?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігі жайында


Тәуелсіз Қазақстан дамуының эволюциясында ақпараттық қамтамасыз етілу қазақ мемлекеттілігі мәселелерін жете зерттеуге, қоғамымыздың өткен ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің ерекшеліктерін айқындауға негізделеді. Осы мәселелер қаншалықты сауатты, ғылыми әрі жіті зерттелсе, біздің мемлекетіміздің идеологиялық бағыты соншалықты берік қамтамасыз етіледі.Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның қоғамдық және тарих ғылымдары бойынша маңызды әрі негізгі фактор деректер мен зерттеулерге негізделген ақпараттық қамтамасыз етілуі болып табылады. Ол зерттеу деңгейін көтеруге, нақты мәліметтер мен мен идеяларды қайталауды болдырмауға, мемлекеттік, саяси және экономикалық мәселелерді шешуде жол табуға көмектеседі.Дегенмен, тәуелсіз Қазақстан тарихшылары мен қоғамтанушылары қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуде елеулі ақпараттық жұтаңдықпен бетпе-бет келуде, нәтижеде әсіресе Қазақстан тарихының төңкеріске дейінгі кезеңі туралы нақты мәліметтер өрескел бұрмалануда.Осы себепті Орталық ғылыми кітапхана осы кезең тарихын жазу ісінде Орталық ғылыми кітапхананың бай, сирек кітаптар және қолжазбалар қорында сақтаулы 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы туралы алғашқы, тіпті жалғыз дана деректерді пайдаланып, ақтаңдықтарды толтыру міндетін өз мойнына алды. Маңызды жайт, материалдық және қаржы ресурстарының аздығы, ғылыми зерттеулерді оңтайландыру және нақтылау жағдайында осындай материалдарды іріктеу, бір жүйеге келтіру және әлдеқайда толық көрсеткіш құрастыру қажеттілігі туындады.Қазақстанның төңкеріске дейінгі тарихы кезеңі туралы мазмұндалған библиографиялық көрсеткіштің маңызы мынада: республика мен көрші елдер жұртшылығы, қазақстандық маман-тарихшылар, философтар, экономистер, заңгерлер, әдебиеттанушылар, сондай-ақ оқырмандардың қалың тобы республикамыздың өткен тарихы, қазақ халқының тарихы мәселелеріне аса қызығушылық танытып отыр.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан бері осы қызығушылық айтарлықтай өсе түсті. Қазақстан таризы, әсіресе төңкеріске дейінгі кезең тарихы туралы осындай көрсеткіштер аса қажет әрі маңызды, себебі үлкен идеологиялық жауапкершілік арқалайды. Қазақстандық азаматтық және отаншылдық рухының қалыптасуына, қазақ халқының және республиканы мекен еткен халықтардың тарихын терең әрі толық зерттеуге көмектеседі.Қазақстан туралы әдебиеттерді қағазға түсірудің негізін В. Завялов , В. Витевский және өзге бірқатар авторлар жазбаларында атақты шығыстанушы-зерттеуші А. Левшин “Описание киргиз-кайсацких или киргиз - кайсачьих орд и степей” атты еңбегімен қалады. В. Межов өзінің «Библиография Средней Азии», «Сибирская библиография» атты еңбектерінде үлкен қадам жасады. Дегенмен бұлар алғашқы талпыныстар еді. Шын мәнінде, Қазақстан және қазақ тарихы туралы толық әрі ең анық әдебиеттер тізімін А. Харузин және А. Алекторов құрастырды. XIX аяғы мен XX ғасырдың басында бірқатар шағын көрсеткіштер жарық көрді. Осы жерде А. Алекторовтың «Указатель книг, газетных и журнальных статей о казахах» (1900 ж.) кітабының құндылығы көзге түседі. Осы басылым ірі көлемде мәтіндік материалдарды (800 бет) қамтиды, көптеген жазбалар сараптамалық тұрғыдан жазылған. Дегенмен, деректер аясы түбегейлі реттелмеген, газет, журнал мақалалары, кітаптар бір жерге жиналған. Құрастырушы библиографияда негізгі ережені сақтамаған – деректер аясы көрсетілмеген. Бұл әуесқойлық деңгейде орындалған жұмыс еді. Бұдан өзге, мазмұндама империялық идеология ұстанымы тұрғысынан орындалған. Кітап библиографиялық сирек кітап болып табылады, Қазақстанда тек екі данасы бар.