Поурочный план по букварю на тему К дыбысы мен ?рпі на казахском


Пәні: Сауат ашу
Сабактың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.Сабақтың міндеті:1. К к дыбысыынң орнын анықтату, К әрпінің артикуляциясын меңгерту2. Дидактикалық құралдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөздерді буынға бөлуге, сөйлем ойлауға үйрету.3. Байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгертуӘдіс - тәсілдері: әңгімелеу, ойын, көрнекілік, сұрақ – жауап, сергіту сәтіКөрнекілігі: к дыбысының баспа түрі, жазылу үлгісі, алфавит, суреттерСабақтың барысыI. Ұйымдастыру1) Оқушылармен амандасу- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!- Сәлеметсіз бе!2) Сабаққа дайындау- Оқулықтарының, дәптерлері мне қаламдарының түгел болуына назар аударту3) Сабаққа назар аударуII. Өткен сабақты пысықтауМақсаты: Өтілген әріпті, жазылу үлгісін еске түсіру, қайталау, бекітуАтауында е дыбысы бар сөздерді сұрау (оқулықтан тыс)Есек, ешкі, елік, емен, немере, есік, төмен, дәптер, т.б.III. Сергіту сәтіОрнымыздан тұрамыз,Қолды белге қоямыз.Оңға – солға иіліп,Бір отырып, бір тұрып,Орнымызды табамыз.IV. ЖұмбақтарМақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын дамыту; жаңа әріппен таныстыру алғышартын жасау1) Қабат – қабат қаттама,Ақылың болса аттама(кітап)2) Бейбітшілік құсы депАтайды оны барша жұрт(көгершін)3) Аспанда алып доп,Жарқырайды жарық боп (күн)V. Жаңа білімді меңгертуМақсаты: К к дыбысы туралы толық мағлұмат беру; жазылу үлгісімен таныстыру1) К к дыбысымен таныстыруМақсаты: К дыбысы туралы толық мәлімет беру
- Оқушылар, шешкен жұмбақтарымыз қандай дыбыстан басталады?- (Күн, көгершін, кітап) К дыбысынан- Дұрыс таптыңдар. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз К к дыбысы мен әрпі.- Бәріміз К деп айтып көрейікші. Қалай айтылады екен?- Таңдаймен, тоқтап, созылмайды.- Демек к дыбысы дауыссыз дыбыс екен.К к дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кезедеседі: мысалы кеме сөзінде сөздің басында, мереке деген сөздің ортасында, шелек деген сөздің соңында келіп тұр. 2) К к әрпінің жазылуымен таныстыруМақсаты: К әрпінің жазылуы, басқа әріптермен байланысуын меңгертуК к әрпі 2 тармақшадан тұрады: Бас әрпі жоғарыға қарай қысқа сызықша секілді жазылып, шұғыл төменгі жолға жетеді. Содан соң солға иіліп, сопақша шеңбер жасап, оң жаққа жоғары көтеріліп иіледі. Жол ішінде екінші тармақшасы иректеліп салынады.Сөз ішінде басқа әріптермен жазылуды үлгі парақша бойынша жазып көрсетуVI. Оқулықпен жұмысМақсаты: к дыбысы бар сөздерді буындап, тұтас оқуға жаттықтыру1) Суретпен жұмысМақсаты: Дұрыс сөйлем құрауға үйренуге жаттықтыруОқушылар сурет бойынша сөйлем құрай отырып, ойын толық жеткізуге жаттығады. Мысалы. Кеме теңізде жүзеді. Көбелек гүлден шырын жинайды.2) Оқулықтағы сөздермен жұмысМақсаты: жекелеген сөздерді буындап, тұтас оқуға жаттықтыру, сөздегі к дыбысының орнын анықтатуКе ме те рек ме ре ке ке бе жеКе се ше лек бе ре ке те ке мет- К дыбысы басында естіліп тұрған сөздерді анықтату- К дыбысы ортасында естіліп тұрған сөздерді анықтату- К дыбысы соңында естіліп тұрған сөзді анықтатуVII. Топпен жұмыс1 – қатар. Оқулықта берілген 2 буынды сөздерге дыбыстық талдау жасау (ауызша)Мысалы: кеме – 7 дыбыс, 7 әріп, 2 буын2 – қатар: 3 буынды сөздерге дыбыстық талдау жасау (ауызша)Мысалы: кебеже – 6 дыбыс, 6 әріп, 3 буын3 - қатар: к дыбысы бар оқулықтан тыс сөздерді тауып айтуVIII. Ойын «Шынжыр»Мақсаты: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамытуМұғалім к дыбысынан басталатын сөз айтады. Келесі оқушы сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз айтады. Ойын осылайша әрі қарай жалғасады. Бұл ойын оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамыта отырып, еске сақтауын тексереді.Мысалы: кебеже – есік – кітап – парта – ара - ... IX. Мәтінмен жұмысМақсаты: мәтінді сауатты оқуға төселдіру, ішінен к дыбысы бар сөздерді тауып айту арқылы байқампаз болуға тәрбиелеу- «Кеме» мәтінін оқытуБолат ойыншық кеме жасады. Кеме суда ағып бара жатты. Суға батқан құмырсқа оған жабысты. Кеме су жағасына тоқтады. Кұмырсқа жағаға шықты.- К дыбысы бар сөзді таптыру. (Кеме)- Осы сөзді қатыстырып басқа сөйлем құрастыртуX. Дәптермен жұмысМақсаты: оқушының көркем, әдемі, сауатты жазуын қалыптастыру- К к әрпінің жазылуын алдымен ауада жазып, қолды жаттықтыру- К бас әрпін толтыру- К кіші әрпін толтыруXI. Қорытынды- Біз қандай дыбыспен таныстық?- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?Мадақтау