Зайырлылы? ж?не дінтану п?ні. Иисус Христос ж?не Інжіл (9 сынып)


Сабақ: Иисус Христос және Інжіл Мектеп: №1 ОМ
Күні: Мұғалімнің есімі: Сахова Ж.А.
Сабақ негізделген оқу мақсаты Иисус Христос және Інжіл туралы мәтінді меңгеріп, мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс жасауы тиіс. Топтық жұмыс арқылы тақырыптың мән -мағынасын ашады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Иисус Христос туралы біледі;
Христиандардың қасиетті кітаптары туралы әңгімелеп бере алады;
Оқушылардың басым бөлігі:
Иисус Хритос туралы біледі;
Христиандардың қасиетті кітабын атап бере алады;
Христиан ілімінің ұстанымдарын айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
Иисус Христос туралы әңгімелеп бере алады;
Христиандық ілімнің тәрбиелік мәнін түсіндіріп бере алады;
Христиандардың қасиетті кітаптары туралы айтып бере алады;
Тілдік мақсат Оқушылар: Оқушылар Христиан діні, діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары туралы түсіндіре алады;
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Библия, Апостол
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Христиандардың қасиетті кітабы?
Библия қанша бөлімнен тұрады?
Інжілдер қай тілде, қашан жазылған?
Христиандық ілімнің ұстанымдары қандай?
Не себепті Иисусты айқышқа керіп өлтіруге үкім шығарылады?
Неліктен христиан діні аз уақыттың ішінде үлкен идеялық күшке айналды?
Христиандық ілімнің тәрбиелік мәні неде?
Библия мен інжілдің айырмашылықтары бар ма?
Алдыңғы тақырып Христиан діні: діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу өңірлері.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Оқушының әрекеті Ресурстары
І. Ұйымдастыру 1. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау;
2. Оқушыларды 1-5 ке санау арқылы топқа бөлемін;
Оқушылар 1-5 ке саналып,
5 топқа бөлінеді ІІ.Үй жұмысы «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
Бір (кезектесіп бірнеше) оқушы алға шығып пікірін айтып және сұрақтар бойынша жауап береді. Орындық
ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа сабақ тақырыбын және мақсатын хабарлаймын.
«ДЖИГСО» әдісі. Тақырыпшаларды бөліп оқуға беремін, талқылайды, постер дайындайды, орындық артына стикер жабыстырып қоямын, сол оқушылар қорғайды.
Оқушылар өздеріне берілген тақырыпшаларды талдайды және тақырыпты ашады. Түйген ойларынан постер дайындайды, қорғайды. Бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалайды. А3, маркер,
Оқулық: Зайырлылық және дінтану негіздері.
Д.Т. Кенжетаев
Ә.Ә.Сайлыбаев
Ө.О.Тұяқбаев
«Арман - ПВ»
баспасы 2016ж.
ІV. Бекіту және пысықтау Кестемен жұмыс.
Христиандық діни түсінікте Иисус кім? Құран ілімі бойынша Иса пайғамбар кім?
Иисус Иса пайғамбар
-Жеке оқушыларға тапсырмалар беріледі. Сұрақтарға жауап береді
Қима қағаздар
V. Кері байланыс «Табыс сатысы» әдісі
Бірінші баспалдақ Мен......................білемін
Екінші баспалдақ Мен....................түсінемін
Үшінші баспалдақ Мен............жасай аламын Кері байланыс парағын толтырады Кері байланыс парағы
VI. Үйге тапсырма §12.Эссе