Внеклассное мероприятие на тему Жастар болаша??а апаратын алтын к?пір (5-6 классы )


Тақырыбы :    «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»
Мақсаты :
Білімділік : оқушыларды математикадан әртүрлі тапсырмаларды өз бетімен шешуге дағдыландыру;
Дамытушылық :оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, 
интеллектуалдық үрдістерін дамыту, ой өрісін кеңейту;Тәрбиелік : Бүгінгі уақыт талабына сай,рухани бай,өздігінен шешім қабылдай алатын,білімімен қаруланған жеке тұлаға тәрбиелеу
Түрі : интеллектуалдық марафон
Өткізу әдісі: сұрақ-жауап,топтық жұмыс, логикалық есептер.
Көрнекілігі:Біз-болашақ жүрегі , «Мәңгілік елдің » тірегі!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі,тапсырмалар жазылған үлестірмелер,слайд.
Ойын ережесі:
Кім көп біледі, сол жеңеді.
Шындықпен ойна, қарсыластарды қызғанба.
Білмегенді біліп ал, жеңілсең – мұнайма.
Жүргізуші: Армысыңдар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағын жасау жолында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақ.Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі болашақ иелері.
Жүргізуші: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы тереңде жатыр. Тәуелсіздік — біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауы ел жастарының алдына айқын мақсат-міндеттер қойып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазіргі таңда, нұрлы болашақ жолындағы әрбір жас қазақстандықтың өсіп-өркендеуіне, білім алуына мол мүмкіндіктер жасалып отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Нұрлы жол»-бұл жастар жолы.
Жүргізуші :Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алып әр күн түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын шаралар түрінде өтуде.Сол жұлдызды 25 күннің бүгінгі 18-ші күнінің тақырыбы «Нұрлы Болашақ . Осы тақырып аясында    «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір» атты интеллектуалдық марафонын өткізгелі отырмыз. Бұл марафонға 5-6 сыныптардан бүгінгі заман талабына сай ойы ұшқыр, өмірге деген құштарлығы қаныққан, «келешеке кең көзқараспен қарайтын» топтар қатысқалы отыр.
Жүргізуші –Жиналған ылғи дарындылар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Білімді оқушыларды халайық!
Қол соғып қарсы алайық!
Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық. Қатысатын оқушыларды топқа бөлу үшін 1-5-ке дейінегі сандарды таңдату арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ «Еселіктер», 2-топ «Бөлгіштер», 3 топ «Бөлшектер»
Жүргізуші : әділқазы алқасын сайлап алайық. Әдіқазы алқалары дұрыс жауапты белгілеп отырады. Әр тудың тапсырмалары қандай балмен бағаланатыны айтылып отырады.
Жүргізуші. Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер –деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық, қане, көрелік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
І турымыз Интеллектуалды марафон – тәуелсіздіктің 25 жылдығына тең 25 сұрақ.Үш топқа қойылады жауабы дайын команда фальстартқа жол бермей сұрақ толық оқылып болған соң ғана дайын екенін білдіреді. / жауап бере алмаса келесі топ жауап бермейді келесі сұрақ қойыла бастайды /
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Олай болса іске сәт!
Сұрақтар:
1. Периметрі дегеніміз не? (барлық қабырғалардың қосындысы)
2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (Құрамында әрпі бар өрнекті)
3. Тең бөліктер қалай аталады? (үлес)
4. Жай сан деп қандай санды айтамыз? (1 - ге және өзіне ғана бөлінетін санды)
5. Ең кіші натурал сан (1)
6 Қандай сандар құрама сандар деп аталады? 
7. Дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшекті бір-бірінен қалай ажыратуға болады? (алымы мен бөлім салыстыру)
8.Тік бұрышты төртбұрыштың ені 4см–ге тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын.Ауданы неге тең? (36 см)
9. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Ені мен ұзындығының көбейтіндісі)
10. Шеңбердің радиусы 6 см болса, диаметрі қанша? (12 см)
11. Қосудың нәтижесі не? (қосынды)
12. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
13. Ең кіші тақ сан? (1)
14. Қайсысы көп 2 метр ме, әлде 201 см ме? (201 см)
15. Қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (50 саусақ).
16. Қай айда 28 күн бар?   (барлық айда)
17.  Шаршының ауданы 49 м2. Р=?м               (28м) 
18. 7 майшам жанып тұр, 4-еуін сөндірсек неше майшам қалады?        (4)
19. Бұрышты өлшейтін құрал (Транспортир)
20. 5 сынып және 6 сынып «математика» оқулықтарының авторы?
21.14 қандай сан (Жұп сан)
22. Шеңбердің диаметрі дегеніміз не? (екі нүктесін қосатын кесінді)
23. 10 мен 15 - тің ең кіші ортақ еселігі (30)
24. Санның 5-ке бөлінетіндігін қалай біле аламыз?  (0 мен 5 –пен аяқталатын сандар)
25. Фигураның периметрін қалай табады? (Қабырғаларының ұзындықтарының қосындысына тең) Жүргізуші. Осымен І тур аяқталды.Әділқазы алқалары қай топ қанша ұпай жинағанын айтып өтсеңіздер. II тур: Интеллектуалды спринт деп аталады, бұл турда топ мүшелерінің зейінділіктері тексеріледі.. Әр топқа әріптік мәтін таратылады.Әріптік мәтіннің ішінен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған өлең шумағын оқи аласыңдар.
1 топқа ТДЗНЕРҚАЗАҚПЫН,ТБЮКШЕҢСЕЛІ,ЖШЫФЯЕЛМІН,ТЯФЭЪЮМЬЕГЕМЕНДІ,ЕБЖАОГЧТЛРШКЕҢЕЙТТІМОЛЖГШФЯМ ЕҢТЬЮЭЪУКЕНМСВӘЛЕМГЕКЕРЕГЕМДІПРНГДЖЕУЦ.БЮЪУЦЙФВАРЕМҰХИТТЫҢРОЛИМАВЧЫЦАРТОЛДЗНЕКУССЖАҒЫНДАДАЕНЦЫУВЖАТҚАНБОЛАГНЕКВКА ЖҰРТТАРТОЛЗУЙЫЧВСМИТЬДЦЫИТЬНАМТАНЫДЫАХГНВМИТЬТЕПЕ-ВПРТЕҢВУАКПРОДЕПЫВРОТЕРЕЗЕМДІАПРОЛДЖ.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,Кеңейттім кең әлемге керегемді.Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттарТаныды тепе-тең деп тереземді.
ІІ топқа
ВАПРОЛЧСҚАСИЕТТІЧСМИТ ҚАЗАҚСТАНЯЧСМИЙЦУКМЕКЕНІМЯЧ,ЙЦСКҚИҚАТТЫҢЙЦУЕЯЫЧВСАЛТЫНЗХЯЧСМБЕСІГІЛДЖІУКЕКЕНСІҢЩЗХЪ?ЮТЙЦУКФЫВАЕЛІМ,УКЕНГХЗЖЕРІМ,ШЩЗХРОЯЧСМОТАНЫМПРОЛ– БАҚЯЧСМЪХЗЩ-ДӘУЛЕТІМ,ФЫВАПРОХЗЩШКЕНЩБОЛАШАҒЫМ,ТЬБЮХЗШӨНЕР-ЦУКЕНЯЧСБІЛІМ,ХЗЩШГНЯЧСӨРКЕНІМЮ.
Қасиетті Қазақстан мекенім,Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,Болашағым, өнер-білім, өркенім.ІІІ топқа
ЯЧСМИТЬБЮТӘУЕЛСІЗДІКАПРОЛШЩЗХЯЧСМИ МАҚТАНЫШЫМШЩХСИТЬ, ЪХЗЩШГНБІЗГЕЫВАПРОЮБЬТИБАҚЫТШЩЗХЯЧСМИТСЫЙЛАҒАНЩЗХЪЯЧСМИЙЦУКЕЯЧСИБЕЙБІТЯЧСМИТЬКҮНДЕВАРОЛМНЯЧСМИТ?ЮБЬТЫНЫШПЫН,ЮБЬ ШЩЗХӘРБІРЙЦУКЕНХЗСИТАҢЫМСМТЬГШЩЗНҰРЯЧМИГШЩМАҒАНФЫВАПО.Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.
III тур: Интеллектуалды жекпе жек. Бұл турда логикалық есептерді шешудегі жылдамдықтары байқалады. Шеберхана Шеберханада үстел мен орындықтар жасалады.Бір үстел шығаруға қанша ағаш кетсе,8 орындық шығаруға сонша ағаш керек. Сұрақ : Бес үстел жасауға кететін ағаштан 40 орындық жасауға бола ма ? «Иә» немесе «жоқ»деп белгіле,есептеуіңізді көрсетіп,жауабыңызды дәлелдеңіз.

Жауабы : «Иә», 5*8=40 ; Бір үстел шығаруға кететін ағашқа 8 орындық жасауға болғандықтан, бес үстел жасауға кететін ағаштан 40 орындық жасауға болады.
. Сауда жасау
Апасы Назымды ұн мен қант әкелу үшін дүкенге жұмсады.Ақша не
8 кг қантқа,не 24 кг ұнға жетеді. Сұрағы : Ұн мен қанттың екеуінің қайсысы қымбат ? Неше есе қымбат ?

Ұн Қант
Дұрыс жауабы: Қант қымбат ,24/8 = 3 есе
Мектеп асханасы
Мектеп асханасында шаршы пішіндес үстелге айнала әр жақтан бір-бірден 4 оқушы отыра алады.Мектеп кешені дәл осындай 4 үстелді бір қатарға қойып, ұзын үстел құрады.
Ескерту: 1үстелге 4 оқушы отырады
14725651397000101536513970005486401397000819151397000

Сұрақ :Осы ұзын үстелді айнала қанша оқушы отыра алады?
Дұрыс жауабы: 10 оқушы
Жүргізуші :«Болсын дейміз жарысымыз жемісті,Озсын, шықсын кім білімді, кім мықты»
Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақҮйрендік білмегенді осы жолыТағы да үйренеміз аман болсақ!Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды марафонымыз өз мәресіне жетті. Сөз әділқазы алқаларында.
Жүргізуші : Болашақтың сәулетіне нұрын шашатын, кемел білімге жол ашатын ұрпақ болуға міндеттіміз. Отанымыздың намысты өр ұрпағы, шабысы Құлагердей тұлпары болыңдар! Қыран құстай самғайтын сұңқары болыңдар! Төрткүл дүниенің төрт бұрышында көк байрақты желбірететін, пайдасын тек халқына келтіретін биік рухты жастар болыңдар! Қонсаңдар, тек әлемді таңдандырар шыңдарға қоныңдар! Жарқын болашағымызды бірге қалаңдар! Өйткені, еліміздің тірегі де, ертеңгі жүрегі де сендер– жасұландықтар!» Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!