Жі?ішке айтылатын с?здер.Ша?ыра? шуа?ы.?лди-?лди.


Атырау қаласы.Дамбы селосы.
Амангелді орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі:
Урбисинова Маржан Кубегенқызы

Ана тілі
Сабақ тақырыбы: Жіңішке айтылатын сөздер.Шаңырақ шуағы.Әлди-әлди.
Сабақтың мақсаты:Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөздер жіңішке айтылатынын,Әженің отбасындағы ролі,оның балалар өмірі үшін шуақ екенін түсінеді.
1.Мазмұнына байланысты: Жуан және жіңішке дауыстылардың дыбысталу ерекшелігіне қарай,сөздер де айтылуына қарай жуан ,жіңішке болатынын ұғынады.Сурет бойынша мәтін құрап,әженің ілтипаты,ақылды сөзі туралымағұлымат алады.
2.Сын тұрғысынан ойлау: Әже туралы ой толғап,өлең шумақ құрастырады, Бесік жырын жатқа айтуға,мәнерлеп оқу машығы қалыптасады.
3.Топпен жұмыс: Оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауға құлшыныстары артады,өз ойларын ашып айтуға төселеді.
Көрнекілігі: Суреттер,трек сөздер,сөзжұмбақтар.
Сабақ түрі:Білім беруді есепке алу
Оқыту әдісі: Білім беруді ізгілендіру
Сабақтың жүру барысы:
I.Қызығушылықты ояту:
А)Шаттық шеңбері
II.Үй тапсырманы тексеру:
Малдың төлін сүюі жатқа айтады.
Жуан айтылатын сөздер ережені айтады.
-Дәптер тапсырмасын оқиды.
III. «Ой қозғау»
Сөзжұмбақ шешу
1.Отбасы тірегі Әке
2.Ағаш көркі жапырақ
3.Мықты ағаш емен
Бастапқы әріптерден шыққан сөзді оқу,Әже
-Әже сөзі синонимдерін табайық: Ана,апа,
Әже кімдерді тәрбиелейді немере,шөберелерін , сәбилердітәрбиелейді
-Сәби деп кімді айтамыз? Кішкентай бала,нәресте,бөпе.

IV.Мағынаны тану:
а) Топпен жұмыс: Дыбыстық талдау жаса:
1 топ: 2 топ: 3 топ:
Әже-3o=2□+1▲ Ана-3o=2□+1▲ бөпе-4o=2□+2▲
Сөздердегі дауыстыларға назар аударайық,не айтуға болады?
Әже сөзіндегі дауысты дыбыстар жіңішке,олай болса сөз жіңішке айтылады.
Ана сөздегі дауысты дыбыстар жуан,олай болса сөз жуан айтылады.
Сөздердің жуан ,жіңішке айтылуы құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан жіңішкелігіне болады.
Ереже: Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.
Дәптер,терезе,киік,өзен,күрек.
ә) Оқулықпен жұмыс:
41-жаттығу 1.Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Әлди,әлди
Әлди,әлди,ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем,жылама,
Жілік шағып берейін.
Жілігіңнің басына
Үкі тағып берейін.
Бұл бесік жыры.Оны әжелер мен аналар бесікте жатқан нәрестені жұбату үшін ,өз нәрестесіне арнап арман,мақсаттарын бірге қосып айтқан.
Сөздерге дыбыстық талдау жасап, жуан,жіңішке дауыстыларды ажыратады.
б) Сурет бойынша жұмыс: Шаңырақ шуағы.
Бұл отбасы тату-тәтті тұрады.Отбасында атасы,әжесі,әке мен ана және балалары бар.Анасы ата мен әжені төрге отырғызып дастарқан жайды.
Әке үлкендерге құрмет көрсетіп кеселерін алып берді.Ас дәмді екен.Үлкендер дастарқанға бата берді.Үлкендер батасы шаңыраққа шуақ береді.
в) Шығармашылық тапсырма:
1 топ: 2 топ: 3 топ.
Құттықтаймын,мама, Гүл суретін салады. Аяулы анам эссе
Туған күніңмен
жаттайды

г) Автор туралы мәлімет.
Алматы обл,
Нарынқол ауданы,
Шалкөде ауылы
1931-1976
Ақын М.Мақатев жазушы
Аудармашы
V.Ой толғаныс:
Бес жол өлең:
1 Әже
2.Айналады,толғанады.
3.Мейірімді,аяулы,қадірлі.
4.Әже балаларға мейіріммен қарайды.
5.Ана
VI.Үйге тапсырма: Ережені нақтылау,Құттықтаймын ,мама туған күніңмен жаттау
VII.Бағалау.