Разроботка урока самопознание на тему ?ыз?а -н?зіктік,?л?а-батылды? 5класс


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №36 мектеп-гимназиясы Мерзiм: 13.01.2017ж Сабақ саны:17
Мұғалiм: Сакиева Динара Сынып: 5 "Б" Оқушылар саны: 24
Тақырып: Қызға - нәзіктік,ұлға-батылдық
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: Сенімділік,жауапкершілік,жігерлілік
Мақсаты: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. 
Міндеттері:
- Оқушыларды қойған мақсаттарына жету үшін сенімділікке үйрету; - Оқушыларды жетістікке жету жолында жауапкершілігін дамыту; - Оқушыларды өз болашағына деген жігерлілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)стикер,үнтаспа, интербелсенді тақта, А3 формат,маркер,акварель бояу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін 5«Т» қайталау.
1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет
2.Үй тапсырмасын тексеру
№ 16 "Сөз іспен көрікті" сабағындағы 50 беттегі "Уәдешіл Алтай" әңгімесін оқып келу.
Әңгімелесу сұрақтары:-Берген уәдеде тұрудың қандай маңызы бар?- "Сөз бен істің бірлігі" деген ұғымды қалай түсінесіңдер?- Алтайдың берген уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
- Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді ?  ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентайкезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбиеқалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
- Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,сыпайы, биязы болса )
- Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
-  Ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,
адамгершілігі мол),
Ескерту
3.Дәйексөз.
Әкесіне қарап ұлын,
Анасына қарап қызын таны.
мақал
(Оқушылар талдап болған соң 2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу, барлығына хормен қайталату.)
-Неге ұлын әкесіне қарап таны дейді?- Неге анасына қарап қызын таны дейді?- Өмірімізді дұрыс әрекетке арнасақ, ғұмырымыздың бос өтпейтініне сенімдісіз бе?(Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талдайды.)- Дәйексөзді дәптерімізге жазып аламыз
4.Мұғалім сыйы 
Аңыз әңгіме
«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені , қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
  Біріншісі:
-         Өткен өмірім менің қазіргімнің  бастауы болды.Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз өзіме сенімдімін , себебі алға қойған  мақсаттарыма жету үшін  мен қажымай – талмай  күресе білдім. Өз өміріме  серік еткен жолдастарым  да өзіме  ұнайды , - дейді.
Сонда екіншісі:
-          Егер сенің айтқаның дұрыс болса , адам «түйе көргенінен жазбас» дегендей , бір орнында  дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім  маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма  қажетті  нәрселерді үйренемін . Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «Екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал  маңыздырақ . Менің қазіргі әрекетім бұрын қандай болғаныма емес , болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған  жаңа таныстар өте ұнайды , олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін  өзім де білемін ,- деп дауласа жөнелді.
-         Өткен мен болашақ тек сендердің ойларында  ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге  араласты үшіншісі. – Өткенің  енді қайтып келмейді , ал болашағың жеткізбейді. Сондықтанда өткеніңді  қанша аңсасаң да , болашағыңды  қанша қиялдасаңда, олар қолға  түспейді.Тек қазіргі өміріңде  ғана  алдыңа  мақсат  қойып , ол өміріңді  өзгертуге  болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды  жабырқатады, болашақ бақыт туралы  ой жаныңды  жегідей  жейді, тек қазіргі өмірде  ғана  өз ойыңды жүзеге асыра аласың.  
Сұрақтар:
-Мақсат адамға не үшін қажет?
-Өзің қайсысының пікірмен қосыласың?
-Қалай ойлайсыңдар адам өмірінің өткені қазіргісі , әлде болашағы маңыздыма?
-Мақсат қоюдың адам өміріндегі маңызы қандай?
-Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік етуі керек?
Түйін:Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады. Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет туындайды,оның қағидаты-өзіне де,өзгеге де,табиғатқа да еш зиян келтірмеу. 5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылар түрлі түсті жүрекшелер арқылы 3 топқа бөлінеді.
Тапсырма: Баяу музыка қойылады.
1топ: 1 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қартадам келіп тұрды. Қайтер едіңіз?
2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің?
3 сұрақ. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет жасар едіңіз.
2-топ:Тапсырма "Қылқалам сыр шертеді"
Ойынның талабы:үнсіздікте отырып қылқаламды ватманнан үзбей сурет салу.Егер қылқаламды ватманнан үзсең онда келесі оқушы келіп өз суретін жалғастырады.
3 – топ: Тапсырма: "Еңбек бәрін жеңбек" қолөнер бұйымын жасау.Оны өз қалаған адамына сыйға ұсыну.
6.Топпен ән айту.
Қазақстан бақытты әні,сөзі:Руслан Мамытовтікі Дәрібаевтар ансамблі орындайды. 
Кең көсілген жерім бар. Айдын шалқар көлім бар. Адамдары ақ-пейіл, Қазақ деген елім бар. «Қазақ» асыл тегім бар, Батырым мен бегім бар. Біз-Тәуелсіз, ұлы елміз, Болашақтан сенім бар. Қайырмасы : Қазақстан-Қазақстан Тәуелсіз ел бақытты. Қазақстан-Қазақстан Тәуелсіз жер бақытты. Ән-ұран боп әніміз, Оңнан атты таңымыз. Қазақ болып туылған Сая тапты жанымыз Алдан шығып бағымыз Жеке болды тағымыз Елтаңба мен көк туды Қастерлейік бәріміз.
7.Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген 57- беттегі С.Сарғасқаевтың "Жайма-шуақ" әңгімесін оқып келу. . 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Балалар,енді бір сәт тынышталып,көзімізді жұмайық.Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп ой елегінен өткізіңдер.Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар,жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын.
Тыныштық,тыныштық,тыныштық барлық жерде,тыныштық бүкіл әлемде! Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады