Шы?армашылы? білім беру саласы Б?лімі:жапсыру,Та?ырыбы: “Орман а?аштары”


Күні _____
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: “Орман ағаштары”
Мақсаты: Табиғат құбылыстарын жапсыру өнері арқылы жеткізуге үйрету,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері, үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті +
-
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
- Тәрбиеші балалардан серуен кезінде не көргендерін сұрайды. Ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аудартады.(ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне қарайды)- Ағаш қандай бөліктерден тұрады?- Мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астына ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі. Діңінен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке, майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды.- Көрдіңдер ме, табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен үндесіп байланысып жатады екен.- Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?- Ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма?- Серуен кезінде ағаштардың түбіне қар үйінділерін үю керек.- Табиғаттағы қыс кезіндегі өзгешеліктер жайлы әңгімелеседі.- Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.- Тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаштың бүр жара бастағанын балалармен бақылайды.- Балаларға жұмыс барысын түсіндіреді. Қағазды жұлмалап және қайшымен қию әдістерімен ағаш, бұтақтарды қиып жапсырады.Балалардың жауаптары- Тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы- Ағаштар сән береді, көлеңке береді, ауаны тазартады- Жоқ, болмайды- Ағаштың бұтақтарын қырау басқан. Дала аппақ. Күн суық.- БақылайдыМақтадан қар, аспан бөліктерін әзірлеп жұмыс мазмұнын толықтырады.Сабақты қорытындылау.Балалар өз жұмыстарын қызықтап, бір-біріне өз бағаларын береді.
Бағалау,мадақтау.
Тыңдайды,әңгімелеп айтады.
Тыңдайды,жұмысқа кіріседі. Күтілетін нәтиже: Білу: Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын білдіИгеру: Бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуі керекМеңгеру: Табиғаттың әсемдігіне, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарауды біледі