Информатика п?нінен Paint графикалы? редакторыны? ??ралдары


5 - сыныпСабақ тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдарыСабақ мақсаты: Paint графикалық редакторының құралдарымен танысу, құралБілімділік: міндеттерін және құралдарды тәжірибелік жұмыстарда қолдана білуДамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін арттыруТәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.Сабақ әдісі: Аралас сабақҚолданылатын құрал: компьютер, карточка, сөзжұмбақ, тапсырма парақтары, интерактивті тақтаСабақ барысы:І Ұйымдастыру кезеңіІІ Үй тапсырмасын тізбектей сұрау сұрақ - жауап бойынша1. Paint қандай редактор?2. Paint редакторын қалай іске қосамыз?3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата4. Сурет салу кезеңдері т. б.ІІІ Жаңа сабақты өтілген тақырыппен байланыстыра түсіндіру1. Paint графикалық редакторы туралы қысқаша қайталап түсіндіру.Paint графикалық редакторы өз аты айтып тұрғандай, ол сурет салуға арналған редактор. Редакторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Paint2. Жаңа сабақ: Paint гафикалық редакторының құралдарыPaint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады. Құралдарды пайдалану үшін қажетті құралдың үстінде маус нұсқағышын шертеміз, таңдалған құрал бойынша жұмыс алаңында сурет саламыз. Құрал міндетін білу: кез - келген құралдың үстіне маус нұсқағышын орналастырамыз сол кезде ішінде жазуы бар кішкене төрт бұрыш пайда болады, ол жазу құралдың атқаратын қызметін білдіреді.Paint құралдары:Аттары мен қызметтерін көрсете түсіндіру3. Сабақ бекіту:Сөзжұмбақ «ТЫШҚАН» мұнда Paint құралдарына байланысты сұрақтар берілген.« ТЫШҚАН»1. Үлкейтіп көрсететін құрал?2. Қисық сызықтар сызу құралы?3. Суреттің белгілі бөліктерін өшіруге арналған4. Бояу құралы5. Мәтін енгізу құралыСызықты әртүрлі қалыңдықта сызуға арналған құрал?4. Тәжірибелік жұмыс.1. Оқушылардан техника қауіпсіздік ережелерін сұрау2. Тапсырма беру3. Компьютерге орналастыру5. Тапсырмалар: Paint графикалық редакторының құралдарын пайдалана отырып, карточкада көрсетілген суреттерді салу6. Компьютерде орын ауыстырылып, оқушылар жұмбақтардың шешуін тауып, суретін компьютерде салады. Орнында отырған оқушыларға тапсырма: компьютерге байланысты сөздерді суреттің жоғарғы шетіне, байланыссыз сөздерді төменгі шетіне жазады.Монитор, парта, гүл, принтер, тышқан, балапан, терезе, Paint, дала, пернетақта, кітап, қоян.7. Жеке жұмыс: Тест8.«Сергіту кезеңі» «Ана» туралы мақал мәтелдер айту9. Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторының құралдары. сурет салып келуҚорытынды: бағалау