?ЛЫ Ж?ЗДІ? РЕСЕЙГЕ ?ОСЫЛУЫ


“ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ” Дайындаған: Санибаш Тулеубаева Ұлы жүз қазақтары бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуді қабыл алу себептері XIX ғасырдың 20- жылдардың бас кезінде Ұлы жүздің аумағында біртұтас хан билігі қалмады. Сырдария өңірінің қазақтары ықпалды хан Арғынғазыға үлкен үміт артқан еді. Бірақ оны Петербугке бара жатқан жолында патша үкіметінің әкімшілігі ұстап алып, Калуга қаласына жер аударып жіберді. Өйткені Ресей ондай беделді де ықпалды қазақ ханының болуын қаламады. Оның үстіне, бұл кезде Ресей Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігін жоюға қызу әзірленіп жатыр еді. ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙДІҢ ҚОЛ АСТЫНА ӨТУІ Қоқан хандығының қайта-қайта шабуыл жасап, елдің берекесін қашыруы жиілеп кетті.1818 жылы Ұлы жүз қазақтарының өкілдері патша үкіметіне өтініш айтып, өздерін Ресейдің қол астына алуды сұрады.1824 жылы Ұлы жүздің 14 сұлтаны – Абылай ханның немерелері мен Әділ сұлтанның балалары басқарған 165 мыңға жуық ер адам Ресейдің қол астына өтті. РЕСЕЙ-ҚОҚАН ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҒЫНЫҢ ШИЕЛЕНІСЕ ТҮСУІ Ресей Кіші жүз бен Орта жүздің тарапынан екі бағытта ілгері жылжыды. Бекіністер жүйесін салып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалаларын әскери күшпен басып алудың келесі кезеңін жеңілдете түсті. Қоқан үкіметі Ресейдің Жетісуды жаулап алуына жол бермеу мақсатымен Пішпектегі, Әулиеатадағы, Шымкенттегі әскери күштерін нығайта түсті. Қоқандықтар өздерінің атты әскері үшін қазақтар мен қырғыздардың жылқыларын күшпен тартып алды. Сауда керуендерінің жүріп-тұруына кедергі жасады. 1857-1858 жылдары Шымкент пен Әулиеата аймақтарының жергілікті қазақтары қоқандықтарға қарсы көтерілді. Ол көтерілістердің қатыгездікпен басып-жаншылуы салдарынан қазақтардың едәуір бөлігі Ресей империясының жағына шығып кетті. ҚОҚАНҒА ҚАРСЫ ӘСКЕРИ НАУҚАННЫҢ БАСТАЛУЫ Ресей империясының Ұлы жүздің және Солтүстік Қырғызстанның шекарасы аймағында 1859 жылы салған Қастек бекінісі осы өлкедегі стратегиялық маңызы күшті пунктке айналды. Ресейдің Шу аңғары арқылы басталған әскери іс-қимылдары Әулиеата, Шымкент және Ташкент әскери бекіністерін басып алуға бағытталды.1860 жылы полковник Циммерман бастаған әскер Шу аңғарына келіп кірді. Қоқан хандығының Тоқмақ және Пішпек бекіністерін басып алды. Пішпек Қоқан хандығының негізгі орталықтарының бірі болатын. СЫРДАРИЯ ӘСКЕРИ ШЕБІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ Патша үкіметі әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай ілгері жылжуы Орынбор жағынан да орын алды.1833 жылы Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып В.А.Перовский тағайындалды. Ол екі бірдей міндетті жүзеге асыруға кірісті: біріншіден, қазақтардың әлі Ресейдің қол астына өтпеген бөлігін Ресейге біржолата түпкілікті қосу, екіншіден, Орта Азия хандықтарының шекарасына жақындау міндеттері болатын. Бұл міндеттерді шешу үшін қазақ даласына мезгіл-мезгіл әскери отрядтар жіберіліп отырды және әскери бекіністер мен қорғаныс қамалдары салына бастады. Мәселен,1834 жылы Маңғыстауда Новоалександровский қамалының негізі қаланды.1847 жылы Ресей әскерлері Сырдария өзенінің сағасын басып алып, онда Райым қамалын, ал 1848 жылы Қазалы бекінісін салу қолға алынды. РЕСЕЙДІҢ ОРТА АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ АУМАҒЫНДА СОҒЫС ҚИМЫЛДАРЫН ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫРУЫ XIX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысынан бастап орыс әскерлерінің соғыс қимылдары толығымен Орта Азия мемлекеттерінің-Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарының аумағына ауысты. Қатарынан бірнеше рет есеңгірей соққы алып, жеңіліске ұшырағаннан кейін Қоқан хандығы іс жүзінде жойылып, өмір сүруден қалды. 1866 жылдың көктемінде орыс әскерлері Бұхар әмірлігі аумағының едәуір бөлігін басып алды. 1867 жылы ол аумақтар Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енгізілді. Бұхар әмірлігінің солтүстік жағында тұратын қазақтар өзбектермен бірге Ресей мемлекетінің бодандығын қабылдады. 1873 жылы Ресей әскери экспедициялық корпусы Хиуа хандығының астанасын да басып алды. РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ ОТАР ЕТІП БАСЫП АЛУЫНЫҢ САЛДАРЛАРЫ 1865 жылы Ресей әскери министрінің бұйрығымен Түркістан аймағы құрылды. Ол Орынбор генерал-губернаторына бағындырылды. 1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы жарлық шықты. Патша үкіметі әскерлерінің Ұлы жүздің аумағында жүргізген соғыс қимылдары Қазақстанның Ресей империясына толық қосылып бітуімен аяқталды. Ресейдің әскери іс-қимылдарының барысында қазақтар Орта Азия хандықтарының езгісінен азат етілді. Сонымен қатар патша үкіметінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағына экспансиясы басталды. Сөйтіп бір езгі екінші езгімен алмастырылды. Мұның өзі қазақтардың кезекті қарулы көтерілістерге шығуына себеп болды.