Цилиндр. Цилиндр?а сырттай ж?не іштей сызыл?ан призма.Есептер шы?ару


«Тараз қаласы әкімдігінің №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Цилиндр. Цилиндрға сырттай және іштей сызылған призма.
Сынып: 11 «А»
Пән мұғалімі: Нуржанова А.Т.
Тараз 2015
Геометрия маған өте қызықты және адамды баурап алатын сиқырлы ғылым болып көрінеді.
Андронов И.К.
Сабақ жоспарыКүні: 21.12. 2015 сынып: 11 «А»
Пәні: геометрия сабақ №29
Сабақтың тақырыбы Цилиндр. Цилиндрға сырттай және іштей сызылған призма.Есептер шығару.
Мақсаты Іштей және сырттай сызылған призмалар ұғымын білуі.
1.Цилиндрдің жазбасы мен бүйір бетінің және толық бетінің ауданының формуласы туралы білуі
2. Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданының фомуласын пайдаланып, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Алған білімін өмірде қолдана білуін қалыптастыру
3. Оқушыларды жылдам ойлауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сілтеме Геометрия .оқулық, бет:53 Шыныбеков А
Түйінді идея Цилиндрға байланысты есептер шығара білуі
Оқыту нәтижесі Өз бетімен есептер шығара біледі
Сабақ барысы
Оқыту әдістері Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі(1мин) Амандасу
Топ ережелерін жасайды
Амандасу, назарларын сабаққа аудару
2.Тақырып ашу
(2мин) 1. Цилиндрға іштей сызылған призма
2. Цилиндрға сырттай сызылған призма
3. Цилиндрдың остік қимасы бар

Топ басшысын сайлау, топқа ат қою Топқа бөлу-3 топ
І топқа сурет- цилиндрға іштей сызылған призма
ІІ топқа сурет- цилиндрға сырттай сызылған призма
ІІІ топқа сурет- цилиндрдың остік қимасы бар
Оқушылар қандай суреттер берілген ?
-Олай болса бүгінгі тақырып цилиндр, цилиндрға сырттай және іштей сызылған призма
3.Үй тапсырмасын тексеру(5мин) №28
Цилиндрдің толық бетінің және бүйір бетінің аудандары сәйкесінше 50 және 30см2. Цилиндрдің радиусын және биіктігін табыңдар.
Шешуі: 50-30=20.


Жауабы:
Сұрақ-жауап
1. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы табан шеңберінің ұзындығын оның биіктігіне көбейткенге тең, яғни

2. Цилиндрдің толық бетінің ауданын Sт табу үшін оның бүйір бетінің ауданына табандарының аудандарын қосу керек:

немесе
3. Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады. Мұндай қималар осьтік қималар деп аталады.
4.Осьтік қиманың қабырғалары табандарының диаметрлерінен және екі жасаушыдан тұрады. Мұғалім бағыттаушы
Сұрақ-жауап
Оқушылар цилиндр жайында не білесіңдер?
(Слайдтағы суреттер)
4. Білу:жеке жұмыс(5мин) №1.Табанның радиусы 4м және биіктігі 6м цилиндр берілген. Цилиндрдың осьтік қимасының ауданын тап.
№2. Табанның радиусы 3 см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. Цилидрдің осьтік қимасының ауданын тап.
№3- №14 Формуланы дұрыс қолдануын тексереді, бағыттайды
а2+в2=с2 пифагор теоремасы
Әр оқушының есептері қосымша ресурс 1
(жауаптары слайдта көрсетіледі)
5.Түсіну:жұптық жұмыс(10мин) №1 №2
№3 №4
№5 №6 Кеңес беру
Оқушылардың есептері қосымша ресурс 2
Логикалық есептер (10мин) ҰБТ есептері
№1. №2. №3.
Оқушылардың есептері қосымша ресурс 3
6.Қолдану
Талдау:Топтық жұмыс(10мин) №1. №2. №3.
Көмекші, бағыттаушы
Арнайы жасалған 3 цилиндр макеті, 3 призма
Постермен жұмыс
7.Жинақтау: (5мин) Дарынды оқушының макеті
Цилиндр типтес үй- проект
Өмірде кездесетін заттардың суреттері, балалар сендер тағы қандай заттарды білесіңдер?
(слайд)
8.Бағалау:(2мин) Әр оқушы өзін бағалайды
Топ басшысы топты бағалайды. Мұғалім оқушылардың еңбегін бағалайды
Үйге тапсырма №29 Ресурс 1
Жеке жұмыс - І топ
1.Табанының радиусы 4м және биіктігі 6м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін тап.
Шешуі:4·2=8. √64+36=√100=10 Жауабы:10см.
2.Табанының радиусы 2м және биіктігі 6м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін тап.
Шешуі:3·2=6. √64+36=√100=10, 49-36=13, 36+81=117, √4+36=√40. Жауабы:2√10см.
3. Табанының радиусы 2м және биіктігі 3м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін тап.
Шешуі: 2·2=4, √16+9=√25=5. Жауабы:5см.
4. Табанының радиусы 2м және биіктігі 5м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін тап.
Шешуі: 2·2=4, √16+25=√41. Жауабы: √41см
5. Табанының радиусы 3м және биіктігі 7м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін тап.
Шешуі:2·3=6, √36+49=√85. Жауабы: √85см
Жеке жұмыс - ІІ топ
1.Табанының радиусы 3см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.
Шешуі: 2·3=6, √100-36=√64=8. S=8·6=48. Жауабы: 48см2
2. Табанының радиусы 1,5см, осьтік қимасының диагоналі 5 см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.
Шешуі: 2·1,5=3, √25-9=√16=4. S=4·3=12. Жауабы: 12см2
3. Табанының радиусы 1,5см, осьтік қимасының диагоналі см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.
Шешуі: 2·1,5=3, √100-19=√81=9. S=9·3=27. Жауабы: 27см2
4. Табанының радиусы 2 см, осьтік қимасының диагоналі 5 см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.
Шешуі: 2·2=4, √25-16=√9=3. S=4·3=12. Жауабы: 12см2
5. Табанының радиусы 4 см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.
Шешуі: 2·4=8, √100-64=√36=6. S=8·6=48. Жауабы: 48см2
Жеке жұмыс – ІІІ топ
1.Табанының радиусы 3см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. Цилиндрдің биіктігін тап.
Шешуі: 2·3=6, √100-36=√64=8. Жауабы: 8см
2. Табанының радиусы 2см, осьтік қимасының диагоналі 5 см цилиндр берілген. Цилиндрдің биіктігін тап.
Шешуі: 2·2=4, √25-16=√9=3. Жауабы: 3см
3. Табанының радиусы 4 см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. Цилиндрдің биіктігін тап.
Шешуі: 2·4=8, √100-64=√36=6. Жауабы: 6см
4. Табанының радиусы 1,5 см, осьтік қимасының диагоналі 5 см цилиндр берілген. Цилиндрдің биіктігін тап.
Шешуі: 2·1,5=3, √25-9=√16=4. Жауабы: 4см
Ресурс 2
Жұптық жұмыс – І топ
1.Цилиндрдің биіктігі 8см, табанының диаметрі 10см. Цилиндрдің осінен 4см қашықтықта оған параллель жүргізілген жазықтықпен қиманың ауданын табыңдар.
Берілгені:АВ=10см, ОО1=4см, ОК=5см. т/к: S=?
Шешуі: √25-16=√9=3. КК1= 2·3=6, S=48см2 Жауабы: 48см2
2.Табаны радиусы r-ге, биіктігі h-қа тең цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап. r=2cм, h=3см.
Берілгені: r=2cм, h=3см. т/к: Sбб=?
Шешуі: Sбб=2π2·3=12π Жауабы: 12π
Жұптық жұмыс – ІІ топ
1.Табаны радиусы r-ге, биіктігі h-қа тең цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап. r=10мм, h=7мм.
Берілгені: r=10мм, h=7мм. т/к: Sбб=?
Шешуі: Sбб=2π10·7=140π Жауабы: 140π
2.Радиусы 5см және биіктігі 6см болатын цилиндрдің осінен 3см қашықтықта осіне параллель қимасының ауданын тап.
Берілгені:ОО1=6см, ОК=5см. т/к: Sқ=?
Шешуі: √25-9=√16=4. 2·4=8, S=48см2 Жауабы: 48см2
Жұптық жұмыс – ІІІ топ
1. Табаны радиусы r-ге, биіктігі h-қа тең цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап. r=5м, h=12м.
Берілгені: r=5м, h=12м. т/к: Sбб=?
Шешуі: Sбб=2π5·12=120π Жауабы: 120π
2.Цилиндрдің бүйір бетінің жазбасы қабырғасы 10см болатын квадрат. Цилиндрдің радиусын тап.
Берілгені:АВ=10см. т/к: R=?
Шешуі: C= 2π·R=10, R=10/2πсм Жауабы: 5/π
Ресурс 3
3069 – нұсқа, 25 есеп
1. Педагогика бөлімінің студенттері арасында 40% студенттердің көру қабілеті төмен.Олардың 70% көзілдірік киеді, қалған 30% линза киеді.Көзілдірік киетін студенттердің саны 21.Мына тұжырымның қайсысы дұрыс?
А) берілген төрт жауапта дұрыс емес.
В) 30 адамның көру қабілеті жақсы
С) 30 адамның көру қабілеті төмен
Д) 10 адам линза киеді
Е) барлық адам 100

3086- нұсқа. 25 есеп.
2.Жугіруге 31 спортшы қатысты. Арманнан озып келген спортшылар саны одан кеш келген спортшылар санынан 4 есе аз. Арман нешінші орынды иеленді?
А)6 В)21 С)8 Д)7 Е)20

3117-нұсқа. 25 есеп.
3.Бір кісі өмірін әлемдік саяхатпен өткізгісі келді де, әйеліне өсиет қалдырды: егер ұлым дүниеге келсе, оған мүлкімнің 2/3 бөлігін, ал анасына 1/3 бөлігін беремін деді.Ал қыз болса, онда оған 1/3 бөлігін , анасына 2/3 бөлігін беремін деді. Алайда оның әйелі ұл мен қыз босанады.Бұл үшеуіне мүлікті өсиеттің шартын сақтап қалай бөлуге болады ?
А) мүліктің 2 бөлігін анасына,3 бөлігін ұлына,2 бөлігін қызына
В) мүліктің 1 бөлігін анасына,3 бөлігін ұлына,3 бөлігін қызына
С) мүліктің 2 бөлігін анасына,4 бөлігін ұлына,1 бөлігін қызына
Д) мүліктің 4 бөлігін анасына,2 бөлігін ұлына,1 бөлігін қызына
Е) мүліктің 3 бөлігін анасына,2 бөлігін ұлына,1 бөлігін қызына