К?згі таби?ат тіл дамыту саба?ы


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Күзгі табиғат
Мақсаты: Күзгі табиғаттың ерекшеліктері туралы мәлімет бере отырып, сөздік қорларын молайту.
Міндеттері:Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге үйрету;
Артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;
Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: мнемокесте,орман макеттері, шырша, аққайың,терек,емен,бұталары; қоян, түлкінің суреттері ,жапырақтар.
Сөздік жұмысы:қалқып, мүлгиді,ішік
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия Тәрбиеші балалармен қимылды жаттығу кешенің жасайды:
«Қайырлы таң!»
Қайырлы таң мөлдір көздерім!
Қайырлы таң жұмсақ қолдарым!
Қайырлы таң мықты аяқтарым!
Қайырлы таң арайлы күн, аспан!
Өлең тыңдаймыз
Мақсұт Неталиевтің «Күз суреті» өлеңін оқиды.
Сары ала жапырақтар,
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар,
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен,
Ағады жылға бұлақ.
Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырады.
«жапырақтар» тыныс алу жаттығуы
Жіпке байланған жапырақтың үлгісін үрлетеді.Жапырақтардың қайда ұшып баратыны туралы сұрақ қойып,балаларды орманға серуенге баруға шақырады.
-Көзімізді жұмып,сары жапырақтар сияқты айналып,орманға ұшып барамыз.
«Ормандағы оқиға» ойыны
Топтың бір бұрышында алдын ала орман көрінісі дайындалады:ағаштар мен бұталар,тығылып отырған сұр қоян,түлкінің суреттері.
«Бұл қандай жануар?»ойыны
-Балалар, орманда қандай жануарларды кездестіруге болады?
-Қарандаршы, анау ағаштың арасында біреу отырған сияқты(қоянның құлаұтары көрінеді).
Балалар мен тәрбиеші ағашқа жақындап қоянның суретіне назар аударады,сұрақтар қояды:
-Қоян қандай? Түсі қандай?
Осы суретпен түлкіні де тапқызып сұрақтар қояды,екеуін салыстырады.
Сөздік жұмысы:«қалқып, мүлгиді,ішік»деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау
Алтын, сар, қызыл, көк...
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапылақ.
«Жаңғақтарды себетке жина» дидактикалық ойыны
-Балалар,жерде көп жаңғақтар жатыр,қане,теріп жинайық,мына себетке салайық,аю қарыны ашып оянғанда,себеттегі жаңғақтарды алып жейді.Балалардың қолдарына себет беріледі,орман ішінде жатқан түстері,көлемдері әр-түрлі жаңғақтарды жинауға тапсырма беріледі.
-Себеттеріңді ағаш түбіне қойыңдар, аю келіп, өзі алады.
Сұрақтар қойып,тақырыптарын қорытады:
-Көздерін жұмып,балабақшаға қайтуды ұсынады.Балаларды мадақтап, құлпынай белгісін таратып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Шаттық шеңберге тұрып өлең жолдарын қимылмен көрсетіп, қайталайды.
Өлеңді тыңдап, қайталайды.
Мазмұнын түсінеді.
Ойланып, жауаптарын айтады.
Балалар жолға шығуға дайындалады.
балалар жауап береді.
Балалар ойланады, сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Сергіту жаттығуын орындайды
Өлеңді қайталап жаттайды.
Балалар себетке жаңғақтарды жинайды.
Сұрақтарға ойланып жауап береді.
Топтарына қайтады.
Жетістігі кемшілігі
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап бере алады.
Нені игереді: Сұрақтарға ойланып жауап беруді.
Түсіне біледі: Табиғатқа қамқорлық жасау керектігін түсінеді
Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау
Алтын, сар, қызыл, көк...
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапылақ
63436571120 7315202540
421005132715 20574079375
66929019685 3657603810
35115538100 815340138430