Математика саба?ына арнал?ан сыныптан тыс шара Шахматы математик


Қопа орта мектебі
Сыныптан тыс шара:
«Шахматшы математик»
Өткізуші: Елубай М.Қ.
2016-2017 оқу жылы
Күні: 23.02.2017ж
Тақырыбы: «Шахматшы математик» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, математиканы шахмат ойнау барысында қолдана білу, және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.Сабақтың әдісі: Шахмат ойнау барысында модульдік технологияны қолдану, логикалық және ауызша есептер шығару.Сабақтың көрнекілігі: Шахмат тақтайшалары, слайдтар, тест сұрақтары және логикалық есептер, реттік номерлер.Сабақтың ерекшеліктері:1. Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы.2. Оқушылардың шахмат ойнау барысында өз білімдерін көрсете білуі.3. Оқушылардың жеке жұмыс істеуі.4. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы.5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы
Сабақ барысы:Жүргізуші:Қайырлы күн қымбатты достар!Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейінгі 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтіпті.
Шахмат десе даңқты чемпиондар Стейниц пен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинниктер еске түсетіні белгілі. Ал, бүгін біз бұндай өзге ұлт өкілдеріне таңғалмайтын болдық. Себебі, қазақтың балдыр-ған қыздары да, әлем чемпионы атағына қол жеткізе алатын болды.
Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып, бүгінге жеткен шахматтың тарихы әркімді қызықтырары даусыз. Олай дейтініміз шахмат – күрделі және сондай қызықты спорт ойындарының бірі. Еліміз соңғы жылдары спорттың қай түрінен болса да, өзге елдермен иық тірестіріп, «Қазақ» деген ел бар екенін әлемге әйгіледі. Жақында ғана Грекияда өткен оқушылар арасындағы Әлем біріншілігінде қазақтың үш бірдей бүлдіршін қыздары 3 медалмен оралды. 8 жастағы шахматшылар арасындағы бәсекеде Әсел Серікбай 3-орын, 12 жас аралығындағы шахматшылардан Жансая Әбдімәлік 2-орын, ал, 14 жас аралығындағы шахматшылар арасындағы белдесуде Астаналық Динара Сәдуақасова Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Әлем чемпионы Динара Сәдуақасовадан алынған сұхбатында:
-Математика таза есеп, шахматты да есеп арқылы ойнайсың, сол себепті шахматтан жеңімпаз болу үшін математика сабағын жақсы меңгеру керек дей келе “ Шахматшы математик ” сайысын бастаймыз, ортаға жарысқа қатысушы сайыскерлерді шақырамыз.Сайыскерлерді таныстыру:Бірінші ойыншымыз –__сынып оқушысы _____________________________Екінші ойынға қатысушы – __ сынып оқушысы ________________________Үшінші ойыншымыз – __ сынып оқушысы ____________________________Төртінші ойыншымыз– __ сынып оқушысы ___________________________Алтыншы сайыскер – __ сынып оқушысы _____________________________
Жетіншісайыскеріміз-__ сынып оқушысы_____________________________Соңғы сайыскеріміз –__ сынып оқушысы _____________________________
Қош келдіңіздер, сіздерге сәт - сапар тілейміз!
Ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін
Шахмат ойнауға 15минут және ойнау барысында ойыншыларға логикалық есептер беріледі. Дұрыс жауап бермеген оқушының уақыты 2 минуты шегеріледі.І тур: «Ойнай білсен ұтып көр»
Ұтқан оқушылар келесі турға өтіледі.ІІ тур «Кім жылдам»
III тур «Мен жеңімпаз»
Ұтқан оқушылар 1-ші, 2-ші, 3-ші орынға бәсекелесіп бақтарын сынайды.
Сонымен сайысымызды бастайық, бірінші тур - «Ойнай білсен ұтып көр»
І тур:  «Ойнай білсен ұтып көр»
Асхат ақшасының жартысына фломастер сатып алған соң,оған атасы 130 теңге ақша берді.Сонда Асхаттың ақшасы 200 тенге болды. Асхатта алғашқыда неше теңге ақша болған ?
Жауабы: 140 теңге Бір айдың үш күні жұп күндерге түсті. Осы айдың 7 –сі аптаның қай күні еді?
Жауабы: Жұма
9, 10, 12, 13, 15, 16, ?– ? белгісінің орнындағы санды табыңыздар.
Жауабы: 18 2,3,4-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 5-ке қалдықсыз бөлінетін қандай сандар бар?
Жауабы: 25
Егер 3 тышқан 3 жаңғақты 3 минутта жесе, онда 100 тышқан 100 жаңғақты неше минутта жейді?
Жауабы: 3 минут Тауардың 14 кг-ы 30 теңге тұрады.
Тауардың 23 кг-ы қанша тұрады?
Жауабы: 80
Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта ал ит 6 сағатта жей алады. Олар барлығы қосылып осы қойды қанша сағатта жей алады?
Жауабы: 1 Егер сынып оқушылары 2-ден отырса, онда 3 оқушыға орын жетпей қалады. Ал егер үшеуден отырса, онда 3 парта бос қалады. Сыныпта қанша оқушы бар?
Жауабы: 27
Ауыл мектебінде мектеп бітірушілердің саны 16, оның 34 –і қыз балалар. Мектеп бітірушілердің нешеуі қыз бала?
Жауабы: 12 қыз Қандай үш санның қосындысы, көбейтіндісіне тең болады?
Жауабы: 1,2,3
Баласының жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші, ал атасының жасынан 9 есе кіші. Үшеуінің жастарының қосындысы 105-ке тең. Баласы неше жаста?
Жауабы: 7 жаста Cұрақ белгісінің орнына тиісті
санды қойыңыздар
8, 6, 7, 5, 6, 4, ?
Жауабы: 5
Әсел, Самал және Гүлден үшбұрыш, квадрат және шеңбер сызды. Әсел сызған фигура квадрат емес. Самал сызған фигура шеңбер емес. Гүлден сызған фигура квадратта емес, шеңберде емес. Кім қандай фигура сызған?
Жауабы: Әсел- шеңбер, Самал- квадрат, Гүлден- үшбұрыш Шахмат турниріне 7 ойыншы қатысты. Әрбір ойыншы бір-бірімен 1 реттен ойнайды. Барлығы неше партия ойналады
Жауабы: 21
Бірінші этаждан үшінші этажға көтерілгенде 52 баспалдақ жүру керек. Бірінші этаждан алтыншы этажға көтерілуі үшін қанша баспалдақ басу керек.
Жауабы: 104 Елеуішпен су әкелуге бола ма?
Жауабы: Мұз
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Жауабы: 0 7 санына байланысты не білесіз?
Жауабы: 7 күн, 7 қазына, 7 мүше, 7 жұт, 7 нан
Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
Жауабы: Бір пұт Қандай сандар нөлден үлкен?
Жауабы: оң сандар
Ең кіші натурал сан?
Жауабы: 1 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалындығындай үш көйлек жылы ма?
Жауабы: бірдей
Жоқты білдіретін сан?
Жауабы: 0 Ең үлкен үш таңбалы сан?
Жауабы: 999
100 жылдың басқа атауы?
Жауабы: 1 ғасыр 5 пілте жанып тұр, 3- еуі өшіп қалды. Неше пілте қалды?
Жауабы: 3
Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?
Жауабы: Дәптер Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?
Жауабы: Шеңбер Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
Жауабы: 10 күн
Айқасқан екі таяқ, Тұрады жоқты сұрап
Жауабы: Х Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?
Жауабы: калькулятор
Төрешілер 1 кезеңнің қорытындысын шығарып ойыншылармен қоштасады.
Келесі турымыз «Кім жылдам»
Екі қолда қанша саусақ бар, он колда қанша?
Жауабы: 10,50 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады?
Жауабы: үтірБір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
Жауабы: 6 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма?
Жауабы: теңҮш бала Арман, Асылан, Болат баққа отыруға барды. Жол жөнекей олар 3 теңге тауып алды. Баққа Болат жалғыз барса, қанша теңге тауып алар еді?
Жауабы: 3 теңге Бір әжей Астанаға бара жатып, 3 атайға кезікті. Әр атай бір қаптан, әр қапта бір мысықтан арқалап келеді. Нешеуі Астанаға жол салды?
Жауабы: Әжей ғана
Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы үш мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық Қандай сандарды аударғаннан, төңкергеннен оқыған кезде өзгермейді?
Жауабы: 8, 69, 88
Бір топ қаз ұшып келеді. Біреуі алда, екеуі артта; біреуі артта және екеуі алда; біреуі екеуінің ортасында қатармен ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
Жауабы: 3 қаз Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңызЖауабы: 27 бас мал
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиынСанағанда демей қиын
Неше қарға қосылды?
Жауабы: 48 қарға Айқасқан екі таяқ, Тұрады жоқты сұрап
Жауабы: Х
1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалындығындай үш көйлек жылы ма?
Жауабы: бірдей Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
Жауабы: Бір пұт
Ең үлкен үш таңбалы сан?
Жауабы: 999 Ең кіші натурал сан?
Жауабы: 1
5 пілте жанып тұр, 3- еуі өшіп қалды. Неше пілте қалды?
Жауабы: 3 Жоқты білдіретін сан?
Жауабы: 0
Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш 100 жылдың басқа атауы?
Жауабы: 1 ғасыр
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
Жауабы: 10 күн Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?
Жауабы: Дәптер
Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?
Жауабы: калькулятор Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?
Жауабы: Шеңбер
Сайыскерлеріміздің келесі турға өтуімен құттықтап, келесі турымызды бастаймыз.IIIтур «Мен жеңімпаз»Осы турда оқушылардың арасынан жеңімпаз анықталып. Жарыстың қорытындысы шығады.
Қорытынды: Сайыс соңында төрешілер қорытынды шығарғанша, Ән шашу _____________________________________________.Сайыскерлерді марапаттау үшін алдын - ала дайындалған мақтау қағаздары Қазылар алқасына тапсырылып, марапатталды.