План урока по математику на тему 7 саны ж?не цифры


7 саны және цифры
 
Сабақтың тақырыбы: 7саны және цифрыСабақтың мақсаты: 1. 7саны және цифрымен таныстыру. 7санының шығу тарихын ұғыну. Киелі сан екенін меңгерту.Саналы түсіну машығын жетілдіру2. ә) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз сандытабуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылытанымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.3) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, суреттер т. бСабақтың түрі: дәстүрлі, кіріктірілген сабақСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісіменСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі1. Сабаққа назарын аудару.Бүгін балалар бізде ерекше сабақ болады. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, тиянақтау Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.2. Психологиялық дайындық.Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?Балалар: - Жақсылықты көру үшін.Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?Балалар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?Балалар: - Елге көмек беру үшін.Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?Балалар: - Шетте жүрсең,Туған жерге жету үшін.II. Жаңа сабақТеориялық білім беру6+1=77см > 6смБаспа және жазба түрі«Жеті лақ»ертегісіне саяхат жасаймыз. Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп ән саламын»,- дейді.Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды. Қасқыр үйге жақындап келіп, өзінің қарлыққан, қырылдаған даусымен:- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!,- деді.Лақтар:- Естідік! Тыңдадық! Бұл - анамыздың дауысы емес. Біздің анамыз жіңішке, нәзік дауысымен әндетеді. Кет, қасқыр, біз саған есікті ашпаймыз,- деп жауап қатты.Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң - тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп әндетті.Лақтар есікті ашты. Жауыз қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды. Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкі көрінбейді. Пеш ішінен лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнмен жылады.-«Лақтарым, шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым! Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!Енді не істеймін деп тұрғанда бір қағаз тауып алады. Ешкі сен оқушылардан көмек сұра. Ашық хаттың ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындаса лақтарыңды қайтарамын. Әр тапсырмаға 1 лақтан жіберемін деген екен. Ал дұрыс орындамаса қайтармаймын деп жазыпты. Балалар көмектесіңдерші,- дейді ешкі- Иә балалар ешкіге көмектесеміз бе?- Иә.Олай болса қасқырдың 1 тапсырмасын орындауға дайынбыз ғой. Зейін қойып толық орындауымыз керек өйткені қасқыр біздің есіктен сығалап тұр.1 тапсырмаСурет бойынша мысал құрастыр...+ = 77 -...=2-тапсырмаҚосылғыш ҚосылғышДәптерге орындау2+2=43+1=45+0=54+1=4Cергіту сәтіҚай жол ұзын? Қай жол қысқа?.......Жауап: Бақанын жолы ұзынҰлудың жолы қысқаСұрақ: Бақаныкі неше см артық?. Ұлудікі неше см қысқа?Жауап: Бақанын жолы2см артықҰлудың жолы 2см қысқаМенің орным қайда? ойыны Алма бағы жайнағанМатематикалық жұмбақ. ------- Қызыл алма айналыпЖаңа ғана шалғында ------------- Алдым үзіп 5 - еуін7 бұзау жүр еді ---------------------- Тағы да алдым 2 - еуінӘлде шаршап қалды ма? --------- Алдым сонда нешеуінЖатып қапты біреуі --------------------------------------(7)Нешеуі енді жайылыпЖүргенін айт айырып7 - 1=6Логикалық тапсырма4 бұрышта қоян отыр. Бір қоянға неше қоян қарап отыр? Ал бөлмеде неше қоян болды.№3 есеп6*7 -------- 5*7 ---------- 6см*7см6*5 ------- 7*4 ---------- 7см*7смСергіту сәтіМузыкалық жаттығуБілімді бекітуСәйкестік тест3+2 67 - 1 54+3 27 - 5 76 - 3 46 - 2 3Үйге тапсырма№5есепБекіту«Ғажайып жеті санына» саяхат7 ғаламОңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты7 күнБүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына7 атаБала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата7 қазынаЕр жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл - білім, жүйрік ат, жүйрік тазы7 жоқЖерде өлшеуіш жоқ,Аспанда тіреуіш жоқ,Аллада бауыр жоқ,Жылқы да өт жоқ,Таста тамыр жоқ,Аққуда сүт жоқ,Тасбақада талақ жоқ7 жұтҚұрғақшылық, жұт, оба, өрт, соғыс, топан су, зіл-залаҚорытынды.«Саққұлақ бидің» сөзімен қорытындылауАдамның басшысы - ақылЖетекшісі - талапЖолаушысы – ойЖолдасы - кәсіпҚорғаны - сабырҚорғаушысы – мінезСынаушысы - халықБағалау