Бауырса? ертегісі (ашы? саба?)


Меркі ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті
Ашық сабақ
Дайындаған олигофренопедагог маманы:
Асанова Зейнекуль Даутбековна.
Аңғарымы: БЦСА, ЖСТД ІІ- ІІІд.
Сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылығы: оқушыларды сенсорлық қабылдауын,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге көмек беру, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, ойын ойнату, әнгімелету, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі : аралас ашық сабақ.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлер; шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі,(құыршақ театры) түрлі түсті қарындаш,жемістер,көкөністер,әр түрлі көрнекіліктер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ.Жаңа сабақ
- Біз бүгінгі сабақта ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
Балалар ертегі не жайында?
- Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен, жай келген жоқ, тапсырмаларын ала келді.Біз бүгін сабақта бауырсаққа көмектесіп отырамыз.
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Автор: - Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал: - Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші
Кемпір: - Неден пісірейін? Ұн жоқ қой
Шал: - Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Автор: Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ : - Жоқ,сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем,тыңда.
Қоян: - Бауырсақ сен оданша маған көмектесіп жіберші.Менің екі қап жеміс пен көкөністерім шашылып қалды ,жинауға көмектесші.
Автор: - Ал балалар бауырсаққа көмектесіп,шашылған жеміс пен көкөністерді жинап берейік.
ІІІ. Д/о: «Жылдам жина»
Мақсаты: көру зейінін, ойлау қабілеті мен сенсорлық қабылдауын дамыту.
Шарты: Екі қоржынға, жеміс пен көкөністі бөліп жинау.
Қоян: - Бауырсақ көмегіңе Рахмет.
Автор: - Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ : - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Қасқыр: - жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ, сен менің тапсырмамды орында.
Автор Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып алдық ,енді қасқырдың тапсырмасын орындайық.
ІҮ. Д/о: «Төртінші артықты»
Мақсаты: Ойлау,есте сақта қабілетін,зейінін дамыту.
Шарты: Төрт суреті бар карточкалар таратылады.Сол суреттердің арасынан төртінші артығын сызу.
Автор: - Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю шығады.
Аю: - Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Аю: - Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орында.
Ү. Аюдың тапсырмасы: Сергіту сәтті:Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп алайық
Төс қалтаға салайық.

Автор: - Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі : -Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ : - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Түлкі: оңай құтыла алмасың, менің тапсырмамды орында
ІҮ. Тапсырма: Штрихты бастыру және бояу. (Қоян суреті)
Мақсаты: Графоматорлық қабілеті мен ұсақ моторикасын дамыту.
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал бауырсақ ата мен әжеге келеді.
ҮІІ. Қорытындылау: - Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
- Ал, енді балалар, ертегідегі кейіпкерлерді еске түсіріп рет-
ретімен айтып беріңдер
ҮІІІ. Үй жұмысы.