Презентация по информатике на тему Paint графикалы? редакторыны? ??ралдары


Сабақтың мақсаттары: Білімділік. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Редактордың құралдарын дұрыс пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Дамытушылық. Оқушылардың бояу, бүріккіштің, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу, ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту. Тәрбиелік. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау. І. Үй тапсырмасын тексеру “Ой толғаныс” тест тапсырмалары «Біле бер, қанша білсең,- тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн Дұрыс жауабы А2. С3. В4. Д5. С 6. А7. С8. А9. Д10. В IІ. Постермен жұмыс:Әр топ компьютердің адам өміріне пайдасы мен зиянының өзектілігін көрсету. «Біле бер, қанша білсең,- тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру Құралдар тақтасы «Біле бер, қанша білсең,- тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн Paint құралдары: Ерікті аймақты белгілеу құралы Белгілеу құралы Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш Құю (Заливка) Түс таңдау құралы Масштаб құралы Қарындаш Кисть құралы Бүріккіш (пульверизатор эффектісі) Жазу немесе мәтін енгізу Түзу сызық Қисық сызық Тік төртбұрыш Көпбұрыш Эллипс Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш Түзу сызық сызу Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:1.Линия батырмасын шертеміз 2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті өлшемін таңдаймыз.3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апарамыз. 5.Маустың батырмасын жібереміз. Төртбұрыштар мен квадраттар салу Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. 1.Прямоугольник батырмасын шертеміз. 2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау, 2-жақтау, 3-тек толтыру. 3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар 4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар. 5. Маус батырмасын жіберіңдер. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу . Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін: 1.Бұрыштары дөңгеленген (Скругленный) прямогульник батырмасын шерту керек.2.Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.3.Маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.5.Маус батырмасын жіберіңдер. Эллипс және шеңбер салу Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:1. Эллипс батырмасын шертіңдер.2.Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.3.Маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.4.Маус батырмасын жіберіңдер. Қисық сызықтарды салу 1.Қисыз сызық (Кривая) құралының батырмасын шертеміз2.Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаймыз.3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз.4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, оң жаққа апарамыз.5.Осы әрекеттерді екінші әдіс үшін де қайталаймыз. Көпбұрыштар салу: 1. Көпбұрыш (Многоугольник) құралының батырмасын шертеміз.2.Көпбұрыштың типін таңдаймыз. 3.Бірінші сызықты саламыз4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с. Құю (Заливка) құралын пайдалану: 1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз.2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз. 3.Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін мауспен шертеміз. Бүріккіш құралын пайдалану: 1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыз.4.Бояуды бүркеміз. Қылқаламмен сурет салу: 1.Қылқалам (Кисть) құралының батырмасын шертеміз.2.Қылқаламның пішіні мен өлшемін таңдаймыз.3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.4.Маус нұсқағышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.5.Маустың сол батырмасын басып тұрып, қылқаламды жылжытамыз.6.Маус батырмасын жібереміз. Өшіргіш құралын пайдалану: 1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.4.Батырманы жібереміз. IV.Сергіту сәті: Күшік пен мысық дос. Олар сурет салғанды ұнатады. Күшік қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет салды. Ол оны мысықтың туған күніне сыйламақшы. Сурет дайын болар кезде, күшіктің бояуы төгіліп, барлық суретін жауып кетті. Басқа сурет салуға күшіктің уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз? V.Деңгейлік тапсырма А – деңгейГеометриялық фигуралар сал.В – деңгейБүріккіш құралын қолданып гүлдің суретін сал.С - деңгейЭллипс, Сызық, Қарындаш, Бүріккіш құралдарын пайдаланып, аққала сал. Шыршаны салу үшін Сызық құралын қолданыңдар. Шыршаны Құю (Заливка) құралының көмегімен жасыл түспен, ал діңін қоңыр түспен боя. Шелекті қызыл түспен боя. Бүріккіш құралын пайдаланып, аққаланың түймелерін сал. VІ. Қорытындылау: Графикалық диктантИӘ немесе ЖОҚ деп жауап беремізИӘ – ЖОҚ – «Біле бер, қанша білсең,- тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн 1) Paint мәтіндік редактор «жоқ » 2) Құю құралы кескін мен фон түсін бояйды. «иә» 3)Қарындашпен әртүрлі түсте сызықтар салады. «иә»4)Paint графикалық редакторының терезесінің элементтері: меню жолы, құралдар тақтасы, тақырып жолы. «жоқ» 5)Фигуралардың түстерін өзгертуге бола ма? «иә»6)Қисық сызық құралын таңдап алып түзу сызық сызымыз. «жоқ» 7)Шеңбер сызу үшін Эллипс құралын таңдаймыз. «иә»8)Құралдар тақтасында 16 құрал бар. «иә»9)Дөңгеленген төртбұрышты экранда салу үшін, төртбұрыш құралын таңдаймыз. «жоқ»10)Құралдар тақтасында ерікті аймақты белгілеу құралы бар ма? «иә» «Біле бер, қанша білсең,- тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн Сурет салу 5 кезеңнен тұрады. 1. Құрал таңдау. 2. Өлшемін және типін таңдау 3. Кескін түсін таңдау 4.Фон түсін таңдау 5. Сурет салу. Кескін түсі Фон түсі Палитра Үйге тапсырма: §23 оқу Жаңа жыл мерекесіне сурет салу «Біле бер, қанша білсең,- тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн