Т?рбие са?аты Мемлекеттік р?міздер


Бекітемін: Сыныбы:9 A
Тақырыбы: ЕЛІМ МЕНІҢМақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.
                  2.Алған білімдерін  толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер  ету, сөйлеу тілін
дамыту.
                 3.Отанға деген сүйіспеншілік  рухында тәрбиелеу.
 
 Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер
Өтілу барысыЖүргізуші: Құрметті ұстаздар бүгінгі өткізгелі отырған «Елім менің» жобасына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс. Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.1 - айналым. «Сіз білесіз бе?»2 - айналым. Сырлы суреттер3 – айналым. Капитандар сайысы4 – айналым. «Адасқан әріптер»5 – айналым. Ән жұмбақ6 – айналым. Жүзден жүйрік жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:1 – жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.І топ «Бәйтерек»Топ жетекшісі: Мүшелері:2 – жүргізуші:ІІ топ «Ханшатыр»Топ жетекшісі:Мүшелері:
1 - айналым.
«Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.І топтың сұрақтары:1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.Ту, Елтаңба, Гимн2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.Көк, сары3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.Екі рет4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесіЖұлдыз5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай2: 12 – жүргізуші:ІІ топтың сұрақтары:1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл1992 жыл2. Мемлекеттік рәміздер күні4 маусым3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құсҚыран бүркіт4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануарҚанатты пырақ5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалдыЕл президентін ұлықтау рәсімінде1 – жүргізуші:
2 - айналым.
Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек.2 – жүргізуші:
3 – айналым.
Капитандар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет - тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)жүргізуші: 4 – айналым. «Адасқан әріптер» Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай1 - топ: О Л Ы Б А С А Р 1 - топтың сұрағы:1. Нанды баспа обал болады2. Бала тілі бал3. Ақыл жастан, Асыл тастан2 - топ:А Р А Ж Т Қ Ы Л2 – жүргізуші:2 - топтың сұрақтары:1. Ақыл көпке жеткізер Өнер көкке жеткізер2. Ескі жара аузын тырнады3. Біреуге жала жаппа
жүргізуші:
5 – айналым.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Жүзден жүйрік. Бұл айналымда әр топ өз сыныбымызды айқындайтын белгінің суретін салу керек, яғни сынып эмблемасыСайыс жеңімпаздарын марапаттау.