Мезгіл киімдер с?йлеуді дамыту саба?ынан жоспары


Күні:
Білім беру саласы Қатынас
Бөлімі Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы Мезгілдер бойынша киімдер
Мақсаты Төрт жыл мезгілінің киімдері туралы түсінік беру. Ажырата алуға үйрете отырып, аттарын атауға үйрету.
Міндеттері
сөздік қорларын молайту (жейде, шалбар, тон, бөкебай, көйлек пен жейденің жеңі, жағасы, түймелері);
мнемокесте арқылы жұмыс істеу үйрету
мезгіл бойынша киімдерді тандай білу
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер Амина қуыршағы, киім дүкені макеті, киімдер үлгілері.
Сөздік жұмысы Жейде, куртеше
Тілдің үш тұғырлығы: киім – одежда.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс –әрекеті Балалардың іс-әрекеті +
Мотивациялық –қозғаушылық
Балаларды қуыршақ Аминамен таныстырады. Аминаның қонаққа киіп баратын әдемі көйлегі болмағандықтан ренжулі екенін айтады.
Аминаны киім дүкеніне апарып, киінуді ұсынады.
Тәрбиеші белгі беріп, балаларды екі топқа бөледі. Бірі шығармашылық орталығына барып, көйлек әшекейлейді. Екінші топ қуыршақты дүкенге апарады. Амина қуыршақты тамашалайды.
Балалар қуыршақтың көңілін көтеруге келісіп, екі топқа бөлінеді. Ұйымдастыру- іздестіру
«Дүкенде» дидактикалық ойыны
Киімдердің суреттерін іліп, сұрақтар қоя отырып, атын, түсін айтқызады, сипаттатады.
Сөздік жұмысы:
Жейде, куртеше
деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Қайсысы ұзын-қысқа»
дидактикалық ойыны
Ұзын, қысқа көйлектерді көрсетіп, айтқызады.
Жанылтпаш жаттау /мнемокестемен
Ақ көйлек,
көк көйлек,
көп көйлек.
/Баяу, жылдам, өте жылдам, тез, созып, әндетіп айтқызады.
«Түрлі түсті баулар»
дидактикалық ойыны
Тәрбиеші балалардың назарын қуыршақтардың бәтеңкелерінің түрлі-түсті бауларына аударады.Қандай түстерді көріп тұрғандарын сұрайды.
Сергіту сәті
Қоян, қоян тұршы,
Беті-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Әдемі көйлек киші.
Тіл ұстарту жаттығуы
Аң-Аң-Аң,
Үстің болды шаң,
Атып қапты таң,
Жайқалып тұр айналаң.
«Қуыршақтарды киіндір» дидактикалық ойыны
Балаларға екі қуыршақ пен олардың киімдерін беріп, киіндіруге тапсырма бернді. Бұл заттарды бір сөзбен қалай айтуға болатынын сұрайды. Балалар киімдерді атайды, сипаттайды.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Антоним сөздерді «ұзық-қысқа» айтуға үйренеді.
Жаңылтпашты тындайды,
қайталап айтады, тілдерін дамытады.
Баулардың түстерін атайды.
Сөздерін қайталап, қимылдар жасайды.
Қайталап айтады.
Қуыршақтарды киіндіреді. Рефлексивті-түзетушілік Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Сұрақтарға жауап береді. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек киімдердің атауларын дұрыс айтып, ажырата білуді.
Нені игереді антоним, синоним сөздерін қолдануды.
Нені біледі жаңылтпашты шатаспай айтуды.