-демократиялық сипаты.
Сарматтар. Археологиялық ескерткіштер. Саяси тарихы. Сарматтардың әлеуметтік-экономикалық дауы. Мәдениеті.
4 тақырып. Көшпелі тайпалар. Мемлекеттердің құрылуы
Хунну (ғұндар) атауына ие болған тайпалық одақтардың бірігуі. Шығыс Ғұн империясы (б.з.б. ІІ ғ.) өрлеу кезеңіндегі ғұн тайпаларының қоныстануы. Үйсіндер мен қаңлылар туралы ежелгі қытай деректері. Халықтардың ұлы қоныс аударуындағы ғұндардың рөлі. Хунну мен Қытай – «бейбітшілік пен туысқандық туралы келісім». Орта Азия территориясындағы ғұндар-эфталиттер. Еуразия тарихында ғұндар, үйсіндер мен қаңлылардың үлесі: жаңа мемлекеттердің құрылуы. Ғұндар қазақ халқының этногенезінде. Ғұндар тілік және антропологиялық сипаттамасы.
Ғұндардың шаруашылығы және ғұн қоғамының әлеуметтік құрылысы. Көшпелі мал шаруашылығы – шаруашылықтың негізгі түрі. Мал шаруашылығының көлемі және мал түрлері. Ғұндар, үйсіндер мен қаңлылардың отырықшыландыру және егіншілікпен айналсу аудандары. Суару жүйелері мен қонысардың іздері. Кәсіп пен қолөнер. Көрші елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынастары. Орталық билік, халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі: арақатынастар мәселелері. Бағындырылған тайпалар мен халықтар. Ғұндар, үйсінер мен қаңлылардың меншік құқығы мәселесі. Көшпелілердің әлеуметтік табиғаты жайындағы археологиялық ескерткіштер. Ғұн империясындағы көшпелі және отырықшы этноаймақтардың арақатынасы.
Үйсіндер. Қоныстануы. Қоғамдық құрылысы. Саяси тарихы. Мәдениеті. Археологиялық ескерткіштер.
Қаңлылар. Қоныстануы. Қоғамдық құрылысы. Саяси тарихы. Мәдениеті. Археологиялық ескерткіштер.
2 бөлім. Ерте орта ғаырлардағы мемлекеттер.
5 тақырып. Ежелгі түркі дәуірі.
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Б.з.І мыңжылдықтың ортасында Орталық Азиядағы үлкен этносаяси өзгерістер. Тарихи сахнада ежелгі түркі тайпаларының пайа болуы. Түркі мемлекеттерінің атауларының өзгеру себептер. Түрік қағанатының шекарасы.
Түрік қағанатының шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы егіншілік. Қалалар. Мұсылман тарихшыларында (әл-Джахаз) түркі мемлекеттерінің тұрмысының бейнеленуі. Кейбір көшпеліліердің табыстың негізгі көзі ретінде – соғыстар және шапқыншылықтар. Реформалардың орталық биліктің күшеюіне бағытталуы.
Шаруашылық мәселелерді шешудегі сауданың рөлі. Ежелгі түркі мемлекеттеріндегі табыстың негізгі көзі – Ұлы Жібек жолы. Соғдылық көпестер. Еуропаға жаңа сауда жолдарын іздеу себептері және византиялықтар мен түркілердің арасындағы әскери одақтың құрылуы.
Ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік құрылым, қоғамдық институттар - генезис және формалардың ұқсастығы. Әлеуметтік теңсіздік – бектер мен қара бұдұн. Қағанның билігі. «Он оқ бұдұн» жүйесі, оның әскери-әкімшілік сипаты. Мемлекеттің ішкіжәне сыртқы саясатындағы ақсүйектердің рөлі.
6 тақырып. Жаңа мемлекеттік құрылымдар – қаанаттар.
Түрік қағанатының ыдырау себептері. Батыс Түрік қағанаты. Шегу мен Тон билеушілері кезіндегі мемлекттің күшеюі мен гүлденуі. Алдыңғы Азия мен Закавказьеге жорықтар. Суй династиясы кезіндегі Қытайдың күшеюі. Шығыс Түрік қағанатының құлауы. Тәуелсіздік үшін күрес.
Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.тсаяси тарихы. Арабтардың шапқншылығына қарсы күрес. Талас шайқасы. Бұл шайқастың ежелгі түріктердің кейінгі этномәдени дамуындағы маңызы. R-көшбасшылық үшін күресте ұйғырлар, қаолұқтар мен қырғыздардың қосылуы. Орта және Орталық Азия тарихындағы қарлұқтар. Қарахан империясының құрылуындағы қарлұқтардың рөлі. Әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы. Ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялануы.
Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыз тайпаларының қоныстануы. Этникалық құрамы. Әлеуметтік құрылымы. Шаруашылығы және кәсібі. Саяси тарихы. Мемлекеттің ыдырауы.
Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қағанаттың әлеуметтік және қоғамдық дамуы. Этникалық құрамы және халқы. Қимақтардың шаруашылығы мен қолөнері.
Кейінгі орта ғасырларда жаңа мемлекеттердің құрылуы. Қарахан және Қарақытай мемлекеттері. Мемлекеттің әлеуметтік және саяси жағдайы. Этникалық құрамы және халқы. Мемлекеттің ыдырауы. Шаруашылығы. Егіншілік.
VІІІ-ХІІ ғғ. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Этникалық құрамы және халқы. Қыпшақтар мен Хорезм. Қыпшақтар мен Русь. Қыпшақтардың тарихи тағдыры. Наймандар мен керейіттер. Әлеуметтік және қоғамдық құрылыс. Шаруашылығы. Көрші тайпалармен қарым-қатынасы. Көші-қон.
7 тақырып. Х-ХІІІ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
Жалпытүрікі мәдени кешен. Дін:буддизм, манихейлік, несториан және иудаизм. Жазу, ғылым және әдебиет. Отырар кітапханасы әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Махмұт Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Әбу Райхан Бируни. Қалалық мәдениет. Сәулет өнері және құрылыс. Кесенелер, мешіттер, моншалар. Қалалардың дамуы.
3 бөлім. Қазақстан тарихындағы монғол дәуірі.
8 тақырып. Қазақстан тарихындағы монғол дәуірі.
Шыңғыс ханның түркі-монғол тайпаларын біріктіруі. ХІІ ғасырдың басындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдай. Басқарудың жаңа әкімшілік-территориалдық жүйесінің қалыптасуы. Монғолдардың өрлеуінің себептері. Ұлыстар. Жошы ұлысының қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы мәні .
Алтын Орда. Батысеуропалық саяхатшылардың (Плано Карпини, Гильом Рубрук, Марко Поло) суреттеуіндегі Алтын Орда көшпелілерінің шаруашылығы. Монғол ақсүйектерінің арасындағы бағындырылған жерлерде жүргізілетін саясат жайындағы пікірталастар. Жетісудағы отырықшылық мәдениет мен қалалардың тоқырау себептері. ХІҮ ғ. басындағы қалалар мен сауданы қолдау жөніндеғы шағатай билеушілерінің саясаты.
9 тақырып. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан.
Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан. Алтын Орда халқының тілдік және антропологиялық классификациясы. Түркі халықтарының монғолдардың Батыс және Шығысқа жаулап алушылық саясатына көзқарастары. Жошы ұлысына, кейін Алтын Орданың құрамына кірген халықтар мен тайпалар. Ұрыс хан. Әмір Темір. Тоқтамыстың Әмір Темірге қарсы күресі. ХІҮ ғ. соңындағы Мәуереннахр әскерінің Алтын Ордаға қарсы жорықтары. Соңғы ұлы көшпелілер державасының ақыры.
ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда (ХІІІ-ХҮ ғғ.). Құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайы. Әмір Темір жорықтары.
Моғолстан (ХІҮ ғ. ортасы-ХҮІ ғ.). Құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайы. Ішкі және сыртқы жағдайы. Шаруашылығы.
Әбілқайыр хандығы (1428-1468 жж). Мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. Саяси тарихы. Құлау себептері.
Ноғай Орасы (ХІҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ.). Құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайы.
Батыс Сібір хандығы (ХІІ-ХҮ ғғ). Құрылуы. Саяси тарихы. Экномикалық жағдайы.
ХІҮ-ХҮ ғ. Қазақстан территориясындағы этникалық үдерістер. Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақ жүздері. «Қазақ», «алаш», «жүз» этнонимдері.
4 бөлім. Кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан.
10 тақырып. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.
Қазақ ханығының құрылуының алғышарттары. Құрылу себептері. Жәнібек мен Керей ХҮ ғ. екінші жартысындағы қазақ хандарының саясаты.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы. Қасым ханның саясаты. Хандықтың гүлденуі. Ішкі және сыртқысаясаты. Қасым ханның заңдары. Хақназар тұсындағы Қазақ хандығы. Жерлерді қайтарып алу. Хақназар хан – халық аңыздарында қазақ жерін біріктіруші ретінде. Орта Азиядағы Тәуекел ханның, Есім ханның саясаты.сыртқы саясат. «Жеті Жарғы». ХҮІ ғ. 60-жж. Самарқан мен Бұхараға қазақ әскерлерінің жорығы. Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы. Ташкентте дербес билеушісі – қазақ ханы Тұрсын. ХҮІІ ғ. 30-жж. Халықаралық жағдай.
Қоғамдық құрылыс. Қазақ хандығының экономикасы және мәдениет. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақ қоғамының таптық бөлінісі. Салықтар мен міндеткерліктер. Саяси-әкімшілік құрылымы. Экономикасы. Қалалардың амуы. ХҮ-ХҮІІ ғғ. сәулет ескерткіштері. Қазақтарың қолданбалы өнері. Рухани мәдениет. Әдебиет. Халық ауыз әдебиеті. Әдет-ғұрыптар, дін.
5 бөлім. Жаңа замандағы Қазақстан.
11 тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан.
ХҮІІ ғ. соңы мен ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан. Қазақ – жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» себептері мен салдарлары. Орта Азиядағы экономикалық және саяси беделінің төмендеуі. ХҮІІІ ғ. ортасындағы Қазақ хандығының күшеюі. Орта Азиядағы мемлекеттің сыртқы саясаты. Шекараларың кеңейтілуі.
ХҮІІІ ғасырдың басындағы шаруашылық мәселелер. Сауда серіктестерін іздеу – Ресейге жолданған қазақ елшіліктері. Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынас орнатудағы орыстардың қызығшылығы. Ресейдің бекіністер салуы. Шекаралас территориядағы әскери және сауда – экономикалық қатынастардың күшеюі. Орынбор қаласының салынуы. Қазақ-орыс сауда қатынастары. Қазақтардың көшпелі шаруашылығының орыс нарығына тәуелділігі. Отырықшыландыру.
12 тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы.
Қазақтардың қоғамдық құрылысы. Әлеуметтік құрылым және шаруашылықтың негізгі түрі. Мал – қоғамдағы әлеуметтік орынның өлшемі ретінде. Абылай ханның сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Мемлекет істеріндегі қоғамдық көзқарастардың негізгі бағыттары. Мемлекет істеріндегі қоғамдық көзқарастардың негізгі бағыттары. ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы хандық биліктің әлсіреуі. Қазақ қоғамының ішкі дағдарысының күшеюіндегі Ресейдің рөлі.
ХҮІІІ ғасырдың соңындағы халық наразылықтары. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілістері. Көтерілістің негізгі себептері. Кіші жүздегі жер мәселесінің шиеленісуі. Патшаның жергілікті халықтың жерлерін тартып алуының басталуы. Отаршылдық саясаттың тереңдеуі. Нұралының хандық биліктен алыстатылуы. Барон О.А.Игельстромның реформалары. Көтерілістің кеңеюі. Сырым Датұлы мен Есім ханның қарама-қарсылығы. Есім ханның өлімі. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы. ХҮІІІ ғасырдағы жыр-толғаулар. Бұқар жырау, Үмбетей, Ақтамберді, Тәттіқара т.б. шығармашылығы. Қазақ қоғамындағы жыраулардың орны. Қазақ фольклоры. ХҮІІІ ғасырдағы қазақтардың діни наным-сенімдері. Жазбаша әдебиеттің таралуы.
13 тақырып. ХІХ ғасырдағы Қазақстан.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстанның ХІХ ғасырда болған саяси, шаруашылық және қоғамдық өміріндегі өзгерістер. Қазақ қоғамына енген жаңалықтар. Кезеңнің негізгі сипаттамасы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының Жарғысы» және Орта жүз территориясындағы ішкі және сыртқы округтардың құрылуы. Болыстар мен ауылдардың құрылуы. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының Жарғысы».
Қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталуы. Ұлы жүздің қосылуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанағы Ресейдің саясаты. Қосылудың аяқталуы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жер шаруашылығының дамуы. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты. Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аумақтарындағы дәстүрлі суару жүйесі. Ірі мал басының көбеюі. ХІХ ғ. екінші жартысындағы тауар-ақша қатынасы. Қазақстан территориясындағы қалалардың өсуі және өндірістің дамуы. Ірі жәрмеңкелер. Кәсіптер. Жалдамалы еңбектің таралуы. Темір жолдардың дамуы.
Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Көтерілістің себептері мен мақсаты. Қозғалыстың барысы мен бағдарлы міндеттері. Қозғалыс барысындағы дипломатиялық қатынас. Кенесары хандығы. Жеңілу себептері және тарихи маңызы. Батыс Қазақстан территорясының бөлінуі. Бөкей Ордасы – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы жеке құрылым ретінде. ХХ ғғ. реформалардан кейінгі қоғамдағы дамудың түрлері. Қазақ аласындағы ресми және бейресми билік. Әлеуметтік қатынастардағы және шаруашылықтағы дағдарыс. Өтпелі кезеңнің негізгі белгілері. Бөкей Ордасының құрылу себептері. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлттық қозғалыс. Қозғалыстың басып-жаңышталуы. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басудағы жазалау отрядының рөлі.
14 тақырып. Капитализмнің дамуының басталуы.
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы әлеуметтік өзгерістер.хандық биліктің жойылуы. Ресей отаршылдық үкіметінің сұлтандарды пайдалануы, сұлтандардың мұрагерлік құқықтарының «Жарғымен» бекітілуі.
Қазақстандағы басқару жүйесінің дағдарысы және ұлттық қозғалыстар. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақстарының көтерілісі (1856-1857 жж.). Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1855-1858 жж.). 1868-1869 жж. Орал және Торғай облыстарындағ көтеріліс. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.
Материалдық мәдениет. Баспаналардың таралуы. «Қыстау» ұңымы. ХІХ ғ. қазақтардың киімі. ХІХ ғ. ортасындағы қазақ поэзиясы: «Зар заманның» көрнекті өкілдері – Шортанбай, Мұрат, Дулат, Әбубәкір және т.б. қазақ даласындағы шығыс классикалық әдебиеті. Ақындар поэзиясындағы жаңа бағыттардың пайда болуы. ХІХ ғ. белгілі қисса, дастандары. Музыка. ХІХ ғ. халыққа білім беруің амуы. Қазақстандағы діни және зайырлы мектептер. Орыс православиелік шіркеуі. Қазақ даласындағы исламның белгілі болуыынң тамырлары. Діни қауымның өсуі. Орыс-қырғыз мектептері. Ы.Алтынсариннің мектептік оқыту жүйесін қалыптастырудағы орны. Қазақстандағы ғылыми мекемелер. Ш.Уалиханов, В.Радлов, М.красовский, А.Құнанбаев және т.б.
6 бөлім. ХХ ғасырдағы Қазақстан.
15 тақырып. Қазақстан саяси реакция және революциялық қозғалыстың өрлеу кезеңінде.
1905-1907 жж революция. Қазақстандағы қаллар мен ауылдарағы саяси наразылықтар. Еңбекшілердің саяси революциялық бас көтерулерінің алғышарттары. Революцияның тарихи маңызы. ХХ ғ. басындағы шаруашылық құрылымы. Қазақ жерлерін отарлау және орыс капитализмнің кеңейтілуі. 1904 ж. қоныс аудару басқармасының құрылуы. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларын жаппай қоныстандыружәне жер мәселесінің шиеленісуі. Дайын суару жүйесін қалыптасқан құнарлы жерлерді қоныстанушыларға беру.
Бірінші дүниежүзілік соғыс. Майданды және өндіріс орындарын қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны. Қазақстандағы австро-венгриялық жіне герман әскери тұтқындары.
16 тақырып. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. Салықтардың көбеюі. Халықтың жағдайының нашарлауы.
1916 жылғы көтеріліс. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарастары. Көтеріліс ошақтарындағы жазалау отрядтарының қимылдары. Саяси және мәдени ХХ ғ. басындағы баспаның рөлі. Қазақ зиялыларының қызметі. ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары – Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов және т.б. Қазақтардың жаппай көшуіні бірінші толқыны. Қозғалыстың жеңілу себептері, оның қазақ халқының тағдырындағы тарихи маңызы.
17 тақырып. Уақытша және Кеңес үкіметінің құрылуы.
Қазақстандағы Уақытша және Кеңес үкіметінің құрылуы. Петроградтағы жұмысшылар, шаруалар және солдаттар Кеңесінің жазалау экспедициясына қатысты шешімі. Қытай, Ауғанстан босқындарын қайтарудағы Уақытша үкіметінің шаралары. Тыл жұмысшыларының қайтып оралуы және олардың революциялық үрдіске ықпалы. Бұқараның революциялық белсенділігінің артуы. 1917 жылғы Ақпан революциясынан Қазан революциясына дейінгі кезеңдегі саяси партиялар мен ағымдар.
«Алаш» партиясының Жетісу және Семей облыстық съездері. Мұсылман қозғалысы. Социал-демократиялық қозғалыс. Қазан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстан.
18 тақырып. Қазақстан Қазан революциясы кезінде.
Петрогрдтағы Қазан төңкерісі. Большевиктер өзгерістерінің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және экологиялық салдарлары. Террор мен геноцидтің онжылдығы. Кеңес билігінің алғашқы декреттері. «Ресей халықтарының құқықтар Декларациясы», «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылманарына» үндеуі. Сібір, Орал, Жетісу, Орынбор қазақтарының Кеңес билігіне қарым-қатынасы. Казак әскери үкіметіінң, Қоқан автономиясының және Алашорда үкіметінің құрылуы.
Солдат бұқарасын кеңестендіру. Қазақстанның батысында, Жетісу, Сырдария, семей, Торғай облыстарындағы кеңес билігінің жеңісі. Өңірдің мәдениеті мен социалистік экономика құрудағы Кеңестердің алғашқы қадамдары. Кеңестер мен Алашорданың қарсыластығы. Экономикалық реформалар кезеңіндегі ұлттық қарым-қатынас. Қазақ АКСР құрудағы дайындық.
19 тақырып. Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы. «Әскери коммунизм» саясаты.
Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстандағы Қызыл әскерддің ұлттық бөлімдерінің құрылуы. Ә.Жангельдиннің экспедициясы. Партизан соғысы. Колчакты талқандау және майдандардың жойылуы.
«Әскери коммунизм» саясаты. Азық-түлік салғырты. 1920-1921 жж. Аштық. Шаруашылықтың құлдырауы. Мал басы мен егістік жерлерінің қысқаруы. қазревкомның қызметі. Қазақ АКСР-ның құрылуы (1920). ЖЭС-ке өту. Өңірдің экономикасының құлдырауы. «Әскери коммунизм» саясатына шаруалар мен крестьяндардың наразылығы. Кеңеске қарсы бас көтерулер. Жер-су реформасы. ЖЭС-тің қиындықтары мен жетістіктері. Қазақ АКСР құрамына қазақ жерлерін біріктіру.
20 тақырып. Қазақстанның индустриалдық дамуы.
Индустриаландыруға барар жол және оның қиыншылықтары. «Кіші Қазан» - облыстағы большевиктердің экономикалық іс-шараларының кешені. Ф.голощекиннің «Ауылдарды кеңестендіруі» лозунгі. Қазақстандағы индустриаландырудың ерекшеліктері. Пайдалы қазбаларды зерттеу және өндірістік шикізаттық бағыты. Қазақстанның кеңес империясының шикізаттық базасына айналуы. Болашақтағы экологиялық, экономикалық және демографиялық мәселелердің туындауыынң көзі – өндірістің біржақты дамуы. Қазақстандағы инуытрияланырудың негізгі қорытындалары. Индустриализация сұрағы төңірегіндегі көзқарастар. С.Садуақасов өңір экономикасының отаршылдық құрылымын өзгерту қажеттілігі туралы. Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеу және КСРО ҒА рөлі. Қ.И.Сәтбаев және Жезқазған мыс кенішінің ашылуы. Көлік пен өндірістің дамуы. Түрксіб темір жолы. Н.Нұрманов, Т.Рысқұлов, В.С.Шатов. Қазақстан – мемлекет индустриясының шикізат базасы. Ұлттық жұмысшы табының өсуі. Қазақстан және оның ерекшеліктері.
21 тақырып. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы. 1928 жылғы 28 тамыздағы «Ірі байлардың шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу жіне жер аудару туралы» декрет. Шаруашылықтарды кооперациялау идеясы. Байлар мен кулактарды тап ретінде жоюға арналған бағыт. Күштеп ұжымдастыру. Көшпелі және жартылай көшпелілерді отырықшыландыру. Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауы. Шаруалар көтерілісі. Батпаққара, Созақ, Адай, Ырғыз, Қарақұм көтерілістері. Көтерілісшілерге қарсы кеңес үкіметінің жазалау шаралары. 1931-1932 жж. Аштық. Қытай, Ауғанстан, Иран, Түрки, Моңғолияға қазақтардың жаппай көшуінің жаңа толқыны. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Аштықпен күрес.
Сталиндік казармалық социализм. Казармалық социализм. 30-жж тоталды террор. Қазақстан – ГУЛАГ-тың құрамдас бөлігі. Қазақстандағы саяси үдерістер. Тоталитарлық жүйе және ұлттық мәселе. ҚазАКСР-нің одақтас республикаға айналуы. 20-30 жж. мәдени құрылыс. сауатсыздықты жою. Білім жүйесі: жоғарғы, орта, арнаулы орта білім. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы. Ғылым. Әдебиет. Өнер. Театр және кино.
22 тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезңнде.
Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы. Экономиканы қайта құру. Дүниежүзілік үстемдік орнатудағы германдық фашизмнің жоспары. «Түркістан-Орал» мемлекетін құру туралы гитлерлік идеясы. Жұмысшылардың әскери мобилизациясы, әскери, соның ішінде ұлттық бөлімдердің құрылуы. Қазақстан – біртұтас соғыс лагерінің құрамдас бөлігі. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру. Қазақстанға өндіріс орындарын көшіріп әкелу. Маңызы бар өніріс қбъектілерін салуды жедел қарқынмен жүргізу. Өнеркәсіп орындарын майданға жақын өңірлерден елдің шығыс аудандарына көшіру. Соғыс және еңбек ресурстарын мобилизациялау мәселесі.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтардың Мәскеу, Ленинград және Сталинград үшін шайқастарда көрсеткен ерліктері. Кеңес Одағының алғашқы қазақстандық батырлары. Соғыстың соңғы кезеңіндегі шайқастардағы қазақстандықтар. Украинаны, Белоруссияны, Балтық жағалауы республикаларын, Молдавияны босатудағы қазақстандықтардың қатысуы. Батыс Еуропадағы қарсыласу қозғалысы мен партизандық қозғалыстарға қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандықтар жапон милитаристеріне қарсы соғыста. Майданға бүкілхалықтық көмек. Қорғаныс фондының құрылуы. Танк колоннасын құруға қаржы жинау. Халық бұқарасының кедейленуі, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің төмендеуі.
7 бөлім. Жаңа замандағы Қазақстан.
23 тақырып. Соғыстан кейінгі Қазақстан.
Соғыстан кейінгі онжылдықта Қазақстанның экономикалық дамуы. Халық шаруашылығының қалпына келтірілуі. КСРО-ның батыс аудандарына Қазақстанның көмегі. Ауыр индустрияның дамуы, пайдалы қазбаларды өндіру. Ауылдың жағдайы 50-60 жж. Қазақстанның өндірістік жән ауыл шаруашылық дамуы. Реформалар. «Хрущев жылымығы». Экономикалық реформалардың сәтсіздігі. Қазақстанда тау-кен өндірісін салу. 60-шы жж. саяси өмірдің ерекшеліктері. Агроөндіріс кешеніндегі дағдарыстық жағдайлар. Экономиканың аграрлық тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық, демографиялық, экономикалық және этномәдени салдарлары.
24 тақырып. 70-80 жж. Қазақстан
Саяси өмір және ұлттық қатынастар. Конституцияны қабылдау. 1979 ж. Ақмола оқиғалары. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. Семей полигоны. О.Сулейменовтың «Аз и Я» кітабы. Өнеркәсіп және аграрлық өндіріс. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жағдайы. Худенко тәжірибесі. Арал трагедиясы. 1982 жылғы азық-түлік бағдарламасы. Әлеуметтік саясат.
25 тақырып. Қазақстан қайта құру кезеңінде.
Қайта құруға бағыт. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары. Қоғамның саяси өміріндегі қайшылықтар. Қоғамдық-саяси қозғалыстар. Қазақстанның экономикасы: мәселелері және салдарлары. Мемлекеттің экономикалық дамуындағы дағдарыс. Жаңаөзен оқиғалары. Қарағанды шахтерлерінің бас көтерулері. Қоғамның әлеуметтік дамуы.
Мәдениет, ғылым, ағарту. Қазақ зиялыларының ақталуы. Тіл саясаты. Өнер және әдебиет. Кино.
26 тақырып. Тәуелсіз Қазақстан.
1991-2015 жылдардағы Қазақстанның саяси дамуы. Тамыз бұлігі. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы. Президентті сайлау. Қазақстанның көппартиялық жүйесі. Қазақстан және әлемдік қауымдастық.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы. Экономикалық реформалар: қиындықтары мен проблемалары. Агроөнеркәсіп кешеніндегі өзгерістер. Мәдени өмір. Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы реформалар. Ғылымның дамуы. Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» - дамудың стратегиялық бағдарламалары.
Оқушылардың білім, білік деңгейіне қойылатын талаптар:
Білу керек:
Қазақстанның негізгі кезеңдерінің хронолгиялық ауқымдарын;
Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайы;
Халқы, оның әлеуметтік құрамы, шаруашылығы;
Қазақстан тарихының негізгі тарихи мәселелерінің зерттелу деңгейін;
Көшпелі мәдениеттің рөлін және оның дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесін;
Қазақстан территориясында мемлекеттердің пайда болуы, дамуы жөнінде толық көзқарасын;
Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, оның даму ерекшелігін;
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі және Ресей империясының Қазақстанды отарлау үрдісі;
Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрестер, ұлт-азаттық көтерілістердің тарихын;
Қазақ зиялыларының рөлі. Саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметін бағалау;
Кеңес дәуіріндегі өндіріс, ауыл шаруашылығы мен мәдениеттегі негізгі өзгерістер;
Тарихтың әр кезеңіндегі халықаралық саясат пен көпұлттылықтың себептерін;
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі негізгі өзгерістерді.
Дағдылары:
Қазақстан дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі екенін дәлелдей білу;
Тарихи үрдістердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра білу;
Тарихи фактілер мен оқиғалардың хронологиялық және синхронддық кестелерін істеу;
Интернет желісімен, кітапхана каталогымен, құжаттармен, карточкалармен жұмыс істеп, нітижесін қолдана білу;
Идеология менсаясаттың тарихтағы байланыс бақылау;
Тарихи материалды баяндағанда тарихи терминдер мен ұғымдарды қолдану, олардың мағынасын ажырату;
Қазақстан тарихының негізгі кезеңдеріне баға беру, талдау
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
№ Тақырыбы Сағат саны Өткізу формасы Оқыту нәтижесі
1 бөлім. Ежелгі Қазақстан тарихы – 11 сағат
1 Алғашқы қауымдық құрылыс. Палеолит 1 Қосымша материалмен жұмыс, тест Конспект, тірек-сызба
2 Мезолит. Неолит. Археологиялық ескерткіштер 1 Картамен жұмыс, тест Конспект, картаға салу
3 Неолит 1 Қосымша материалмен жұмыс, тест Кесте, картамен жұмыс, тест
4 Қола дәуірі. Бақташылық шаруашылық пен кетпенді егіншілік 1 Жеке іздену, тест Мәлімет
5 Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер. Қола дәуірінің материалдық мәдениеті 1 Қосымша материалмен жұмыс, тест Кесте, конспект
6 Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу
7 Сарматтар 1 Қосымша материалмен жұмыс, тест Конспект, тест
8 Көшпелі тайпалар. Мемлекеттердің құрылуы 1 Топтық жұмыс, кесте, картмен жұмыс, тест Кескін картаға салу, кесте толтыру
9 Ғұндардың шаруашылығы және ғұн қоғамының әлеуметтік құрылысы 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Тірек-сызба, конспект
10 Үйсіндер 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу
11 Қаңлылар 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу
2 бөлім. Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер – 11 сағат
12 Ежелгі түркі дәуірі. Қазақстан аумағындағы ертеортағасырлық мемлекеттер 1 Қосымша деректермен, картамен жұмыс, тест Кескін картаға салу, кесте толтыру
13 Түрік қа,анаттарының шаруашылығы 1 Жеке іздену, тест Тірек-сызба
14 Шаруашылық мәселелерді шешудегі сауданың рөлі 1 Жеке іздену, тест Шағын шығарма
15 Ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік құрылымы 1 Жеке іздену, тест Тірек-сызба, сөздік
16 Түрік қағанатының ыдырау себептері 1 Жеке іздену, тест Кесте
17 Түргеш және Қарлұқ қағанаттары 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу, кесте
18 Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыз тайпаларының қоныстануы. Этникалық құрамы. Әлеуметтік құрылымы. Шаруашылығы және кәсібі. Саяси тарихы. Мемлекеттің ыдырауы 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу, кесте
19 Қимақ мемлекетінің құрылуы 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу, кесте
20 Дамыған ортағасырларда жаңа мемлекеттердің құрылуы 1 Картамен жұмыс, тест Кесте
21 ҮІІІ-ХІІ ғғ. Қимақ-Қыпшақ конфедерациясы 1 Картамен, қосымша материалмен жұмыс, тест Кескін картаға салу, кесте
22 Х-ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. Жалпытүркі мәдени кешені 1 Қосымша материалмен жұмыс, тест Презентация
3 бөлім. Қазақстан тарихындағы монғол дәуірі – 9 сағат
23 Қазақстан тарихындағы монғол дәуірі. Шыңғыс ханның түркі-монғол тайпаларын біріктіруі 1 Жеке іздену картамен жұмыс, тест Конспект
24 Алтын Орда 1 Картамен жұмыс, кесте толтыру Конспект, кесте
25 ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан. Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан 1 Жеке іздену, тест Конспект, тірек-сызба
26 ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан 1 Картамен жұмыс, кесте толтыру, тест Конспект, кесте
27 Моғолстан (ХІҮ орт.-ХҮІ ғ.) 1 Картамен жұмыс, кесте толтыру, тест Конспект, кесте
28 Әбілқайыр хандығы (1428-1468 жж) 1 Картамен жұмыс, кесте толтыру, тест Конспект, кесте
29 Ноғай Ордасы (ХІҮ соңы- ХҮІ ғғ.) 1 Картамен жұмыс, кесте толтыру, тест Конспект, кесте
30 Батыс Сібір хандығы (ХІІ-ХҮғғ.) 1 Картамен жұмыс, кесте толтыру, тест Конспект, кесте
31 ХІҮ-ХҮ ғ. Қазақстан территориясындағы этникалық үдерістер 1 Жұптық жұмыс Презентация
4 бөлім. Кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан – 4 сағат
32 Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 1 Дәріс Конспект, тірек-сызба
33 ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы. Қасым ханның саясаты 1 Қосымша мәліметпен жұмыс, картамен жұмыс, тест Конспект, хронологиялық кесте
34 Орта Азиядағы Тәуекел ханның, Есім ханның саясаты. Сыртқы саясат. ХҮІ ғ. 90-жж. Самарқан мен Бұхараға қазақ әскерлерінің жорығы. Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы. Ташкенттің дербес билеушісі – қазақ ханы Тұрсын. ХҮІІ ғ. 30-жж. халықаралық жағдай 1 Қосымша мәліметпен жұмыс, картамен жұмыс, тест Конспект, хронологиялық кесте
35 Қоғамдық құрылыс. Қазақ хандығының экономикасы және мәдениеті 1 Қосымша мәліметпен жұмыс, тест Тірек-сызба
5 бөлім. Жаңа заманағы Қазақстан – 11 сағат
36 ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан. ХҮІІ ғ. соңы мен ХҮІІІ ғ. Басындағы Қазақстан 1 Қосымша мәліметпен жұмыс, картамен жұмыс, тест Конспект
37 ХҮІІІ ғғасырдың басындағы шаруашылық мәселелер 1 Қосымша мәліметпен жұмыс, тест Конспект
38 ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы. Қазақтардың қоғамдық құрылысы 1 Қосымша мәліметпен, сөздікпен жұмыс Сөздік, тірексызба
39 ХҮІІІ ғасырдың соңындағы халық наразылықтары 1 Картамен жұмыс, кесте, тест Кесте
40 ХҮІІІ ғасырдағы жыр-толғаулар 1 Қосымша мәліметпен жұмыс Кесте
41 ХІХ ғасырдағы Қазақстан. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы 1 Картамен жұмыс, кесте, тест Кесте
42 Қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталуы 1 Картамен жұмыс, кесте, тест Хронологиялық кесте
43 Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы 1 Қосымша мәлімет, Картамен жұмыс, кесте, тест Хронологиялық кесте, конспект
44 Капитализмнің дамуының басталуы. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы әлеуметтік өзгерістер 1 Қосымша мәліметпен жұмыс Кесте, конспект
45 Қазақстандағы басқару жүйесінің дағарысы және ұлттық қозғалыстар 1 Қосымша мәліметпен жұмыс Кесте, конспект
46 Материалдық мәдениет 1 Қосымша мәлеметпен жұмыс, кесте, тест Презентация
6 бөлім. ХХ ғасырдағы Қазақстан – 15 сағат
47 Қазақстан саяси реакция және революциялық қозғалыстың өрлеу кезеңінде. 1905-1907 жж. революция 1 Дәріс Конспект, хронологиялық кесте
48 Бірінші дүниежүзілік соғыс 1 Топтық жұмыс, тест Хронологиялық кесте
49 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан 1 Қосымша мәлімет, картамен жұмыс, тест Конспект
50 1916 жылғы көтеріліс 1 Кесте, картамен жұмыс, тест Конспект, кесте
51 Қазақстандағы Уақытша және Кеңес үкіметінің құрылуы. 1 Тірек-сызбамен жұмыс, кесте, тест Конспект, тірек-сызба
52 «Алаш» ұлттық-демократиялық зиялылар қозғалысы 1 Тірек-сызбамен жұмыс, кесте, тест Конспект, тірек-сызба
53 Қазақстан Қазан революциясы кезеңінде 1 Тірек-сызбамен жұмыс, кесте, тест Конспект, тірек-сызба
54 Солдат бұқарасын кеңестендіру 1 Тірек-сызбамен жұмыс, кесте, тест Конспект, тірек-сызба
55 Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы 1 Тірек-сызбамен жұмыс, кесте, тест Конспект, тірек-сызба
56 «Әскери коммунизм» саясаты 1 Тірек-сызбамен жұмыс, кесте, тест Конспект, тірек-сызба
57 Қазақстанның индустриялық дамуы 1 Топтық жүмыс, картамен жұмыс, тест Конспект, тест, презентация
58 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 1 Топтық жүмыс, картамен жұмыс, тест Конспект, тест, презентация
59 Сталиндік казармалық социализм 1 Қосымша мәлімет Конспект
60 Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы 1 Картамен, қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, кесте
61 Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы 1 Картамен, қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, кесте
7 бөлім. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан – 7 сағат
62 Соғыстан кейінгі Қазақстан. Соғыстан кейінгі онжылдықта Қазақстанның экономикалық дамуы 1 Картамен, қосымша мәлімтпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, тест
63 70-80 жж. Қазақстан. Саяси өмір және ұлттық қатынастар. Конституцияны қабылдау 1 Қосымша мәлімтпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, тест
64 Қазақстан қайта құру кезеңінде. Қайта құруға бағыт. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы 1 Қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, тест
65 Мәдениет, ғылым, ағарту 1 Қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, тест
66 Тәуелсіз Қазақстан 1 Қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, тест, тірек-сызба, хронологиялық кесте
67 Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы 1 Қосымша мәліметпен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, тест, хронологиялық кесте
68 Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары – «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» - дамудың стратегиялық бағдарламалары 1 Құжаттармен, тірек-сызбамен жұмыс, тест Конспект, кесте, презентация
Қолданылған әдебиет:
Абдакимов А.Қазақстан тарихы. Алматы, 2002.
Артықбаев Ж.О.12 лекций по истории Казахстана. Астана, Фолиант, 2001.
Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. Алма-Ата, 1993.
Аяған Б., Шәймерденова М. Қазақстан тарихы: жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық- Алматы, Атамұра, 2013.
Байпаков К.М.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы: орта мектептің 7-8 сыныптарына арналған оқулық – Алматы: Мектеп, 2012.
Жолдасбаев С. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы: жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық- Алматы, Мектеп, 2012.
Кабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Қазақстан тарихы (ХҮІІІ ғасыр – 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық- Алматы, Атамұра, 2008.
Қазақтың көне тарихы / дайындаған М.Қани – Алматы, Жалын, 1993.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін(очерк). Редакторлары: Алажұманов Қ.С., Балақаев Т.Б., Қозыбаев М.Қ., Нүрпеисов К.Н. – Алматы, Дәуір, 2004.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық Т.2. Алматы: Атамұра, 1998.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық Т.2. Алматы: Атамұра, 2002.
Кан. Г.В. История Казахстана. Алматы, 2002.
Күзембайұлы, Аманжолұлы Е.Қазақстан Республикасының тарихы, Алматы, 2004.
Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы (ХҮІІІ ғасыр – 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық- Алматы, Мектеп, 2012.
Қасымбаев К. Қазақстан тарихы: жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық- Алматы, Мектеп, 2004.
Қозыбаев М., Нүрпеис К., Жүкешев Қ. Қазақстан тарихы (ХХ ғ. басы- бүгінгі күнге дейін): жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы-Мектеп, 2013.
Қойгельдиев М., Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж.Қазақстан тарихы: аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелер. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық – Алматы, Мектеп, 2011.
Нүрпеисов К., Аяғанов Б., Жақсылықов Н.Қазақстан тарихы: 11-сыныпқа арналған оқулық – Алматы, Мектеп, 2004.
Садықов Т.С., Төлеубаев А.Т., Халидуллин Ғ., Сәрсекеев Б.Ежелгі Қазақстан тарихы: жалпы орта білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық – Алматы: Атамұра, 2011.
Сұлтанов Т.И.Қазақ хандығының тарихы. Алматы, Мектеп, 2008.
Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж., Қойгельдиев М. Қазақстан тарихы: жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық – Алматы, Мектеп, 2006.
Талдахметов С.Ш. Қазақстан тарихы ҚБТ-ға дайындық оқулық-тесті 2012-2013, Алматы, Шың-кітап, 2012.
Тұрлығұл т.б. Ежелгі Қазақстан тарихы: 6-сыныпқа арналған оқулық – Алматы, Атамұра, 2002.