География саба?ы Д?ниеж?зіні? таби?ат ресурстары 10 сынып


ММ №1 орта мектеп Көкшетау қаласының оқу бөлімі география сабағы Дүниежүзінің табиғат ресурстары 10 сынып мұғалім: Мукажанова Гульнара Баржаксыновна Сабақ жоспары 1. Ойын “Сұрақ бізден-жауап сізден” 2. Жаңа сабақ 3. Пысықтау 4. Үйге тапсырма беру “Сұрақ бізден – жауап сізден”Ресурстар дегеніміз не?Табиғат ресурстары дегеніміз не?3.Табиғат ресурстары қандай топтарға жіктеледі?4.Табиғат ресурстарының табиғи-экономикалық жіктелуі туралы не білеміз?5.Ресурстардың көпшілігі қандай елдерде орналасқан? Ресурстар дегеніміз не?Адамдарға қажетті материалдық және рухани игіліктерді алудың кез келген көздерін ресурстар дейміз.Табиғат ресурстары дегеніміз не?Адам қоғамының қажетін өтеу үшін пайдаланатын табиғат байлықтарының бір бөлігін табиғат ресурстары деп атайды. Табиғат ресурстары қандай топтарға жіктеледі?Минералды ресурстар- табиғатта тау жыныстары литосфераға құрамдас бөлік ретінде кіреді;Су ресурстары- гидросфераның құрамдас бөлігі болып табылады;Орман ресурстары- биоценоздардың құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат ресурстарының табиғи-экономикалық жіктелуі : Минералды Су Жер Агроклиматтық Биологиялық Рекреациялық Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердің аумақтарында орналасқан.Жекелеген ресурс түрлері Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Дүниежүзінің табиғат ресурстарыОтын- энергетикалық ресурстар. Қазірігі замандағы жалпыдүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан,мұнай мен газдан тұрады.Жалпы- әлемдік өндірісте сұраныс басқадай: көмірге шамамен 30%,ал мұнай мен газға 67%-дан артық. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м.3 деңгейінде анықталған. Мұнай өндірудің анықталған қоры қазіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 46 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 85 жылды құрайды. Табиғи газдың дүниежүзілік қоры шамамен 60 жылға ,ал көмір 200 жылдан аса уақытқа жетуі тиіс.Отын түрлерінің ішінде әлемде қоры өте молы – көмір.Қолда бар деректер бойынша көмірдің жалпы геологиялық ресурсы 9-11 трлн т.шартты отынға тең. Алынатын таскөмірдің негізгі қоры бірнеше елдерде (АҚШ-та1/4; ТМД елдерінде1/5-ден астамы; Қытайда 1/5 бөлігі,сондай-ақ Үндістан,ОАР және Аустралияда) шоғырланған.Кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда,Германияда,Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көмір экспорттаушы ірі елдер қатарына Аустралия,Канада,Колумбия,ОАР жатады. Минералды ресурстардың негізгі түрлеріКенді пайдалы қазбалар.Қара металдар: темір,марганец,хром,титан,ванадийТүсті металдар: мыс,алюминий,қалайы,қорғасын,мырыш, вольфрам,молибденБағалы: алтын,платина,күмісРадиоактивті: радий,уран,торий Кенсіз пайдалы қазбалар Асыл тастар Металлургиялық шикізат: асбест,кварц т.б. Құрылыс материалдары: құм,саз,әктас,мрамор,гранит,т.б Химиялық шикізат: күкірт,фосфат,калий тұзы т.б. Темір кенінің барланған әлемдік қоры шамамен 160млрд т-ны құрайды,оның құрамында 80млрд т-дай таза темір бар деп есептеледі.АҚШ геологиялық қызметінің деректері бойынша,Бразилия мен Ресейдің әрқайсысының кен орындарының үлесіне темірдің дүниежүзілік қорының 18%-ы тиесілі болады. Түсті металдар (мыс,алюминий,полиметалл,қалайы) кенінің қорлары бойынша Аустралия,Қытай,Ресей көзге түседі.Алтын,күміс,платина тәрізді бағалы металдардың қорлары біраз еледерде ғана кездеседі. Олар:АҚШ,Канада,ОАР,Ресей,Аустралия Қышқылдар,минералды тыңайтқыштар өндіруге қажетті шикізат-калий тұздарының ірі қорлары Канада,АҚШ,Ресей,Германияда шоғырланған.Кесек күкірттің қорлары бойынша АҚШ пен Мексика көзге түседі, Польшада,Украина,Ресейде де айтарлықтай қорлары бар. Фосфориттер АҚШ,Марокко,Алжир,Тунисте,апатиттер Ресей,Қытайда кездеседі. Пайдалы қазбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер қыртысындағы қоры 600млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған.Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын қайта өңдеуге байланысты. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі.Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден алда.(Аустралиядан 1млн т.,Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400мың т артық). Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізігі принциптері толық алу;кешенді өндіру;қайта пайдалану;үнемді пайдалану. Жаңа сабақты пысықтауБерілген табиғат ресурстарын топтастыр:мұнай,орман,бидай,Сарыағаш,көмір,Балхаш,қор,темір,тоғай,сұлы,Ніл,Көкшетау,мыс,жаңбыр,жылқы,шабындық,егістік,Каспий,Есіл,бұршақ,магний,титан,күнбағыс,жел. Отын-энергетикалық:мұнай,көмір; кенді:темір,магний,титан,мыс; Су: Балхаш,Каспий,Есіл,Ніл; Рекреациялық: Көкшетау,Сарыағаш; Агроклиматтық: жаңбыр,жел; биологиялық :сұлы,асбұршақ, бидай, күнбағыс Үйге тапсырма:&26 «Пайдалы қазбалардың таралуы» картасын талдау Назарларыңызға рахмет !