Мектепалды даярлы? тобыны? технологиялы? картасы. ??растыру Ж?к машиналар


Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.
Құрастыру
Күні______________Тақырыбы: Жүк машиналары.
Мақсаты: құрастыру материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыруды үйрету; құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру; сүт таситын машинаны өз беттерінше құрастырту арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға жеткілікті мөлшерде құрастыру материалдары, көрнекі суреттер, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: үлгіні талдау, көрсету, түсіндіру, машиналарды салыстыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: ойыншық машиналармен ойын ұйымдастыру;
Қала (ауыл) көшелеріне саяхат жасатып, көлік түрлерін бақылату
Билингвальдық компоненттер: грузовые машины
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.
Кел,балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Қадірлі боп жүрейік! Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Бірнеше көлік түрлерінің суретін көрсетіп,әртүрлі машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді(жеңіл машина,автобус,сүт таситын машина,т.б).Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып,жеке бөліктеріне талдау жасайды.»Қандай бөліктері бар?Қорабы,кабинасы,дөңгелегі қандай?»Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып,әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады.Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі.Құрастыру материалдарын пішініне,көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жасайды.
Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады;
-алдымен екі дөңгелек қойылады (цилиндр пішінді бөлшектер);
-дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады(жұқа тақтайша);
-кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады;
-ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш ,олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;
-төрт кірпіштің үстінен көлденеңінен екі кірпіш қойылады;
-жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек,бір қысқа бөлшектен құралады;
-балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып,кейбір балаларға көмек көрсетіледі;
-балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;
-өз ойларын қосып,бөліктерді толықтырып,жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбеккер мадақталып,ерекше аталып өтеді.
Сергіту сәті.
Отырамын рөлде, Сенімен тасимын,
Моторым, гүрілде. Көмір мен тасыңды.
Ойыншығым-машинам, Таудай ғып артамын,
Тарт алға асыға. Бидай мен арпаңды. Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Балаларға көлік түрлерінің пайдасы,ерекшелігі,не үшін қолданылатынын әңгімелетіп,өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып,сабақ қорытындыланады.
Ескерту.Жүк машинасын сүт таситын машинаға өзгерту үшін құрастыру материалдарының бөлшектерін ауыстыру арқылы жасалу жолдары түсіндіріледі.Мысалы:жүк машинасының тіркемесінің орнына дөңгелек цилиндр пішінді құрастыру материалы қолданылады. Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Көліктің түрлерін
Болу керек: Жүк машинасы
Үйрену керек: Құрастыру ойыншықтарымен дұрыс жұмыс жасауды
2-сабақ. Қол еңбегі.
Күшіктің үйшігі.Күшік пен мысық.
Мақсаты:балаларды қағаз түрлері,оның қолданылуы,сапасымен таныстыру;қағазбен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру,тіктөртбұрыш пішінді қағаздан әртүрлі ойыншықтар жасату арқылы ой қиялын дамыту;қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесімен таныстыру.
Керекті құралдар мен материалдар:түрлі түсті қағаздар ,қайшы,желім,үлгі суреттер,қатырмақағаз және жазуға арналған жұқа қағаздар,т.б
Әдіс-тәсілдері: ҚАҒАЗДЫ БҮКТЕУ,ҚИЮ,ЖЕЛІМДЕУ,ҚАРАМА-ҚАРСЫ БҰРЫШТАРЫН ТЕҢЕСТІРУ,ТҮЗУ ҚИЮ ТӘСІЛДЕРІН ТҮСІНДІРУ;ҮЛГІЛЕРДІ ТАЛДАУ.
АЛДЫН АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС:ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ МЕН ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР ЖАЙЫНДА ЕРТЕГІ ОҚУ; СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕЛЕТУ;ОЛАРДЫҢ БІР-БІРІНЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА АЙТЫП, СИПАТТАМА БЕРУ.
Билингвальдық компоненттер: күшік- щенок , мысық - кошка
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.
Кел,балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Қадірлі боп жүрейік!
Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

. Педагог балаларды әртүрлі қағаз түрлерімен («Қағаз түрлері» кестесі) таныстыра отырып, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеледі, бүктелмейді, умаждалады) тоқталады. Мысалы: түрлі түсті қағаздар, жұқа қағаздар, жұқа фольга оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетіледі. Ал қатырмақағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді. Мұғалім: «Мына түрлі түсті қағаздарды қараңдаршы, түстерін айтып беріңдер»,-деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк т.б). Пішінін сұрайды (тіктөртбұрыш).Бір парақты ортасынан бүктеп,үлкен-кіші қағаздардың көлемдерін салыстырады.Осындай тіктөртбұрыштарды бүктеп,қию арқылы түрлі ойыншықтар жасап үйренетіндіктерін айтады.
Әліппе-дәптерден балалар,күшіктің үйшігінің күшік пен мысықтың орындалу ретін қарайды.
Балаларға жұмыс жасау оңай болу үшін тәрбиеші алдын ала дайындаған үлгіні қарап көруді,орындалу ретімен танысуды ұсынады.Жұмыс барысында тәрбиеші балалардың желіммен,қайшымен дұрыс жұмыс жасауларын қадағалап отырады.Үлгіні қарай отырып,ойыншықтардың бөліктерін қарап өздерінің жасаған жұмыстарын салыстырып отыруға бағыт береді.Әліппе-дәптердегі үлкен бөліктерді,түстерді таңдау,бұрыштарын теңестіру,ортасынан бүктеу,саусақпен сындыру сияқты орындалу ретін қайта қарай отырып,өз жұмыстарын орындауға бақылау жасайды.
Тіктөртбұрышты парақты ортасынан бүктейміз,таңдалған түске,дене көлеміне байланысты қараймыз,үйшіктің төбесін алдын ала дайындалған есікті үйшіктің қабырғасына желімдейміз.
Тіктөртбұрыш қағазды ортасынан бүктеу арқылы бұрыштары мен қабырғаларын тексеріп,оны саусақтарымен «сындырып» бүктейді,бұл кеуде бөлігі болады.Түрлі түсті қатты қағазға жай қарындашпен мысықтың және күшіктің денесін сызып алып, оларды пропорционалдық қатынасын сақтай отырып қиып алады. Содан кейін дөңгелек сызып, оны қиып алады, бұл басы болады. Ұсақ бөліктерден мысықтың үшбұрыш, күшіктің құлағын сопақша дөңгелек тәрізді етіп қиып алады. Көзі, тұмсығы және мұрттары сияқты ұсақ бөліктеріне де назар аудару қажет. Олардың кейбір өте ұсақ бөлшектерін фломастермен болмаса түрлі түсті қарындашпен салуға да болады. Бұдан кейін мысықтың құйрығын жіңішкелеу, күшіктің құйрығын жуандау етіп әртүрлі формада қиып алады. Алдымен олардың дене бөліктерін жоғары жағынан бастап: алдымен басын,денесін,соңынан құйрығын жапсырады.Енді оған балалардың қалауы бойынша қосымша бөліктерді өздері ойлап,таңдап жасауға болады.Атап айтқанда: бантик,көбелек және қарғыбау
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Сабақ соңында тәрбиеші күшікке де, мысыққа да ат қоюды және жұмбақ немесе солар туралы тақпақ айтып беруді сұрайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: күшіктер мен мысықтар жайлы.
Болу керек: күшіктің үйшігі
Үйрену керек:қағазбен дұрыс жұмыс жасауды.

3-сабақ. Құрастыру.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Гараж.
Мақсаты: құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын арттыру; көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру; гаражды ойыншық машинаның көлеміне қарай құрастыра білу; құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары; сызба үлгі суреттер; әліппе-дәптер; үлкен және кіші ойыншық машиналар .
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, суреттер мен сызба үлгілерді талдау, құрастыру жолдарын түсіндіру, ойын іс-әрекеті.
Адын-ала жүргізілетін жұмыс: жақын жердегі гаражға мақсатты серуен ұйымдастыру.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педагог «Дидактикалық материалдардағы» суреттерді пайдаланып, балалардан көлік түрлерін айтуды сұрайды (автобус, троллейбус, жеңіл машина, пойыз, ұшақ т.б). «Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан кейін қайда қояды?-деген сауал береді. (Жауабы: гаражға). Тағы да қойылатын сұрақтар: «Автобустарды ше? Троллейбустар қайда тұрады?» (Автобус, троллейбус парктерінде). «Кімнің үйінде жеңіл машина бар? Әкелеріңмен гаражға барып көрдіңдер ме?» т.б.
Балаларға ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмбақтар шешкізу.
Сымға асылып, Күні-түні көше кезіп зырлайды,
Жүр асығыпЖолаушыға қызмет етіп тынбайды.
Табанында жолы бар
Төбесінде қолы бар
Педагог: осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады.Оны гараж деп атайды.Гараж деп-бір машина тұратын жерді,ал «автотұрақ» деп әртүрлі және бірнеше транспорттың тұратын орнын айтады.Келесі сабақтарда автотұрақты да қарастырамыз.
Балалар әңгімесін толықтыра келіп, бүгін құрастыру материалдарынан гараж жасайтындарын айтады.Әр балаға ойыншық машина беріледі.Сызба үлгі суреттерге талдау жасайды.Әліппе-дәптердегі үлгіге мұқият қарау ұсынылады,ондағы тапсырмаларды дұрыс орындауға бағыт береді.Гараждың неден жасалғанына назарларын аударады.Құрастыру материалдарынан қабырғасына,төбесіне және есіктеріне қанша бөлшек қоюға болатынын анықтап алады.Көлемін,пішінін,ұзындығын қарап,қалай орналастыру керектігін келісіп алады.Бөлшектер саны құрастыру материалдарының көлеміне сәйкес таңдалады.Екі ұзын бөлшекті немесе үш бөлшекті бірінің үстіне бірін қойып,алдымен бірінші қабырғасын,дәл осылай екінші қарама-қарсы қабырғасын құрайды.Екі қысқа бөлшектен артқы бөлігін құрастырып қояды.Төбесін пластинамен жабады.Бала өз қалауы бойынша есігін екі жаққа немесе бір жаққа ашылатын етіп жасайды.Гаражды алдын ала берілген ұсақ ойыншық машиналардың көлеміне сәйкес құрастыру қажеттігі ескертіледі.Құрастыру жұмысы дайын болғанда машинарын гаражға қойып,есігін жауып,ойын іс-әрекетіне ауысады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі.Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып,қорытындыланады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: гараждың түрлері.
Болу керек:құрастырылған гараж
Үйрену керек: топпен жұмыс жасауды

4 сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: қағазбен жұмыс.
Тұқым салатын қағаз қапшық.
Мақсаты: қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; тіктөртбұрышты қағазды бұрыштарын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру; дайындалған қағаз қапшықтарды әшекейлеу барысында көркемдің талғамдарын арттыру; ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: сурет дәптердің беті, әліппе – дәптер, түрлі түсті қарындаш немесе фломастер, желім, қайшы, қылқалам, сүлгі.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, қағазды қос бүктеу, шеттерін бір – біріне қарама – қарсы бүктеу және бүктеу сызықтарын тегістеу, саусақпен сипап тегістеу жолдарын көрсету, түсіндіру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: аулада табиғи материалдарды және түрлі жемістер, гүлдердің тұқымдарын жинату; өсімдіктер жайлы әңгімелеу, көркем шығармалар оқыту.
Билингвальдық компоненттер: қорап- каропка
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

, Педогог балалармен күз мезгілінің ерекшелігі, күзгі еңбек жайында әңгімелеседі. Тұқым жинау туралы сурет бойынша әңгіме құрастырады. Дидактикалық материалдағы тұқым түрлерінің суретін қарастырады. Бүгінгі сабақта қағаздан тұқым салатын қағаз қапшық жасайтындықтарын айтады. Дайындалған үлгіге талдау жасайды. Әліппе- дәптеріндегі үлгіні қарау, ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беру. Қағаз қапшықты жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру:
Қарсы бүктелген бөлігінің бір жағына желім жағып, оң жағын желімдеп алады;
Тіктөртбұрышты қайта жазып ашып, екі шетін мөлшермен қарындашпен белгілеп алып (2 см), қарама – қарсы бағытта бүктеу, бүктеу сызықтарын тегістеу;
Қарсы бүктелген бөлігінің бір жағына желім жағып жағып, оң жағын желімдеп алады;
Екінші бөлігіне желім жағып, оны да желімдейді, қапшық дайын болады;
Қапшықтың сыртын қарындашпен немесе фломастермен әшекейлеу ұсынылады;
Серуен кезінде жиналган өсімдік тұқымын осы қапшыққа салып, табиғат бұрышында сақталатынын айтады.
Балаларды қағазбен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге бағыттап, кейбір балаларға көмектесіп, жұмыс барысына басшылық жасалады. Балалардың іс – әрекет барысында шаршағандығы байқалса, бой сергіту сәті өткізіледі (1-2 мин).
Қапшықты жасау барысында орындалу ретіне мән беріп, қағазды бүктеу, желімдеуде әр баланың іс – әрекеті қадағаланадй. Дайын болған қорапты әшекейлеу арқылы балалардың көркемдік талғамын қалыптастыруда түрлі түсті қарындашпен (фломастермен) әдемілеп әшекейлеуге, қандай өрнек жасауға болатынын үлгі бойынша түсіндіріп, бағыт береді. Балалардың іс – әрекеті мадақталып, еңбек нәтижелерін бір – біріне көрсетіп, кімнің тұқым салатын қағаз қапшығы әдемі болғанын айтып, өз жолдастарының еңбегін бағалайды. Педогог бүгін жақсы жұмыс жасағандарын айта келіп, еңбек туралы қандай мақал – мәтел білетіндерін сұрайды
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Педогог балалар жауабын мадақтап, толықтырып, бүгінгі еңбек жетістіктеріне талдау жасап, сабақты қорытындылайды.
Балалар :
Еңбек түбі – зейнет.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: қағазбен жұмыс жасауды
Болу керек: қағаз құтылар
Үйрену керек: желімді мұқият жағуды.


5 сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: автотұрақ( ұжымдық жұмыс).
Мақсаты: балаларға автотұрақ құрастыру тәсілін үйрету; меңгерген іскерлік дағдыларын бекіту; құрастыру тәжірибелерін жаңа тапсырмалармен ұштастыру; балалардың ойлау қабілетін дамыту; балаларды ұйымшылдыққа, бірлескен еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары, түрлі көліктер, үлгі суреттер, әліппе – дәптер, т.б.
Әдіс – тәсілдер: Үлгі суреттерді көрсетіп, түсіндіру; құрылыс тұрғызуға бағыт беру; құрастыру материалдарымен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру, әңгімелесу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: автотұраққа саяхат жасау; сурет бойынша әңгіме жүргізу; көлік түрлері жайында әңгімелесу.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.
Кел,балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Қадірлі боп жүрейік!
Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Балаларға өткен сабақта жасалған жұмыстарын еске түсіріп , гараж жасауды үйренгендерін айта келіп, енді құрастыру материалдарын қолданып, автотұрақ құрастыру ұсынылады. Жұмысты бастамас бұрын машина туралы қандай өлең – тақпақтар білетіні сұралады:
... бип – бип –бип – дейді,
... жолдан былай кет! Дейді
Күшікті басуға, басуға,болмайды, болмайды машина!
Бип- бип – бип, дейди,
Жол шетінде күт дейді.
Көшеде жүруге асыға,
Болмайды, болмайды, машина.
Бип - бип - бип!
Педогог: Көшеде ағылып ары бері жүріп жатқан машиналар кешкісін қайда тұрақтайды?
Балалар: Автотұрақта.
Педогог : осындай автотұрақты алдымыздағы құрастыру материалдарынан жинап көрейік.
Үлгі суреттерге талдау жасалады. Әліппе – дәптер бойынша жасалу реті түсіндіріледі. Балалар шағын топтарға бірігеді(6 -8 баладан). Барлық ойыншық машиналар топтарға бөлініп беріледі. Осы машиналарға автотұрақ құрастыру үшін жұмысты неден бастау керектігі, құрастыру материалдарын қалай орналастыру қажеттігі келісіліп, алдын ала жоспарланады:
Қажетті құрастыру материалдары таңдап алынады;
Кеңістікте дұрыс орналастыру, көлемі, пішіні, түстеріне қарай қалай қою қажеттігі ойластырылады;
Қабырғаның биіктігі қандай болады, төбесінің ашық немесе жабық болуын келісіп алады;
Дайын болған орынға машиналарды орналастырады;
Педогог балаларға бағыт беріп, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетугекөмектеседі;
Құрылыс ерекшелігіне салыстырмалы түрде талдау жасалады.
.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жасалған автотұраққа балалар өз бағаларын береді Күтілетін нәтиже:
Білу керек: автотұрақ жайлы
Болу керек: автотұрақтың пайдасы
Үйрену керек :ұжыммен жұмыс жасауды


6-сабақ
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: табиғи миниралдармен жұмыс.
Құстар.
Мақсаты: Балаларды табиғи матириалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру; онымен жұмыс істеуге қажетті құрал жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру; табиғи материалдарды біріктіру, толықтыру жұмысына ермек сазды орынды пайдалануға ұйрету; құстардың бейнесін жасауды үйрену; жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: табиғи материалдар ( үйеңкі жапырақтары, бұтақтар, шырша бүрлері, жаңғақтар), т.б., ермексаз (сазбалшық), тақтайша, құстар бейнесінің үлгісі ( торғай, қораз), әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілдер: ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету, түсіәндіру; әңгімелесу, табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап, құстың пішінін жасау жолдарын көрсету; сұрақ – жауап, ойын іс – әрекеті.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: күзгі орманға саяхат жасап, жапырақтарды, өсімдіктерді кептіріп алу; табиғат бұрышына табиғи материалдаржинау.
Билингвальдық компоненттер: құстар - птицы
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.
Педогог балалардың құстар жайындағы білімдерін тиянақтайды.
Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды.
Күзде кетер қоштасып,
Кім біледі......( торғайды)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
Балалар үй құстары мен жабайы құстарды сурет бойынша салыстыра отырып, бір – біріне ерекшеліктері жайында әңгімелейді. Құстардың табиғатқа, адамға пайдасы туралы айта келіп, оларды, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Қолдарындағы табиғи материалдардан әртүрлі құстарды жасауға болатындығы айтылады. Оларды денесінің қандай мүшесін жасауға қолдануға болатындығы сұралады. Педогог табиғи материалдарды бір – бірлеп көрсете отырып, таныстырады ( шырша бүрлері, өсімдік тұқымдары, жаңғақтар, бұтақтар, әртүрлікепкен жапрақтар, т.б.). табиғи материалдардан құрастырылған әртүрлі жұмыстардың үлгілерін көрсетеді. Солардың ішінен құстардың дене құрылысына талдау жасалады. Әліппе – дәптердегі құстардыв жасау үлгісін балалармен бірге талдай отырып, жұмыс жасауға бағыт бағдар беріледі. Біріктіру тәсілдерін көрсетеді. Құстардың дене бөліктерін бір – біріне біріктіру үшін ермексазды пайдаланамыз:
Бас пен кеуде бөлігі – ермексаз;
Қанаты мен құйрығы, тұмсығы – шетеннің қанат жапырақтары;
Мойны мен аяғы – бұтақтардан;
Көзі – жүзім дәні;
Айдары мен тұмсығы – қызыл түсті қатырмақағаздан;
Тұғыры – ермексаздан.
Ұсақ бөліктері ермексазға батырып кіргізу арқылы орналастырылады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жұмыс дайын болған соң, бұл құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын сұрайды. Жауабы: « жем шашамыз, ұя жасап, су береміз, т.б.» Қандай тыйым сөздер білесіңдер? Жауабы: « Құстың ұясын бұзба», « Жұмыртқаны жарма». Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: құстардың түрлерін
Болу керек: әдемі құстың бейнесі
Үйрену керек: әсемдікке

7 – сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: темірден жасалған конструктормен жұмыс. Саты.
Мақсаты: балаларды темір конструктормен, қозғалатын, қозғалмайтын бекіту бөлшектерімен, бекіту құралдарымен таныстыру; саты құрастыруды, құрастыруға қажетті бөлшектерді таңдай білуді үйрету; сатының адамға не үшін қажет екендігі жөнінде түсінік беру; құрастырудың практикалық машықтарын, бөлшектерді өзара бекітудің түрлі тәсілдерін қолдана отырып, үлгі бойынша құрастырып, жинақтай білу іскерлігін қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыруға арналған темір бөлшектер, әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілдер: темір конструкторлармен жұмыс жасау барысын түсіндіру, бөлшектерді құрастыру жолдарын көрсету; сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: алма баққа саяхатқа барып, үлкендер еңбегін бақылау.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педогог балалармен жыл мезгілінің бірі – күз туралы әңгіме қозғайды. Күздің сыйы, байлығы, көкөніс, жемістер, жиын – терім жөнінде әңгімені, балалардың жауабын сұрақ – жауап арқылы кеңейтіп, толықтыру әдістері қолданылады.
Алма бақтағы жеміс жинау еңбегі бейнеленген суретті пайдаланып, биік ағаш басындағы алмаларды жинау үшін сатының қажеттігі, оның неден жасалатындығы туралы әңгімелеп, бүгінгі сабақта сатыны құрастырып үйренетіндіктерін айтады.
Балалардың назарын қорапшаға салынған темірден жасалған конструктор бөлшектеріне аударып, олардың аталуымен таныстырады. Құрастыру материалының әрбір бөлшегінің өзінің орны бар екендігі, оны жоғалтпай пайдалану қажеттігі, егер бір бөлшек жоғалып қалатын болса, қажетті затты құрастыруға мүмкіндік болмай қалатыны жөнінде айтып, ұқыпты болуғабаулиды. Бұдан соң әліппе – дәптердегі сатыны құрастыру үлгісін көрсете отырып, оны құрастыру үшін қандай бөлшектер керек екендігіне назарларын аударады.
Саты 2 планкадан және бірнеше басқышқа арналған бөлшектен тұрады. Саты құрастырғанда 1 – планкаға төрт – бес қысқа бөлшекті бұранда ( болт) және қалпақша (гайка) көмегімен бекітеді. Содан соң 2 планканы алып, қысқа бөлшектердің екінші жағынан бекітеді. Жұмыс реті түсіндірілгеннен кейін әр бала сатыны өз бетімен құрастырады. Іс – әрекет барысында қиналған балаларға педогог көмек көрсетеді
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жұмыстың аяғында балалар еңбегіне талдау жасалынып, педогог ең мықты бекітіліп жасалған сатыны алма бақтағы өнімді жинау үшін пайдалануға ұсынылады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: саты жайлы мағлұмат
Болу керек: темір саты
Үйрену керек: темірмен жұмыс жасауды

8 – сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: табиғи материалдармен жұмыс. Жануарлар.
Мақсаты: Жануарлар бейнесін жасауға қажетті материалдарды дұрыс таңдап алуға үйрету; композиция құрастыра алу дағдыларын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу; жануарлар бейнесін жасай білу дағдыларын қалыптастыру; шығарманын сюжетін аша білуге үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: әртүрлі табиғи материалдар, желім, ермексаз, қайшы, жіп, фольга, түрлі түсті қағаз, сым мата, қылқалам , әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілдер: шығарма мазмұны қысқаша баяндау, табиғи материалдарды пайдалану жолдарын көрсетіп, түсіндіру, шығарманы сахналау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: шығарманы оқу, көріністерді көру, жануарларды бақылау.
Билингвальдық компоненттер: жануарлар животные.
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педогог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісіндегі кейіпкерлерді балалардың есіне түсіреді. Балалар шығарманы сахналап көрсетеді. Ертегі кейіпкерлерін жасау үшін, қандай табиғи материалдарды таңдап алуға болатынын талқылайды ( жержанғақ, жүгері, қарбыздың тұқымы, жуан – жіңішке бұтақтар, еменжаңғақтың қалпақшалары, қауырсын, шетеннің қанатжапырақтары, итмұрын жемістері, жаңғақ, ұлу қабыршақтары, қайыңның қабығы, тастар, шырша бүрлерінен өздеріне керегін таңдап алады).
Педогог балаларды 2 – 3 баладан шағын топтарға бөледі. Әр топтың балаларынан не жасағысы келетінін сұрайды. Жануарлардыжасау үшін әліппе – дәптеріндегі үлгі суреттерді бесшылыққа алады. Алдымен әр топ қалай жасайтындарын түсіндіреді.
Мысалы: аттың денесін жасау үшін жүгеріні таңдап алады. Жүгеріге ұшталған жіңішке бұтақтар пайдаланады. Сонда – ақ аяқтарын ермексаздан жасаса да болады. Жүгері шашақтарынан құйрығымен жалын жасайды. Оларды жіңішке сыммен немесе жіппен бекітеді. Аттың көздері үшін қарбыздың дәнін немесе шемішкені алуға болады. Құлағы үшін жапырақ немесе қиярдың дәнін орнатады.
Итті жасағанда еменжаңғақ пен қысқа бұтақтарды пайдалануға болады. Денесіне үлкен еменжаңғақты таңдап алып, оған алдыңғы, артқыаяқтарын, мойны мен құйрығын орнататын 6 тесік жасайды. Екінші кішірек еменжаңғақты бас ретінде алып, мойнын біріктіретін орынды теседі. Екі жағы ұшталған қысқалау бұтақпен басы мен денесін біріктіреді. Содан соң ұшталған төрт бұтақты денесіне жасалған тесікке орналастырады. Бұл – оның аяқтары. Егер бізбен, пышақпен жұмысістеу қиындық тудыратын болса, жануарлардың бөлшектерін денесіне ермексазбен бекітуге болады. Құйрығы, құлағы үшін жапырақты пайдаланамыз. Құйрығын иілген бұтақтан жасауға да болады. Құлағын жаңғақ қабығын екіге бөліп алып, желіммен немесе ермексазбен бекітеміз. Сол сияқты итті басқа да материалдардан жасау жолын балаларға тапсыру олардың шығармашылық қабілеттерін арттырады
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Балалар бір бірінің жұмысына қааарррап бағаларын берді. Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жануарлардың түрлерін
Болу керек: Жануарлардың пайдасын
Үйрену керек: Табиғи материалдармен жұмыс жасауды.

9 – сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: темір конструктор бөлшектерінен арба құрастыру
Мақсаты: темір конструктордың таныс бөлшектері жайындағы түсініктерін бекіту, жаңа бөлшектерімен таныстыру; арбаны құрастырукезінде дөңгелекті бұрандамен бекіту тәсілін меңгеру; қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру; конструктормен ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу ( ауызға алмау, бөліктерді жоғалтпау, т.б.).
Керекті құралдар мен материалдар: «Механик 1» («Механик 2») конструкторлары, үлгі суреттер, әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, конструктор бөлшектерін құрастыру жолдарын көрсету.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: темір конструкторлармен жұмыс жасап, өз еркімен құрастыру; құрастырылған үлгі суреттерді қарау
Билингвальдық компоненттер: арба телешка
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.
Кел,балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Қадірлі боп жүрейік!
Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Өткен сабақта осындай конструкторлардан саты құрастырғандарын, биік жерге шығу үшін қолданылатынын, онымен ағаштан алма жинауға да болатынын еске түсіріп, бау – бақшада алма өте көп екенін, оны бақшашылар жинап, жәшітерге салып қойғанын, жәшіктердің өте ауырдығын, әрқайсысында 20-30кг алма бар екенін, бұл алмалардықыста сақтау үшін жеміс қоймаларына жеткізу қажеттілігін айта келіп, жақын жердегі қоймаға алманы жеткізу үшін, бақшашылар сендерден арба жасап беруді өтінетінін айтады. Арбаны жасау үшін темір конструктордан жасалған ойыншыққа талдау жасап, әліппе – дәптердегіорындалу ретіне назар аударады:
Өздерінің алдындағы конструкторлардан қажетті бөлшектерді таңдап алу ұсынылады;
Балалар керек бөлшектерді таңдап алып, тәрбиешіге көрсетеді.
Сұрақ – жауап әдісі:
Арба қанша бөліктен тұрады?
Арбаның жалпақ бөлігі, дөңгелектері, білігі, т.б. бар.
Арбаның жалпақ бөлігі не үшін қажет?
Жүк салу үшін.
Дөңгелекті немен біріктіруге болады?
Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп, оны гайкамен бұрапорналастырады.
Арбаның қозғалмалы бөлігіната.
Алдымен білікті жүк салатын аумақтың тесігінен өткізіп, шайбамен біріктіреді, содан соң екі жағынан дөңгелекті кигізіп, гайка және болттың көмегімен біріктіреді.
Балалар өздеріндегі конструктормен арбаны көрсетілген ретпен құрастырады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі. Сабақ барысында балалардың шаршағандығы байқалса, «Қара жолда сықырлап арба келеді» әнімен бой сергіту сәті өткізіледі.
Педагог балалар жұмысын талдауда арбаның беріктігі, бұрандалардың дұрыс бұралуына көңіл бөледі.
Бұл дайындалған арбаны бау-бақша жемістерін жинауға бақшашыларға көмек көрсетулеріне болатынын айтып, сабақты қорытындылайды
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жасалған жұмыстарды бағалау. Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Арбаны құрастыра білу керек
Болу керек:Арбаның сұлбасы
Үйрену керек: Темір құрастырғыштармен мұқият болуды.
10-сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Альбом.
Мақсаты: қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; тіктөртбұрышты қағазды біріктіріп бүктеу және бір-біріне желімей білуге үйрету; оны әшекейлеуде көркемдік талғамын дамыту; бастаған ісін аяғына дейін шыдамдылықпен жеткізе білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға бірнеше ақ парақ қағаз, түрлі түсті қағаз, жіңішке лента, қайшы, желім, әліппе-дәптер, дайын альбом үлгілері.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, қағазбен жұмыс, т.б.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Менің кітабым» тақырыбында жапсыру іс-әрекетімен айналысу, суретті альбомдар қарау
Билингвальдық компоненттер: альбом сурет дәптері.
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педагог балаларға әліппе-дәптердегі үлгіні көрсетіп, жасалу ретін талдайды. Ұсынылған тапсырманы орындауға бағыт береді:
Балаларға парақ қағазды алып, біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсетеді;
Балалар қайталайды, қалған бірнеше парақты алып біріктіре ұстап, оларды ортасынан бүктейді (әр парақты жеке бүктеуге де болады);
Бүктелген қағаздарды бірінің үстіне бірін қойып, түптерін желімдейді;
Түрлі түсті қағаздан альбом беттерінің өлшемімен бірдей мұқаба жасайды;
Альбомның мұқабасының ішіне бір-біріне желімделген беттерді салады;
Лента байлайтын орынды тесу құралымен теседі (педагогтың көмегімен атқарылады);
Лентаны тесілген орыннан өткізіп, сәндеп байлайды;
Альбомның мұқабасын балалар қалауы бойынша немесе көрсетілген үлгіге сәйкес безендіреді;
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп, жұмысты ұқыпты жасауы бақыланады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап, жетістіктерін атап, бұл альбомдарға бос уақыттарында сурет салып, түрлі түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:


11-сабақ. Құрастыру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көпір түрлері. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Машина жүретін көпір.
Мақсаты: балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту; құрастыру материалдарын пайдаланып, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту; көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйреу; бір-бірімен келісуге, көмектесуге, құрылысты өз ойларынан толықтыруға жаттықтыру.
Көрнекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары, көпірдің үлгі суреттері, машиналар, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: құрастыру материалдарын орынды қолдануға дағдыландыру; диалог түріндегі әңгіме, ойын іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жақын маңайдағы адам немесе көлік өтетін көпірге мақсатты серуен ұйымдастыру; көлік түрлері жайында, жол ережесі туралы әңгімелесу.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.

Педагог балаларға қолындағы жеделхатын көрсетіп: «Балалар, бізге құрылысшылар жеделхат жіберіпті. Қазір мен сендерге не жазғанын оқып берейін. Бізді жаяу жүргіншілер жүретін көпірді жасауға көмектесуді өтініпті. Біз құрылысшыларға барамыз ба, балалар? Ал барар болсақ, немен барсақ екен?»
Балалар: Автобуспен.
Педагог: Ендеше, қане, барлығымыз қатарға тұра қалайық та, аялдамаға барайық. Міне, балалар, біздің автобусымыз да келіп қапты. Жайғасайық.
Жүргізуші: Келесі аялдама- Жандосов көшесі.
Автобус аялдамаға тоқтайды. Сол кезде автобусқа әже мінеді де, бір балалның жанына келіп тұрады. Бала тұрып, орын береді.
Әже, Мына жерге отырыңыз.
Әже ақ ниетін білдіреді: «Көсегең көгерсін, үлкен жігіт бол!»- деп, батасын береді.
Жүргізуші: Келесі аялдама- дәріхана.
Әже: «Балам, орныңа отыра ғой. Мен қазір түсемін. Саған көп-көп рахмет!»- деп түсіп кетеді.
Педагог: Балалар, Алмас не істеді?
Балалар: Әжеге орын берді.
Педагог: Алмас қандай бала деп ойлайсыңдар?
Балалар: Әдепті.
Педагог: Әдептілік туралы қандай тақпақ білесіңдер:
Балалар:
Біз әдепті баламыз, Автобусқа мінеміз
Үлкенге орын береміз. Қолтығынан демеп біз.
Кейбіреуше көрмеген боп Біз- әдепті баламыз,
Бермеуді ұят көреміз. Әңгімеге қызбаймыз.
Біз- әдепті баламыз, Атамыз бен әжеміздің
Үлкенге көмек береміз. Сөзін жөнсіз бұзбаймыз.
Педагог: Міне, сендер қандай жақсы баласыңдар.
Жүргізуші: Құрылысшылар аялдамасы.
Балалар автобустан түсуге дайындалады. Жолдан өту керек. Балалар тоқтап қалады.
Педагог: Балалар, біз неге тоқтап қалдық?
Балалар: Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр. Біз жасыл көзі жанғанда жолдан жүреміз.
Педагог: Бағдаршамның жасыл көзі жанғанша кім маған тақпақ айтып береді.
Бас көшеде қырағы Қызыл көзін ашқанда,
Үш дәу тұрады. Сынық сүйем баспа алға.
Ашса кезек үш көзін Сары көзін ашқанда,
Айтты деп біл үш сөзін. Қарап қалма аспанға.
Тоқта, сақтан, жол ашық, Жасыл көзін ашқанда,
Жүрме жолға таласып. Өте бергін жасқанба.
Жасыл жанады. Балалар жолдан өтеді. Құрылысшы ағайға келеді.Амандасады. Ағай өзінің шақырған себебін айтып түсіндіреді.
Құрылысшы: Балалар, мына заттардан көпір құрастырып жасауымыз керек. Қане, сендер көмектессеесіңдер ме ?
Балалар: Көмектесеміз.
Құрылысшының рөлін педагог өзі орындайды. Балалар тақпақ айтып болған соң, құрылысшының баскиімін, алжапқышын киіп келеді.
Педагог: Ал енді, көпір құрастыру үшін не істейміз?
Әртүрлі көпірлердің суреттерін көрсетеді, үлгі суретке талдау жасайды (әліппе-дәптердегі). Балалар дәптерге мұқият қарап, көпірді қалай құрастыру қажеттігін ойланады. Жаяу адам жүретін көпір мен көлік өтетін көпірді салыстырып көреді, айырмашылығына назар аударады. Көпірдің бөліктерін атайды: тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсетін ылдиы (екі көпірде әртүрлі пішінде: біреуі- басқыштармен, біреуі- тегіс). Алдымен көпірдің тіреулері, содан соң баоның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері, т.б. жасалады. Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып, астынан машиналар ары-бері өтетіндкей көпірді құрастырып көрсетеді. Балалардан көпірді құрастыру реті сұралады. Балалар іс-әрекетке кіріседі. Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің машиналары өтетіндей етіп, көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыруына бағыт беріледі.
Дайын болған құрылысты талдау кезінде тек тапсырманы орындау ғана емес, құрылыстың басқа түрін ойластырған балалардың жұмыстары көрсетілген.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

12- сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қажетсіз заттармен жұмыс.
Ойыншықтар әлемі.
Мақсаты: балаларды әртүрлі «қалдық заттарды» пайдаға асыра білуге үйрету; йогурттың босаған құтыларынан, пластмасса ыдыстардан алуан түрлі ойыншықтап жасай білу; жасаған ойыншықтарын түрлі түсті қағаз, маркер, ермексазды пайдаланып безендіре білуге үйрету; алға қойған мақсатына жетуге, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: үлгі суреттерді қарау, талдау, әңгімелеу; орындалу ретін түсіндіру, көрсету, ойнау.
Қажетті құралдар мен материалдар: йогурттан босаған құтылар, пластмасса бөтелкелер, сым темір, түтікшелер, баулар, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қылқалам, сулық, маркер, фломастер, ермексаз, қайшы , біз, әліппе-дәптер.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.
Кел,балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Қадірлі боп жүрейік!
Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Дидактикалық материалдар мен әліппе-дәптердегі бос пластмасса ыдыстар, йогурт құтылары, т.б. қалдық заттардан жасалған үлгі суреттерді көрсетіп, педагог әңгіме жүргізеді. Неден жасалған, қандай екеніне мән береді. Балаларға өздеріне ұнаған үлгі суретті таңдау ұсынылады және сол затты немесе өз ойынан басқа затты жасауға болатынын айтады. Үстел үстіндегі алдын ала дайындалған заттардан балалар өздерінің жасайтын бұйымына қажеттісін таңдап алады. Педагог біз, қайшымен жұмыс жасауда өте ұқыптылық қажет екенін, олардың бұйымдарды тесу, кесу кезінде қолданылатындығын және қауіпсіздік ережесін еске түсіреді. Тесу, кесу жұмыстарын педагогтың өзі орындайтынын ескертеді. Үлгілерге талдау жасалады, орындалу реті түсіндіріледі.
Сиыр.Сиырдың денесі үшін сары немесе қоңыр түсті пластмасса бөтелкені пайдалануға болады. Сары қағаздан үлгіде көрсетілгендей басын қиып алу керек. Сәйкес түске ұсақ бөлшектері де қиып алынады. Сиырдың басын денесіне жапсырады. Тіктөртбұрышты қағаздың жапсыруға арналған шетін бірдей бөліктерге бөліп, қиып алғаннан кейін, цилиндр пішінде орайды. Шетін желімдеп бекітеді. Осындай цилиндр пішінді 4 аяқ жасалады. Аяқтарды денесіне желіммен жапсырады. Қара түсті қағаздан дақтарын қиып алып, жапсырады. Жасыл түсті қатырмақағаз бетіне шалғынға ұқсау үшін әртүрлі гүлдерді жапсырады. Шалғынның үстіне сиырды орналастырады.
Мысық. Йргурттан босаған құтыға мысықтың көзінің, тұмсығының, аузының, мұртының суретін салады. Түрлі түсті қағаздан қиып алып, жапсыруға да болады. Құлағын орнататын орынды өлшемін сәйкестендіріп кеседі. Қағаздан қиып алынған құлақты осы тесікке кигізеді. Бұл құтыны екінші құтыға желімдеу кезінде қолы мен құйрығын арасына бірге желімдеп жібереді. Қатырмақағаз бетіне жасыл шалғын мен көлді бейнелеп, мысықты қолына қармақ ұстатса, балықшы мысық болып шыға келеді.
Бақа. Жасыл қатырмақағаздан басы мен тқрт аяғын қиып алады. Басына сәйкес түстегі қағаздардан көзі, аузы, мұрны қиып алынып, жапсырылады. Фломастермен салуға да болады. Үлкендердің көмегіиен йрогурттың құтысына бізбен төрт тесік салады да, оған табандары жапсырылған иілген сымдарды енгізеді. Сары қағаздан құрсағын қиып, оны құтыға жапсырады. Басын құтының түбіне салынған тілікке кигізеді. Түйме мен моншақтарды жіпке тізіп, қасына инелік жасап қоюға болады.

Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Бұйымдарды жасап болғаннан кейін, балалар бір-бірінің жұмысын өздері бағалайды. Сабақ соңында балалар өздерінің жасаған бұйымдарына арнап, тақпақтар құрастырады немесе жатқа білетін өлеңдерін, жұмбақтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

13- сабақ. Құрастыру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көпір түрлері. Теміржол үстінен
және өзен үстінен өтетін көпірлер.
Мақсаты: әртүрлі көпірлер құрастыру дағдыларын бекіту; мазмұнды ашуға қажетті құрастыру материалдарын өз бетінше таңдап алуға үйрету; бірігіп жоспарлау, жұмыс істеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері: үлгіні талдау, әңгімелесу, жұмбақтар шешу.
Қажетті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдарының жинағы, ойыншық кемелер, пойыздар, машиналар, вагондар, рельс, көк, сұр түсті ені әртүрлі қағаз жолақтары, ойншық адам денелері, әліппе-дәптер.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педагог көпір туралы жұмбақ шешкізуіне болады. Содан соң көпірдің түрлері, олардың не үшін тұрғызылатыны туралы әңгіме жүргізіледі (Дидактикалық материалдар). Алдыңғы сабақта жүргіншілер үшін жасаған көпірдің ерекшеліктерін естеріне түсіреді. Тағы қандай көпір түрлері болатыны әңгіме барысында анықталады. Балалар пайдаланылуына қарай құрылысы әртүрлі көпірлер болатындығы туралы қорытынды жасайды. Қалалардағы әр түрлі үлкен көпірлердің суретін көрсетеді. Көпірлердің жолда жүруді жеңілдететіне, жол ережесін көмектесетініне көздерін жеткізеді. Теміржол, өзендер, жол қиылыстарына салынатын ұзындығы әртүрлі көпірлермен таныстырады. Кейбір көпірдің астында да, үстінде де машиналар ерсілі-қарсылы жүріп жатады. Бұл жүргізушілердің уақытын үнемдейтінін байқату керек.
Педагог қолдарындағы құрастыру материалдарына назар аударуды сұрайды. Әліппе-дәптердегі көпірдің үлгісіне қарай отырып, балалар алдыңғы сабақта жасаған көпірден қандай айырмашылығы бар екенін және осы айырмашылықтарын ескере отырып, қандай бөлшектерді таңдау керек екенін айта алуы тиіс. Өзен үстіне салынатын көпірдің үстінен екі қатар машина сыятындай және жаяу адам жүретіндей белгілі бір кеңдікте болуы керек. Ал көпір кеме, пароход сыятындай биіктікте жасалады. Теміржол үстіне салынатын көпірдің кеңдігі екі бағыттағы машина және жүргінші сыятындай болу керек. Ал көпірдің астынан пойыз жүретін жолдың рельсі салынады.ъ
Балалар шағын топтарға бөлініп, әр топ өздері қалаған көпір түрін (өзеннің, теміржолдың үстінен өтетін) құрастырады. Тапсырманы орындау барысында педагог балалардың іс-әрекетін, шартын бір-бірімен қалай талқылағанын байқайды (мысалы, көпірдің ұзындығын өзеннің енімен сәйкес өлшеу, көпірдің астынан тіреулер қойды ма, т.б.).
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Дайын құрылыстың орындалуын талқылай келе, балалар конструктор жинағының құрастыру бөлшектерінен әртүрлі шартқа сәйкес құылыстар жасауға болатынына, әртүрліліге назарларын аударады. Жұмыстты топта бірдесіп істей алуға дағдыланған балаларды атап өтеді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

14-сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Жануарлар
бейнесіндегі мерекелік маскалар.
Мақсаты: балаларды қағазбен жұмыс жасауға, сызық бойымен дұрыс қиюға, ұқыпты желімдеуге үйрету; шығармашылығын, белсенділігін арттыру; тиісті нәтижелерге қол жеткізіп, еңбек етуге ынталандыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: түрлі түсті қағаздар, желім, қарындаш, қайшы, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: ойын түріндегі жағдаят- Аязатаның шеберханасын ашу; жанажылдық костюм үлгілерін қарастыру; әңгімелесу; үлгіні талдау және жұмыстың орындалу ретін көрсету.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:
Әр түрлі Жаңа жыл мерекесіне киетін жануарлар бейнесін бейнелейтін маскалардың қалай жасалғанын қарап, көрі;
Әр баланың қандай маска жасағысы келетінін сұрау, таңдауға ерік беру;
Олардың жасалу жолдарын түсіндіру, үлгілермен жұмыс жасау (трафарет, шаблондар).
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.
Психологиялық тренинг өткізу.
Педагог Жаңа жыл мерекесі жақындауына орай балалар ән салып, би билеп, сыйлықтарға ие болатын, әртүрлі костюмдер киетін Аязата шеберханасы ашылатынын хабарлайды.
Жаңажылдық маскаларды қарап көрі, қалай жасалғанына көңіл бөлу. Әліппе-дәптердегі үлгі сурттерге талдау жасау.
Қандай жануарлардың бейнесін жасайтынын таңдап алғаннан соң, жұқа қатырмақағазоның басының нобайын сызып алады. Көз, мұрын, ауыз сияқтықажетті ұсақ бөлшектерді дайындайды. Қатырмақағаздан шапка үшін жолақтар қиып алады. Жолақтардың бірін басына орап, өлшемін алады да, желімдейтін жерді белгілейді. Келесі екі жолақты бір-біріне айқастырып желімдеп, биіктігін анықтап, негізгі жолаққа (шеңберге) желімдейді. Содан соң жануарды басының бейнесін қиып алып, оған ұсақ бөлшектерін желімдейді. Дайын бейне басқа киетін бөлігіне желімденеді.
Жұмыс аяқталған соң, балалар өздері жасаған жануарлардың бейнесін киеді. Педагог «Кім екенін тап?» ойынын ойнауды ұсынады. Балалар сөзбен сипатталған жануардың атын тауып, атайды: қоян, аю, түлкі және т.б. немесе қол ұстасып, дөңгелене балалардың қалаған әнін айтқызумен аяқтайды (Жаңа жыл мерекесіне дайындық ретінде).
Аю, бақа, мысықтың бейнелерін жасау үшін алдымен түрлі түсті қатырмақағаздан жолақтар дайындап алып, оны бастарына өлшеп, лента байлайтын орынды белгілеп алады. Содан кейін үлгі бойынша аузы, тұмсығы, көзі, құлағы, т.б. жеке қиып алып, оны жолақ қағазға желімдейді.
Сабақ соңында өздерінің жасағанеңбектерін бағалайды.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

15- сабақ. Құрастыру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй құрастыру.
Мақсаты: үйдің құрылысы туралы түсініктерін қалыптастыру; берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйдің жабындарын жасай алуға, қажетті бөлшектерді дұрыс таңдай алуға, үлгіге талдау жасай білуге үйрету; құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға жеке құрастыру материалдарының жинағы, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізу барысын түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жаңадан салынып жатқан құрылыс орындарына саяхат; сәулет өнерінің ерекшелігі жайында әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгімелету.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педагог алдын ала балаларды қала, ауыл көшелеріне мақсатты серуенге немесе саяхатқа апарып, сабақ басталғанда серуенде көргендері жайлы әңгімелетеді. Балалар өз үйлері неше қабат, олардың ерекшелігі жайында әңгімелеп береді. Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасалады. Педагог үйдің әрбір бөліктеріне мұқият қарауды, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануды тапсырады. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болатындығы, олардың бір-бірінен ерекшелігі айтылады. «Үйлер үлкен, кіші, биік аласа болады, бірақ барлық үйдің іргетасы, қабырғасы, шатыры, терезесі, есігі болады» деген қорытындыны балалар жасай алуы тиіс.
Әліппе-дәптердегі бір қабатты үйдің үлгісіне талдау жасалады. Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Балалар берілген тапсырманың орындалу барысын, ретін толық түсінген соң, құрылысты тұрғызуға кіріседі. Әр бала үйлерді өздеріндегі құрылыс материалдарына сәйкес әртүрлі тұрғызуы мүмкін. Үй тұрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаларға нұсқау беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қна құрылысты жасау техникасы ғана емес (еденін төсеу, қабырғаларын тұрғызу, пластиналарды қою, т.б.) ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылыұпен не қосты- бәрі ескеріледі. Бой сергіту сәті өткізіледі. Құрылыс жұмысы аяқтала бастағанда, балалар кімнің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады, өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Балалар төмендегі жаңылтпашты жатқа жаңылмай айтады.
Үйде ойыншық үлегім,
Үлегіме үремін.
Үремін де, үнемі
Үйіме пмен кіремін.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Аяқталған жұмыстарға талдауды болашақ тұрғындардың атынан балалар өздері айтады(берік іргетас, мықты қабырға, әдемі шатыр,ыңғайлы кіреберіс,терезе, есік,т.б.)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

16-сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қағазбен жұмыс.
Шырша ойыншықтары.
Мақсаты: балалардың шырша шырақтарын қағаздан жасау дағдыларын қалыптастыру; қиылған дайын трафарет, шаблондар бойынша қажетті пішіндерді қиып, бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру; шырша шырақтарын әдемілеп, ұқыпты жасауға, өз орындарын таза ұстап, жұмыстан кейін жинап қоюға дағдыландыру.ъ
Керекті құралдар мен материалдар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, сүлгі, үлгі ойыншықтар, трафареттер мен шаблондар, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: қағазбен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру. Қию, желімдеу іскерліктеріне машықтандыруда қайшымен жұмыс жасауды мұқият қадағалау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Жаңа жылды қарсы алуға дайындықтарын бақылау, білетін өлең, тақпақ, әндерін қайталау; жаңа ән үйрету; шыршаны безендіруге өз үлесін қосу, бос уақыттарында әр түрлі ойыншықтар жасап үйрену.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

-

Жыл мезгілдерінің өзгерісі, ерекшелігі жайында әңгімелеседі. Жақында қандай мерекені қарсы алатындары сұралады. Жыл мезгілдері жайында жұмбақ жасырады.
Жомарт бар асып-тасатын,
Алтын тенге шашатын. (Күз)
Ақ сақалды атаны-ай,
Мінезінің шатағы-ай!(Қыс)
Қыс туралы әңгімелетіп, жақында Жаңа жыл мерекесін қарсы алатындарын, ортада жасыл шырша тұратынын, оның әсем безендірілетінін еске түсіріп, онда сансыз көп шырақтар болатынын, оны қолдан, қағаздан да қиып жасайтындарын ескертеді. Аязата шеберханасындағы жұмысты ары қарай жалғастыратындықтарын айтады. «Бүгін біз түрлі түсті қағаздан шырша шырақтарын жасап үйренеміз»,- деп әртүрлі ойыншық үлгілеріне назарларын аударады. Бірнеше әдемі суреттермен бірге әліппе-дәптердегі суретке зер салып, оларды қалай жасайтындығы түсіндіріледі. Орындалу реті:
Түрлі түсті қағазды таңдау;
Өзі қалаған үлгіге сәйкес трафарет немесе шаблондарды таңдап алу;
Трафарет бойынша үлгіні қагазға бастырып сызып алу;
Сызылған үлгіні қию, бірнешеу (4-6-8) етіп дайындап алу;
Дайындалған үлгіні бір-біріне біріктіріп желімдеу;
Қабаттап немесе қатарластырып бүктеуге балаларға қиындықтар кездессе, көмектесу;
Қағаз түстерінің үйлесімді болуына, араласып келуіне бағыт беру;
Шыршаға ілетін ілектерді қалай жасау керектігін түсіндіру;
Дайын болған шырша шырақтары топ бөлмесіндегі (сыныптағы) шыршаға ілінеді;
Ең әдемі шырақтар таңдалады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жұмыс аяқталған соң, педагог балалардың жасаған шырақтарын сапасына, әсемдігіне, көлемі мен түр-түсінің үйлесімділігіне қарай мадақтап, Жаңа жылға дайындықтарын пысықтау үшін кім қандай өлең, тақпақтар білетінін айтып біруді өтінеді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

17-сабақ. Құрастыру.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көп қабатты үйлер.
Мақсаты: балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға, бөлшектерін, қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету; әртүрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді келісе отырып, өз жоспарлары бойынша құрастыруға дағдыландыру; өз жолдастарының еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: көп қабатты үйлердің суреттері, әліппе-дәптер, құрылыс материалдары.
Әдіс-тәсілдер: құрылысты құрастыру жолдарын түсіндіру, құрылыс материалымен жұмыс түрлерінің әдіс-тәсілдерін ұсынц, өз іс-тәжірбиелерін пайдалануға бағыт беру, ойын іс-әрекетімен жалғастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қаланың (ауылдың) көрікті орындарына саяхат жасау; Астана жайында әңгімелеу; оңтүстік астана туралы шығарма оқу.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.Жыл мезгілі, ай аттары туралы шағын әңгіме жүргізу (мезгілге байланысты).
Құрылысшылар үй салып жатқан сурет бойынша әңгіме құрау.
Құрылысшылар не істеп жатыр?
Үй салып жатыр.
Олар қай жыл мезгілінде үй салып жатыр?
Қыста.
Міне, олар көп қабатты үйді салып болыпты. Неше қабатты үй, қане, санайықша.
Қабатын, есігін, терезесін санау.
Педагог: Ал осы көп қабатты үйді не үшін салады?
Балалар: Адамдар тұру үшін.
Педагог: Біздің еліміз ұлан-ғайыр. Міне, осындай көп қабатты үйлер адамдар тұру үшін салынған. Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 отбасы тұрады. Олар бір-бірімен бір үйдің адамындай өте тату. Бір-біріне амандасады, бір-біріне көмектеседі, т.б. мысалдар айту (имандылық тәрбиесі).
Педагог: Балалар, осы зәулім үйлерді кімдер салады?
Балалар. Құрылысшылар.
Педагог: Ал кез келген адам үй сала ала ма? Жоқ, осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады, құрылысты салу жолдарын үйретеді. Бәріміз «Құрылысшы» деген тақпақты есімізге түсірейікші.
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Енді, балалар, біз ос суреттегідей көп қабатты үйді құрастырып көрейік. Ол үшін бәріміз бүгін құрылысшылар боламыз. «Құрылысшы» ойынын ойнаймыз.
Ойын шартын түсіндіру. Көп қабатты үйді тұрғызу үшін балалар 2-3 бригадаға бөлініп, жетекші сайлап, басқалары құрылысшы болады. Жұмысқа кіріспес бұрын педагог біршене фотосурет және үлгі суреттерді пайдаланып, жалпы түсінік береді. Әліппе-дәптер бойынша талдау жасайды. Бұрын құрастырған үйлерді еске түсіреді. Ең алдымен неден бастау керектігін, үйдің қандай бөліктері бар екендігін сұрайды. Балалар үйді іргетасынан бастап тұрғызу керектігін, қабырғаларын, есігін, терезелерін орналастыру жайын, т.б. өз ойларын айтады. Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп, міндеттерін бөліседі;
Қай жерге құрылыс салу қажеттігі белгіленеді;
Қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды;
Неше қабатты етіп тұрғызу, неше кіреберісі болатыны ойластырылады;
Үйдің іргетасынан бастап, қабырғалары, терезелері, есіктері және кіреберіс, алаңдар, т.б. жасауды балалар кезектесіп орындайды;
Кейбір балаларға көмек көрсетіліп,іс-әрекетіне бағыт беріледі;
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Балалардың тұрғызған көп қабатты үйлері салыстырылып, бригадалар бір-бірінінің құрылыстарына талдау жасап, бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

18-сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қамшы өру.
Мақсаты: қол еңбегіне, өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру; ұлттық «Қыз қуу», «Бәйге», «Көкпар» сияқты ойындар үшін қамшы өрумен таныстыру; үш өрім өруді, ұшын бекітуді, сабымен біріктіруді үйрену; жіптердің түсін үйлестіре өру әдіс-тәсілдерін меңгеру; тапсырылған істі ұқыпты, тиянақты орындауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: 3 түсті жіп (қызыл, сары және жасыл), тобылғы немесе жұмыр таяқша, әліппе-дәптер, ұлттық ойындарды бейнелейтін суреттер.
Әдіс-тәсілдер: өру әдіс-тәсілдерін көрсету, іс-әрекет барысын сипаттау, басшылық жасау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: ұлттық ойындар туралы алдын ала түсінік беру; сабы тобылғыдан және еліктің сирағынан жасалған қамшыны көрсетіп, жасалу жолындағы ерекшелңктермен таныстыру; қамшыны не үшін пайдаланатынын ұғындыру.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педагог балаларға қамшыны көрсете отырып: «Менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қояды. Балалардың қамшы туралы білетіңдерін тыңдап, олардың жауаптарын толықтырады. Қамшының неден жасалатындығы, өрім саны әртүрлі болатындығын суреттерден көрсете отырып түсіндіреті. Педагог эпостық жырлардағы Қобыланды, Алпамыс, Қамбар, Ер Тарғын сияқты батырлардың ерлігін қысқаша еске түсіре кетеді. Олардың жауды жеңудегі сеімді серігі- аттары болғандығы туралы айтады. Ат қай кезде қатты, қай кезде жай жүруі керек екендігін иесінің қамшыны сілтегенінен біледі. Аттың жылдам жүгіруі қамшыға байланысты. Аттың жылдамдығы аң аулау, әртүрлі ұлттық ойындар кезінде қажет. Қазақтың ұлттық ойындарының көпшілігі ат үстінде өтеді. Мысалы: «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Теңге ілу», т.б.
Екі қамшыны салыстырып көрсетеді (шеберлер өрген қамшының және жай жіптен өрілген қамшы). Нағыз қамшыны жақсы иленген тері тілімдерінен өреді, ал сабын тобылғыдан, еліктің сирағынан жасайды. Ал өздері түрлі қозғалмалы ойындар ұйымдастыру үшін, ешкімге жарақат әкелмейтіндей жіптен жай қамшы өретіндіктерін айтады. Жай қамшының өрімінің түстеріне назарларын аударады (3 түрлі түс: қызыл, сары, жасыл). Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге, үш өрімді өру тәсіліне талдау жасайды. Өру жұмысын екі бала бірігіп орындау тиімді болады. Алдымен біреуі жіптің ұшын ұстап отырады, екіншісі өреді, содан соң орындарын ауыстырады. Өрімнің басталатын ұшын түйіндеп байлайды, үш жіптің ұзындығы бірдей болуы тиіс. Бір бала түйілген жерінен ұстап тұрады, екіншісі өреді. Өру тәсілін педагог көрсетіп түсіндіріп береді. Өріп болған соң, аяқталған ұшын да түйеді. Өрімді таяқшаға байлайды. Міне, осылай қамшы дайын болады.
Жұмыс барысында қиналған балаларға педагог көмектесіп, балаларды бір-біріне жәрдемдесуге шақырады.
Дайын жұмыстарды қарап, ұқыпты да әдемі жасалған еңбектерді атап өтуі керек.
Дайындалған қамшыларды пайдаланып, ұл балаларға «Жігіттер» ұлттық биін орындатуға болады. Әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болады. Әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға да болады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Дайындалған қамшыларды пайдаланып, ұл балаларға «Жігіттер» ұлттық биін орындатуға болады. Әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болады. Әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға да болады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

19-сабақ. Құрастыру.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Мен тұратын көше.
Мақсаты: бір қабатты, көп қабатты үйлерді құрастыру дағдыларын бекіту; балаларды әр түрлі ғимараттарды шығармашылықпен өз беттерінше құрастыра білу, сәйкес бөлшектерді таңдай білу дағдыларын арттыру; ұжымдық жұмысқа қол жеткізу; ғимараттардың, құрылыстың әдемілілігін көре білуге үйрету; туған қалаға, ауылға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу; ұжымдық жұмыс барысында бір-бірімен ізгі қарым-қатынаста болуға, өзара сыйластыққа жіне достастыққа тәрбиелеу; атқарылған істің сапсы ұжымның әрбір мүшесінің бірлесе жұмсаған күш жігнріне байланысты екенін түсіндіру.
Керекті құралдар мен материалдар: құрылыс материалдарды, суреттер, әліппе-дәптер, қосымша безендіруге қажетті заттар: ағаштар, машиналар, т.б.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап үлгіні талдау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жақын орналасқан көшеге саяхат жасау; өздері тұратын көше жайлы әңгімелету.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Сұрақ: Біз не көрдік?
Жауаптар: кең жол, машиналар, жаяу жүргіншілер, алуан түрлі көліктер, үйлер, көп қабатты зәулім ғимараттар, дүкендер, жасыл желек ағаштар және т.б.
Сұрақ: не істедік?
Жауап: Машиналардың шуылын, адамдардың даусын және т.б.
Бұл көше қалай аталады?
Кімнің құрметіне бұлай аталған екен?
Мына әдемі үйлерді кім салды екен? (құрылысшылар, сәулетшілер).
«Құрылысшылар» атты өлең оқылады немесе тәрбиші жұмбақтжасырады.
Ұзын-ұзын, ұзын жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпас жалғанда. (Жол)
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
Көшенің сәні ағаш екені айтылады, ағаштың пайдасы туралы әңгімелейді.
Педогог: Көшеде тағы не кездеседі?
Балалар: Көліктер.
Арқасында ауыл жүр.
Ала тайым шауып жүр (Автобус)
Құрылыстың түрлі үлгілерін әліппе дәптерден қарап көреді.
Педогог: Құрылысшы – кім ол. Оны басқаша қалай атауға болдаы? Құрылысшылар білімді, еңбекқор болса, не жақсы болады? Құрылысшылар білімсіз, жалқау болса, не болады? (Құрылыс қисық, көріксіз, тегіс емес, т.б.)
Педогог: Бүгін сендер құрылысшы болып, өз қаламызға жаңа көше тұрғызасындар. Оны қалай атасақ екен? (Балалар жауабына орй атау). Біздің көшеміздің орны мынау болсын (жұмыс істелетін жеоді көрсетеді), ал мынау-құрылыс материалдары. Сендердің міндеттерің осы көшеге әртүрлі құрылыстар туғызу. Не салғыларың келеді? Бірақ естеріңде болсын, біздің көшенің сәнді болуы сендердің тиянақты еңбектеріңе байланысты.
Бұдан соң балалрдың өз бетімен әрекет етуіне жол беріледі.
Жасалған жқмысты талдауға ( құрылыстың сәнділігі, беріктігі, түстердің үйлесуі және т.б.) басшылық жасалады.
Сабақтың соңында балалрмен ақылдаса отырып, көшенің аты тағайындалады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жасалған жқмысты талдауға ( құрылыстың сәнділігі, беріктігі, түстердің үйлесуі және т.б.) басшылық жасалады.
Сабақтың соңында балалрмен ақылдаса отырып, көшенің аты тағайындалады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

20-сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қажетсіз заттармен жұмыс.
Көңілді шеберхана.
Мақсаты: әртүрлі заттардан қуыршақ жасауды үйрету; баланың шығармашылығын, қиялын, тапқырлығын дамыту; саусақ театры ойындарымен таныстыру.
Керекті құралдар мен материалдар: қайшы, жіп, фломастер, желім, қылқалам, бояу, шұлық, түрлі түсті қағаздар, мата қалдықтары, түйме, қағаз тәрелке ағаш немесе пластмасса қасық, кірқыстырғыш, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: әртүрлі заттармен жұмыс жүргізуге бағыт беру; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сахналау, ойын іс-әрекеті.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:заттармен таныстыру, олардан жасалған ойыншытарды көрсету.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педогог балаларға саусақ ойындарын түсіндіреді. Әртүрлі заттардан қуыршақ театрын жасауды ұсынады. Әліппе-дәптердеегі берілген үлгілерді таңдау.
Ағаш немесе пластмасса қасықтан жасалған қуыршақ.
Қасықтың дөңес жағына қуыршақтың бет-әлпетінің суреті салынады. Бірнеше қасыққа әртүрлі көңіл күйді білдіретін бет әлпетті салуға болады.
Теннис добынан қуыршақ жасау.
Теннис добына қуыршақтың бет-әлпетін салу немесе түрлі түсті оракалды қолдануға болады. Балмұздақтың ағаш таяқшасына допты жапсыру. Таяқша колорамалмен немесе матамен жабылады. Қуыршақтың мойны болатын жерді белгілеп, сол жерден жіппен немесе резеңке тартып, жаға кигізу. Жағаны басқа түсті матадан немесе оралкадан қиып қиып аламыз.
Кірқыстырғыштан қуыршақ жасау.
Кірқыстырғышқа қуыршақтың бет-әлпетінің суреті салынады. Киімі үшін мата қалдығы пайдалануға болады. Шашын жіптен жасайды.
Қағаз пакеттен жасалған қуыршақ
Қағаз пакетке қуыршақтың бет-әлпеті бейнеленеді немесе түрлі түсті қағаздан қиып алып, жапсыруға болады. Қағазды ойып, мұрнын жасап, ойылған жерге сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтар қол болады.
Шұлықтан қуыршақ жасау.
.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Шұлықтың іші керексіз шүберектермен немесе мақтамен толтырады. Көзінің орнына түйме тігіледі. Тұмсығына басқа түсті матаны жапсыруға болады. Шұлықтың ішіне сызғышты тігінен қойып, жіппен немесе резеңкемен бекітуге немесе қолға киізуге де болады Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

21-сабақ. Құрастыру.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ірі көлемді конструктор
Бөлшектерінен көлік құрастыру.
Мақсаты: балаларды ірі құрастыру материалдарымен таныстыру; өздігінен дербесәрекет етуге, құрастыру жұмыстары арқылы ойын аясын кеңейтуге үлес қосу; балалардың құрастыра білу қабілетін қалыптастыру, ой-қиялын және шығармашылығын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар: цилиндр, арқалық (балка), алтықырлы құрастыру материалдары, текше, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, т.б.
Әдіс-тәсілдер: қарап көру, талдау жасау, сұрақ жауап, әңгімелесу, құрастыруды ойында пайдалану.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педогог поролоннан жасалған ірі көлемді конструктор бөлшектерін көрсетіп, талдау жасайды, түстеріне балалардың назарын аударады, олар көлеміне, пішіне мән бере отырып, кеңістікке қалай орналасқанын сипаттап айтады. Құрастырылған материалдардың аттарын атайды: цилиндр, трапеция, қырлы форма, текше, үшбұрыш, төртбқрыш, т.б. Бұл материалдармен қалай құрастыруға болатынын түсіндіру, өздері тәжірибе жасап құрастыруға болатынын түсіндіру, өздері тәжірибе жасап құрастырып көруді ұсынды. Әртүрлі суреттерге үлгілерді қарап көріп, олардың жерде жүретін, суда жүзетін және аспанда ұшатын көлік түрлері екенін айтады. Балалар үш топқа бөлініп, көлік түрлерін құрастырады. Құрастырып болған соң өздері жасаған көлік түрлерін қалай құрастырғанын, материалдардың оналасуы, пішіні, көлемі, және оның маңызы туралы әңгімелейді. Бұл көлік түрлерін қайдан көрді, оның қайсысына отырып көргендігі жайында әңгімелейді. Құрастыру жұмыстары балалардың ойынымен жалғасады. Қоры
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

22-сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Матамен жұмыс.
Мектеп шеберханасына саяхат.
Мақсаты: мектептегі тігін шеберханасымен таныстыру; мата түрлерімен таныстыру, олардың түсін, сапасын ажырата білуге үйрету; шеберханадағы тігін құрал-жабдықтарымен, олардың пайдаланалуымен, құрылысымен танысу; қауіпсіздік ережесі туралы түсінік беру.
Керекті құралдар мен материалдар: мектептегі тігін шеберханасындағы тігуге арналған құрал-жабдықтар.
Әдіс-тәсілдер: мата түрлерімен таныстыру, тігін жұмысын бақылау, саяхатта көргендерін әңгімелету, сұрақ-жауап, пән мұғалімінің әңгімесі, т.б.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: сән журналдарындағы суретті қарау, «Қуыршақьы киіндіру» атты дидактикалық ойынды ойнату (жыл мезгіліне сәйкес).
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Балаларды мектептің тігін шеберханасына саяхатқа апару. Үй шаруашылығы сабағының мұғалімі ондағы құрал-жабдықтармен таныстырады. Ол таныстыру кезінде дайын үлгілерді, киімдерді, әртүрлі маталарды көрсетеді (жібек, мақта матасы, қалың мата, дәке, сиса, т.б.). маталардың түр-түсін, сапасын әңгімелеп, дәке мен шытты салыстырады, ерекшелігіне тоқталады. Үлгілерді пайдаланып өздеріне көйлек тігуге болатынын айтып, матаны үлгіге салып қиып көрсетеді. Мата қалдықтарынан қиылған түрлі түсті ұсақ бөліктерден «Құрақ құрау» ойынын ойнауды ұсынады. Әртүрлі пішінді (төртбұрыш, үшбұрыш) маталарды түстеріне қарай үйлестіріп, құрақ құрайды. Шағын топпен жасалған құрақтардың сапасы айтылып, еңбек нәтижесі мадақталады. Шеберханадағы құралдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстырады:
Ине-жіпті сақтау;
Қайшымен ұқыпты жұмыс жасау;
Жұмыс орындарын таза ұстау, еңбек әрекетінен кейін орындарын жинау, т.б.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

23-сабақ. Құрастыру.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жолаушылар таситын кеме
Мақсаты: суда жұзетін көлік түрлерімен таныстыру; құрылыс материалдарынан сызба үлгіге қарап, жолаушылар таситын кеме құрастыру тәсілін үйрету; құрастыру жұмысы арқылы ойлау қабілетін дамыту; балалардың құрастыруға деген қызығушылығын арттыпърып, белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдарның жинағы; ұсақ ойыншық (адам бейнелері), кеме түрлерінің суреті, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ жауап, кеме құрылысын талдау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суда журетін көлік түрлері жайында сурет бойынша әңгіме құрастыру; «Теңіз толқиды» қимылды ойыны.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1.Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді.
Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педогог суда жүзетін көлік түрлерінің туралы әңгіме жүргізіп, олардың не үшін пайдаланылатыны, үлкен, кіші, жолаушылар таситын, жүк таситын, әскери деп бөлетіні айтылады.
Суда жүзетін көлік түрлерін сурет бойынша салыстыра келе, барлық кемелердің негізгі бөлігі сопақша, ұшы сүйір болып келетінін анықтайды. Кеменің жылдамдығын, ыңғайлылығын оның пішініне қарап қояды. Мысалы, әскери кеме жылдам жүзуі, шабуылдан жалтарып кетуі, тез бұрыла алуы керек, сондықтан ол ұзынша болып келеді. Ал жүк таситын кемелер жүк көп сыятындай жалпақ, кең болады, олар жай жүреді, әрең бұрылады. Жолаушылар таситын кеменің ұзындығы, ені орташа болады.
Содан соң педогог балаларға кемені әліппе-дәптерде берілген сызба бойынша құрастыруды ұсынды. Педогог жолаушылар таситын кеменің негізгі бөліктерін (палуба, каюта, жүргізу бөлігі, т.б.) еске түсіреді. Балаларға жеке көмек көрсете отырып, педогог бастаған жұмыстарын аяғын дейін жеткізулерін қадағалайды.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан соң балалармен бірлесіп талдау жасалады. Орындарын жинау ескертіліп, жұмыс барысы «Теңіз толқиды» ойынымен жалғасады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

24-сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Матамен жұмыс.
Тігіс түрлерімен таныстыру
Мақсаты: балаларды қол еңбегімен, ине-жіппен, тігу түрлерімен таныстыру; ине-жіппен жұмыс істеу тәсілмен таныстыру; инені сабақтау, ұшын түюді үйрету; «көктеу» және «шеттік» тігіс түрлерімен таныстыру; ине-жіпті пайдалану ережелерін сақтауға үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: ине-жіп, қайшы, мата, тігі түрлері көрсетілген үлгі суреттер, тігістің орындалу тәсіліне арналған тесіктері бар қатырмақағаза, әліппе-дәптер, дидактикалық материалдар.
Әдіс-тәсілдер: дайын тігілген қыздар көйлегін қарап, ұқыпты тігілген тігіс түрлерінің орындалу тәсілін түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, т.б.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тігінші еңбегі жайында әңгімелесіп, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, тігіс түрлеріне байланысты суреттер пайдалану.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.
Педогог сабақты жұмбақ жасырудан бастайды.
Өзі жүріп отырады,
Ізі тігіп отырады. «Ине»
Балалар жауабынан кейін бүгін инені сабақтаумен, тігу тәсілмен танысатындарын айтады.
Тігіп үйренбес бұрын ине-жіппен жұмыс істеу ережелерімен танысады:
Инені кез келген жерге тастама, ине салғышқа салып қой.
Инені ешқашан аузыңа салма.
Инеге жіпті сабақтағанда, оны аузыңа салма.
Жіпті тісіңмен тістеме: ол тісіңді бүлдіреді.
Тот басқан инені тігуге пайдаланба.
Ережені тәрбиеші нақты түсіндіріп, балалардан қайталап сұрайды. Ине туралы өлең оқылады.
Ине-жіпті пайдалану тәсілдері айтылады. Балаларға өздерінің инелеріне жіп сабақтауды үйретеді. Жіп ине көзінен өткізіп алған соң, жіптің ұшын түюді көрсете отырып түсіндіреді. Әр баланың іс-әрекетіне көңіл бөледі. Ине-жіпті сабақтауды үйренгеннен кейін, әліппе-дәптердегі сурет бойыша (немесе матадағы тігіс түрлері) тігіс түрлерін көрсетеді.
Қатырмақағаз жолағында «көктеу» тігісі көрсетілген. «Көктеу» тігісі көбінесе уақытша тігіс ретінде қолданылады. Ол жеке шаншымдардан тұрады. Шаншым – бұл жіптің матадағы ізі (жеке шаншымдарды көрсету). Көп шаншымдар тігісті құрайды. Педогог көктеп тгу тәсілін қатырмақағазда орындап көрсетеді. Инені матаның теріс жағынан шаншу керек екенін ескертеді. Балалардың барлығына алдын ала ине шаншатын орындары көрсетілген қатырмақағаз беріледі. Қатырмақағаздың шетінен ұстап, инені теріс жағынан бетіне қарай өткізіп, одан соң бет жағынан теріс бетіне өткізіп жаттығады. Қатырмақағазға қалауы бойынша бір немесе екі қатар тігіс тұсіруге болады. Содан соң балалар тігіс түрн матаға оырндап үйренеді.
«Шеттік» тігіс жеке бөлшектерді (матаны) біріктіру үшін, кейде безендіру ұшін де қолданылады. Педогог тігу тәсілін қатырмақағазда барлық балаларға көрсете отырып орындайды. Сабақтаулы инені бірінші тесіктен теріс жағынан енгізіп, оң бетіне шығарады. Келесі тесіктен де теріс жағынанан өткізіп, оң бетіне шығарады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Балалардың тігу жұмысын қалай орындағандары талданады, жекелей кеңестер беріледі. Сабақ соңында «Ине мен жіп» қимылды ойыны ойналады. Бір бала ине болады, қалған балалар жіп болады. Жіптің қызметін атқаратын балалар иненің соңынан қалмауға тырысулары керек.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

25-сабақ. Құрастыру.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қажетсіз заттардан құрастыру.
Жиһаз
Мақсаты: қағазбен, өндіріске қажетсіз заттармен жұмыс жасауды жалғастыру; балаларға ойыншықтарға арналған жиһаздар жасауды үйрету; жұмысты өздерінің ой-қиялымен толықтыру; еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу.
Керекті құралдар мен материалдар: киндер-сюрприздің қақпақтары, сіріңке қораптары, түрлі түсті қағаздар мен қатырмақағаздар, желім, қылқалам, қайшы, жай қарындаш, сүлгі және әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жиһаз жасаудың ретін түсіндіру және талдау жасау, иллюстрациялық суреттер мен үлгілерді көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: «Жиһаз» дүкеніне саяхат жасау, жиһаздарды кім жасайды, ол не үшін керек, неден жасалатыны жайында әңгімел есу.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Педогог балаларға үстел үстіне дайындап қойған материалды: киндер-сюрприздің қауашақтары, сусын, шырындардың бөтелкелерінің қақпақтары, сіріңке қораптары, т.б. қарауды ұсынады және бұлардың ешкімге керексіз қалдық заттар екенін, осы қажетсіз заттарды пайдаға асыруға болатынын айтады. Балалар олардан қуыршаққа арналған әдемі жиһаздар жасайды. Дидактикалық материалдардағы жиһаз үлгілері талданады.
Педогог өзінің қысқаша әңгімесінде балаларға жиһаздардың түрлері және оның бөліктерін көрсетіп, оны жасайтын шеберлер еңбегі жайында баяндайды, бүгін осындай шеберлер сияқты жиһазды өздері жасайтынын айтады. Үлгіге талдау жасалады. Әліппе-дәптердегі жиһаздың орындалу ретінде тоқталып, түсіндіреді.
Үстел. Төрт тігінен тұрған киндер-сюрприздің қауашығының жартысы – бұл аяқтары, кез келген түрлі тіктөртбұрышты қатырмақағаз беті- үстелдің қақпағы болады. Қағазды дөңгелектеп қиып, қауашықтың үстіне қойса дөңгелек үстел шығады.
Орындық. Тігінен тұрған киндер-сюрприздің қауашығының үстіне ортасынана кең бүктелген түрлі түсті қатырмақағаз жолағын жапсырамыз, содан кейін жолақты ашамыз, сонда арқылығы бар орындық болады. Қауашақты отыратын орындықтың ортасына орналастыру керек.
Осы жиһаздардың жасалу жолын көрсеткеннен кейін, балалар алдарындағы қалдық заттардан өз бетінше түрлі бұйымдар құрастыра алады. Мысалы:
Шкаф. Сіріңке қорабының ішкі бөлігін ( 3-4 дана) көлдеңінен орналастырып, бір-біріне желімдейміз.
Диван. 1-түрі. Тігіннен тұрған екі киндер-сюрприздің қауашағының сыртына немесе екі шырын ыдысының қақпағана тіктөртбұрышты екіге бүктелген қатырмақағазды жапсырамыз, содан соң бүктелген қағазды жазып, диванның арқасына шығарамыз, киндер-сюрприздің қауашағының жартысын қағаздың шетіне орналастырамыз.
Диван. 2-түрі. Екі сіріңкенің қорапшасын оның екі жағына бір-біріне желімдеймізде, сыртын түрлі түсті қағазбен айналдыра жапсырамыз- бұл диванның негізі болады, қораптардан дәл осылай диванның арқасын жасаймыз. Бүйір жағы үшін екі жеке өорап аламыз, оларға да түрлі түсті қағазды жапсырамыз. Диванның негізіне арқасын және екі бүйір жағын біріктіріп желімдейміз.
Төсек. Екі сіріңкенің қорапшасын оның ені жағынан бір-біріне желімдеймізде, сыртын түрлі түсті қағазбен айналдыра жапсырамыз – бұл төсектің негізі болады. Төсектің екі еніне шаршы пішінді қатырмақағазды қиып алып, жапсырамыз. Төсектің екі шетін түрлі түсті қағаз желімденген сіріңке қорабынанда жасауға болады.
Барлық жасалған жиһаздарды ұсақ, әдемі гүлдермен немесе геометриялық ою-өрнектермен әшекейлейміз.
Қуыршаққа арналған жиһазды бір «бөлмеге» орналастырып, оның жасалуы, орналасуы жайында, талдау жасалады. «Отбасы» немесе «Қуыршақта қонақта» атты ойындар ойнатуға болады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Педогог балалардан еңбек туралы мақал-мәтелдерді сұрап, өзі мақал айту арқылы қорытындылайды.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарнын тіленбей.
Еңбек етпеген ішіп жемейді. т.б.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

26-сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Матамен жұмыс.
Сулықты шашақтау.
Мақсаты: матаның түрлері, сапасы жайында білімдерін тиянақтау; сулықты шашақтау тәсілін үйрету; инені сабақтау, дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережесін сақтау дағдыларын қалыптастыру ерінбей еңбек етуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға 20х20 сантиметр өлшеміндегі мата, ине, жіп, қайшы, шашақталған дайын сулықтардың суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, әдемі сулықтар салынған қобдиша, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгңмелеу, іс-әрекеттің барысын бақылау, көмек көрсету.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: сәнді сулықтардың суретін қарау, сулықты безендіру үшін аппликациялар дайындап алу.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік



Педагог «сиқырлы қобдишаны» көрсетіп, оның ішінде не бар екеніне балалардың назарын аударады. Ішіндегі түрлі түсті әдемі сулықтарды алып, шашақталған сүлгі мен шашақсыз сулықты салыстырып көрсетеді. Шашақталған сүлгінің әдеміліігне тоқталып, осындай әдемі сулықты өздері жасайтындықтарын айтады. Ол үшін әліппе – дәптердегі сулықты қарап, талдау жасайды. Сулық жасау үшін, шыт мата таңдап алынады. Өйткені оның жіптері көлденеңінен және тігінен тоқылған. Педагог сулықтың шетінен иненің ішымен бір жіптің ұшын шығарып, үзбей суырып көрсетеді. Инені ұқыпты ұстап, бір – біріне кедергі келтірмеу керектігі ескертіледі. Балалардың іс – әрекетіне бағыт беріліп, кейбір балаларға көмек көрсетіледі. Уақыт жетсе, сулықтың шетін « көктеу» тігісімен көркемдеуге немесе түрлі түсті қағаздардан өрнектер қиып алып, жапсырып, әшекейлеуге болады. Дайын болған сулықтарға баға беріліп, келесі сабақта кесте тігетіндіктері ескертіледі.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

27 – сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сіріңке қораптарынан керуен құрастыру.
Мақсаты: сіріңке қораптарынан түйені және керуен басын құрастыру; сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын қалыптастырып, қораптарды біріктіру, бір – біріне кигізу, желімдеу ретін түсіндіру; жұмыс барысында балалардың ой – қиялын дамытып, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: сіріңке қораптары (әр балаға 6 данадан), түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қылқалам, әліппе – дәптер, фломастер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, көрнекілік, ойын іс – әрекетіне ауысу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға арналған «Сен білесің бе?» топтамасының «Ұлы Жібек жолы», «Түркістан» кітаптарынан үзінділер оқып беру, керуен туралы түсінік беру.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік


Педагог Қазақстан жерінде орналасқан Түркістан қаласының тарихымен қандай оқиғалар байланысты екенін еске түсіруді ұсынады. Балалар қаланың Ұлы Жібек жолында орналасқанын айтады. Ұлы Жібек жолы бойымен керуен арқылы әртүрлі тауарлар тасымалданғаны жайында түсінік береді. Жүк тасу үшін және ұзақ шөлді жолға түйелердің ғана шыдайтыны туралы айта келіп, түйенің ерекшелігімен таныстырады.
Педагог балаларға саяхатқа шығу үшін өз керуендерін құрастыратындықтарын айтады. Керуенді бастап жүретін адамды керуенбасы деп атайды. Керуенбасы да сіріңке қорабынан құрастырылады. Сіріңке қораптарын бір – бірімен қалай біріктіру тәсілдерін көрсетеді. Әліппе – дәптердегі үлгілер бойынша орындалу ретін түсіндіру. Алдымен әр бала түйені жасайды. Түйе 6 қораптан жасалады. Алдымен екі қораптың іші жартылай ашылып, тігінен қойылады (бұл – аяғы), денесі ретінде алынған үшінші қорап сызбада көрсетілгендей жартылай ашық қораптың ішіне орналастырылады. Төртінші қорап бұрыштап, өркештің орнына қойылады, бесінші қораптың сырты тігінен (мойны), іші (басы) көлденеңінен орналастырылады. Содан соң түйенің дайын бейнесінің сыртын түрлі түсті қағазбен айналдыра желімдейді. Көзін, құлағын түрлі түсті қағаздан қиып алып, жапсырады. Бұйдасын жіптен жасауға болады. Жұмыс барысында балаларға жеке нұсқаулар беріледі. Дайын болған түйелерді қатарластыра орналастырып, «керуен» құрайды. Керунебасын бір қораптан жасайды. Қораптың ішкі бөлігі сызбада көрсетілгендей жартылай ашылады. Содан соң сыртына түрлі түсті қағаз желімдейді. Қасы, көзі, мұрнын фломастермен салады. Қалған ұсақ бөлшектерін түрлі түсті қағаздан қиып алып, желімдейді. Керуенбасын керуеннің алдыңғы жағына орналастырып, түйені жетектеп бара жатқанын бейнелейді. Балалардың жасаған түйелерін қатар – қатар тізіп қойып, керуен деген сөзге тағы бір рет түсінік беріледі. Еңбек нәтижесіне балалармен бірге талдау жасалып, сабақ ойын іс – әрекетіне ауысады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

28 – сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сулықты кестелеу.
Мақсаты: матамен жұмысты жалғастыру; қарапайыс кесте тігу өнерімен таныстыру; кестежіптің ерекшелігін түсіндіру; тігіс түрлерін орындау, көркемдеу дағдыларын жетілдіру; инемен жұмыс істеу ережелерін сақтай білу.
Керекті құралдыр мен материалдар: шашақталған сулықтар (балалардың жұмысы), ине, екі түсті жіп (қызыл, жасыл), қайшы, тігіс түрлері, кесте үлгілері, әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілдер: кесте тігу жолдарын түсіндіру, әңгімелесу, үлгіні талдау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал – мәтелдер жаттату; әдемі кестеленген сулықтардың үлгісін көрсетіп, әңгімелету.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.
Өткен сабақта шашақтаған сулықтарына бүгін кесте тігетіндерін айтып, балалардың іс – әрекетке деген қызығушылығын арттырады. Алдымен балалар инемен жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді, жіпті қалай өлшеу, қалай сабақтау, ұшын түю керектігін көрсетеді. Әліппе – дәптердегі үлгіге талдау жасалады, көктеп тігу тәсілінің үлгісі көрстіледі.
Педагог алдын ала шашақталған сулықтардың шетіне қарындашпен түзу сызық сызып қояды. Бір сызықтың бойына балалар шаншым арасындағы бірдей қашықтықты дұрыс сақтау үшін, ине шаншатын орынды белгілеп көрсетіп қояды. Балалр сызық бойымен алдыңғы сабақта үйренген көктеу тігісін жүргізіп шығады. Содан соң педагог басқа түсті жіпті алып, тігістің арасынан иректеп өткізу тәсілі көрсетеді. Жіпті арасынан өткізген кезде матаға шаншымайды.
Балалар екі түрлі кесте жіпті пайдаланып, сүлгіні кестелеу жұмысына кіріседі:
Шашақталған сулықтың екі шеті қарындашпен сызылады;
Қызыл түсті жіпті инеге сабақтайды, жіптің ұшын түю ескертіледі;
Балаларға инені дұрыс ұстауға бағыт беріледі;
Көктеу тігісін орындайды;
Екінші түрлі жіпті инеге сабақтап, ұшын түйіп алады;
Инені тігістің ең шеткі бөлігінен астынан үстіне қарай өткізіп алады;
Ине мен жіпті бір тігіс үстінен өткізіп, екіншісін келесі тігіске өткізіп кезектестіріп, жасыл жіпті жүргізіп шығады.
Сулықтағы кестенің тігісі, айшықтылығы балаларға қалай әсер қалдырды, сол туралы айтылып, еңбек нәтижелеріне баға беріліп, дайындалған сулықты жолдастарына, әже – апаларына, аналарына сыйға тартуға немесе ас мәзірін дайындағанда дастарқан басына жиналғандарға ұсынуға болатындығы айтылады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

29 – сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Қажетсіз заттардан мысық, күшік бейнесін құрастыру.
Мақсаты: жіп орауыш пен әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаланып, күшік пен мысық бейнесін жасауды үйрету; дене бөліктерін желімнің көмегімен біріктіруді үйрену, балалардың ой – қиялын дамыту; жан – жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: әліппе – дәптер, дайын жұыс үлгілері, желім, қылқалам, түрлі түсті қатырмақағаз, фломастер, жай қарындаш.
Әдіс – тәсілдер: шарғы мен қатырмақағазды пайдаланып, ойыншықтардың жасалу жолдарын түсіндіру, үлгіні талдау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарлары жайында ертегі оқу.(«Күшік пен мысық»)
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

.
Балалар (6-8) шағын топпен топтасып отырады. Ортаға дәретхана қағазының ортасындағы түтік, түрлі түсті қатырмақағаз, жай қарындаш, желім, қайшы, т.б. қойылады. Ойыншық үлгіге талдау жасалады. Мысалы: күшіктің денесі – түтіктен, басы, аяғы, құйрығы – қатырмақағаздан жасалады. Көзі, тұмсығын фломастер немесе қарындашпен жасау ұсынылады. Жұмыстың орындалу реті:
Қатырмақағаздан тіктөртбұрыш қиып алып, ортасынан екіге бүктейді;
Тіктөртбұрыштың жоғарғы бұрыштарын дөңгелектеп қияды;
Аяғын шығарып алу үшін тіктөртбұрыштың төмен жағынан ойып алады;
Құйрығын сызып, қиып алады;
Басын дөңгелектеп қағаздан қиып алып, көзін, мұрнын, т.б. ұсақ бөлшектерін фломастермен сызады;
Құлағын қиып жапсырады;
Басын алдыңғы аяғының жоғарғы жағына желімдейді;
Артқы, алдыңғы аяқтарын түтікке біріктіріп жапсырады;
Құйрығын қиып алып, артқы аяғының жоғарғы бөлігіне желімдейді;
Кейбір балаларға жеке нұсқау беріліп, көмек көрсетіледі;
Дайын болған жұмыстардың сапасы анықталып, балалармен бірге талдау жасалады;
Мысық, күшік туралы өздері білетін ертегі, өлең – тақпақтар айту ұсынылады.
Үй жануарларына қамқорлық туралы айтылып, сабақ қорытындыланады. «Күшік пен мысық» ойынын ойнатуға болады.
30- сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ине шанышқыш тігу.
Мақсаты: балаларға матаның ішіне паролон салып, ине шанышқыш жасауды үйрету, тігін құралдарын қолдана білу дағдыларын арттыру; «шеттік» тігіспен бөлшектерді біріктіре білуге үйрету; өздері орындаған жұмыстарының нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту.
Әдіс – тәсілдер: паролонның қасиеті туралы әңгімелеу, саусақ гимнастикасы, ине шанышқыштың орындалу ретін көрсету.
Қажетті құралдар мен материалдар: әртүрлі паролон губкалар, мата қиықтары, қайшы, ине, жіп, тігіс үлгілері, әліппе – дәптер.
Сабақтың барысы:
Педагог балалардан: «Өздерің жақсы көретін адамдарға сыйлық жасағыларың келе ме?» - деп сұрайды. Балалардың пікірін тыңдағаннан кейін, жұмбақ жасырады:
Жылт – жылт етеді,
Жүгіріп кетеді. (Ине)
Мен инемін, инемін,
Қамқорымын түйменің.
Түйме түссе, қадаймын,
Жыртық көрсем жамаймын. (Ине)
Ине өте үшкір, әрі жіңішке, жерге түссе көрінбейді, табылмай қалуы мүмкін. Сондықтан біз оны шаншып қоятын «ине шанышқыш» жасап анамызға, әжемізге немесе әпкемізге сыйлайық. Ине шанышқышты қол еңбегі сабағында инемен жұмыс істегенде өздерің пайдалануларыңа да болады. Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.
Басбармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – ол мен.
Жаттығудан соң ине шанышқыштардың әртүрлі үлгі суреттерін көрсетіп, талдау жасалынады (көбелек, гүл, үй, алма, алмұрт, балық, қолтырауын, кірпі, үйрек және т.б.). «Қандай пішіндегі ине шанышқыш ұнады? Олардың пішіні, түсі қандай? Бұлар қандай материалдардан жасалған деп ойлайсыңдар?» Өздеріне үлгіні таңдау ұсынылады және кез келген түстегі паролонды таңдайды.
Педагог инемен, қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіреді, үлгіқалыпты пайдалану тәсілін түсіндіреді. Шаршы пішінді екі матаға таңдап алған бейненің үлгіқалыбын қойып, бастырып алады. Сызық бойынан сәл үлкендеу қиып алады. Үлгіқалыпты паролонның үстіне қойып та бастырып алады. Қиып алынған поролон екі матаның ортасына салынады. Екі мата бөлшегін бір – бірімен «шеттік» тігіс арқылы біріктіреді. Ілгішті екі матаның арасына салып, тігіп жібереді. Паролон болмаған жағдайда, екі мата бөлшегін біріктіріп тігіп алғаннан кейін, біраз жерін тікпей ашық қалдырып, сол жерден ішіне мақта салып, толтырады.

Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Жұмысты орындау барысында балалар жұмысына бақылау және басшылық жасалады, көмек көрсетіледі, жеке жұмыс жүргізіледі.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

31 – сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сым темірден қуыршақ жасау.
Мақсаты: балаларды сым темірдің сапасымен, түрлерімен таныстыру; сымтемірді таяқшаға орап, шиыршық дайындауды, бөлшектерді біріктіруді, ойыншық жасауды үйрету; балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: ұзындығы әртүрлі сырты қапталған сым темірлер, темірден жасаған ойыншық үлгілері, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, әліппе – дәптер.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

«Балалар, бүгінгі сабақта бұрын өздерің қолданып көрмеген заттермен жұмыс жасаймыз. Міне, мынадай сым темірлер», - деп, педагог сырты қапталған темірді көрсетеді. Балалардың қолдарына бермес бұрын оның сапасы жайында айтып береді. Жұмсақ, иілгіш, сырты қапталған, ішінде жұмсақ темір, тегіс, жылтыр, т.б. Бұл сым темірді орауға, бүктеуге, қайшымен қиюға болады. Әліппе – дәптердегі үлгінің жасалу реті талданады.
Бұдан кейін педагог сым темірден жасалған ойыншықтар суретін пайдаланып, балалардың қызығушылығын арттырады. Үлгі ойыншықтарды көрсетіп, талдау жасайды. Бұлардың бәрінің дене бөліктері шиыршықталған сым темірлерден жасалған, ал басы түрлі түсті қатырмақағаздан қиып алынған.
Сым темірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін түсіндіру:
Сым темірдің ұшын өзіңнің немесе қасыңдағы адамның көзіне жақындатпа;
Сым темірді ауызға салуға болмайды;
Сым темірді қолыңды жарақаттап алмай, ұқыпты пайдалан;
Жұмыс аяқталған соң, сым темірді орнына қой.
Педагог: Бүгін сым темірден қуыршақтар жасаймыз. Ол үшін алдымен сым темірді шиыршықтап бұрауды үйренеміз. Қолымызға қарындашты алып, сым темірді қарындашқа айналдырып орймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сым темірдің бір ұшын сұқ саусақпен басып ұстап тұрамыз, оң қолмен сым темірді қарындашқа айналдыра ораймыз.
Педагог сым темірді шиыршықтау тәсілін көрсетеді. Балалардың сым темірді дұрыс ұстауын қадағалау керек. Сымды қарындашқа біркелкі, тегіс ораған дұрыс. Содан соң сымды қарындаштан жайлап шығарып алып, шиыршықты созады. Шиыршықтан қолы мен аяғын ұзындау, ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады. Қайшымен ұқыпты жұмыс істеу ескертіледі.
Қиылған дене бөліктерін бір – біріне бұрап біріктіруді педагогтың көрсетуімен орындайды. Аяқ – қолдарын жоғары көтеріп немесе төмен түсіріп тұрғанын балалар қалауы бойынша бейнелейді. Кейбір балаларға сым темірді бұрау, біріктіріп бекітуде көмек көрсетіледі. Іс – әрекеттің шығармашылық сипат алуына бағыт беріледі.
Қуыршақтың денесі дайын болғаннан кейін, оны толықтыру жұмысы жүргізіледі. Басы екі дөңгелек қатырмақағаздан жасалады. Бет әлпетнің суретін фломастермен салып, желім жағып, сым темірдің ұшын желім жағылған екі дөңгелектің ортасына қойып, бөлшектерді жақсылап қысып жапсырады.
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Дайындалған қуыршақтарға құрастыру материалдарынан үй құрастырып, сабақ ойын іс – әрекетіне жалғасады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:

32 – сабақ. Қол еңбегі.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ағашпен жұмыс.
Мақсаты: мектеп шеберханасына саяхат жасап, балаларды ағашпен жұмыс жасау жолдарымен таныстыру; ағаштан жасалған бұйымдарды қарау; балғамен, арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру; қажетті құрал – жабдықтар жайында түсініктерін қалыптастырып, адамдардың еңбегін құрметтеуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен материалдар: мектептегі шеберхана жабдықтары.
Әдіс – тәсілдер: мектеп шеберханасына саяхат, әңгімелеу, түсіндіру, «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбында әңгімелесу, бақылау, т.б.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: саяхатқа дайындық жасау.
Педагог алдын ала еңбек сабағының мұғалімімен мектеп шеберханасына жүргізілетін саяхат жұмысын жоспарлайды. Дайындық әңгіме жүргізіледі. Педагог саяхаттың мақсатын түсіндіріп, шеберханада өздерін дұрыс ұстап, қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндіреді. « Орман – біздің байлығымыз», «Ағаштан не жасалады?» тақырыптарында әңгімелеседі.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

Саяхатты жүргізу:
Педагог шеберханаға келгеннен кейін, саяхаттың мақсатын тағы бір рет еске түсіріп, қауіпсіздік ережесін қайталайды, шеберхананы қарау ретімен таныстырады. Содан соң балалар еңбек пәнінің мұғалімімен танысып, танысуды бастайды.
Қысқаша түсіндірулерден кейін, балалар өз беттерінше бақылай бастайды. Мұғалім балалардың назарын шеберхананың іші жарық екеніне, балалардың үстел үстіндегі верстакпен ағаш өңдеу жұмысымен айналысып жатқанына аударады. Ағашты орманнан әкелетінін айтады. Ағаш қатты болады, одан жиһаз, әртүрлі заттар жасауға болады. Ағаштан ойыншықтар да жасауға болады. Әртүрлі заттар жасауға арналған өңделген тақтайшалардың бір – бірінен пішіні және өлшемі жағынан айырмашылығы болады. Материалдардың қайда сақталатынын көрсетеді: бір сөреде жіңішке тақтайшалар, екіншісінде кесек ағаштар, үшіншісінде қалыңдығы әртүрлі тақтайшалар жатыр.
Содан соң мұғалім балаларды шкафтың жанына шақырып, ағашпен жұмысқа қажетті құралдармен таныстырады: ара, балға, тістеуік, біз, егеу, пышақ, т.б. Құралдардың не үшін қолданылатынын түсіндіреді. Араныңң көмегімен ағашты әртүрлі өлшемде кесуге болады, балға және шегемен бөліктерді біріктіреді, тақтайшаларды мықты ұстау үшін, қиюластырады. Араланған орынды егеумен тегістейді, дұрыс қағылмаған шегені тістеуікпен суырып алады.
Содан соң балалар ағаштан жасалған ойыншықтар тұрған сөреге келеді. Мұғалім балалардан қандай ойыншық жасағылары келетінін сұрайды.
.

Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
Балалар шеберханадағы үлкен балалардың еңбек әрекетіне бақылау жасап, әрі көмек көрсетіп, өздері көргендерін топ бөлмесіне келгенде жолдастарына, үйлерінде ата – аналарына айтып береді Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек: