Д?ниетану 1 а сынып ??старды? к?згі тіршілігі


Тақырыбы: Құстардың күзгі тіршілігі.
Мақсаты: оқушылар табиғат көркі құстар туралы,олардың түрлері мен күзгі тіршілігі жайлы, құстардың пайдасы туралы оқып біледі.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, өз пікірін дәлелдей алуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: табиғатты бақылау, құстарды қорғау, оларға қамқорлақ жасауға баулу.
Типі: жаңа білімді игерту.
Түрі: кіріктірілген ойын сабақ
Әдісі: ой шабуылы, жұппен жұмыс,тестпен жұмыс, «Жұлдызыңды жақ, «Ұшты- Ұшты», «Артығын тап» ойыны.
Пәнаралық байланыс:әліппе,математика,еңбекке баулу,бейнелеуөнері, ән.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, электронды оқулық «Хайуанаттар паркі», «Құстар әлемінде»- слайд.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру. Ой шабуылы.
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Күз айларын атайықшы.
- Қыркүйек,қазан,қараша.
Әр айдың ерекшелігіне тоқталу. Қыркүйекте күн жылы,ағаштар жасыл болады.
Қазанда дала сарғайып,жапырақтар түсе бастайды. Күн салқындайды. Қарашада күн суытып,жаңбыр көп жауады.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Өткен сабақта жануарлардың күзгі тіршілігімен таныстық.Енді сол бойынша суреттерге қарай отырып,мына жануарлар туралы әнгімелеп беріңдерші.(слайдта суреттері шығып тұрады)
- Кірпіні көрдің бе? Ол туралы не білесің?
- Борсық жайлы не айтасың?
- Аю қандай аң?
- Саршұнақ пен аламанды салыстырып әңгімеле.
- Тиін туралы не білдің?
- Түлкі мен қоян неліктен түлейді? Оларды салыстыр.
Электронды оқулық «Хайуанаттар паркі» сөздік жұмысын жүргізу мақсатында тест алынады.
ІІІ.Қызығушылықты ояту.
Интерактивті тақтада түрлі құстардың дыбыстарын шығару.
- Оқушылар көзімізді жұмайық та,құлағымызбен тыңдайық. Көз алдарыңа нелер елестеді? Қандай көңіл-күйде отырсыңдар? Олай болса көзімізді ашайық та ойларыңды әңгімелеп беріңдер.
ІV.Мағынаны тану.
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда құстардың күзгі тіршілігімен танысамыз.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.Жұмбақ шешу арқылы құстардың кейбір түрлерімен танысамыз.

«Жұлдызыңды жақ» ойынын ойнайық.Тапсырмасы жұмбақтар шешу.Кім жұмбақты шешсе, сол оқушы өзінің жұлдызын жағады.
1-жұлдыз. Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін. Жауабы: қарлығаш.
2-жұлдыз. Өзге ұяға із тастап,
Өз атын өзі айтады.
Сөйтіп күнді батырады. Жауабы: көкек.
3-жұлдыз. Сұлулықтың не екенін,
Оларға қарап анықтар.
Өзге құс оған жетпейді
Құс патшасы саналар. Жауабы: аққу
Жұмбақтар шешуін тапқан сайын сол құстардың суреттері шығып тұрады.Сол құстар жайлы мағлұмат беріп отырамын.
Қарлығаш-ол кеш келіп,ерте қайтып кетеді.Себебі,ол шыбын-шіркеймен қоректенеді.Оларды ұшып келе жатып қағып жейді.Ал шыбын-шіркей қар ерісімен шыға қоймайды.Адамға үйірсек,сүйкімді.Өзге құстарға ұқсамайтын құлаққа жағымды үні бар.Ол бір жазда 1 миллион құрт жейді екен
Көкек – өз атын өзі шақыратын,өте тамақсау құс.Өзі балапан басып шығармай,жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына туып кетеді.Одан шыққан «өгей» балапан қалғандарын ұядан итеріп құлатып жібереді.
Аққу –мойны ұзын, қардан аппақ құс.Ол 30-40 жыл жасайды.Аққу 3-4 жасқа дейін сұр боп өседі,кейін түлеп нағыз аққуға айналады.Ол 3-4 жұмыртқа басады,38-40 күнде өргізеді.Олар өте тату.Адамдар аққуды ешқашан атпаған. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды.Мемлекеттік қорғауға алынған.
Шығармашылық тапсырма: «Құстардың күзгі тіршілігі» суретпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып беру.Мазмұнына тоқталу.
Күзде құстардың жемісі азаяды.Көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ұшар алдында олар топталып,азық іздеп қоректеніп,күш жинайды.Оларды үркітіп,егістіктен қуалама.Олар ұзақ жолға шыдау үшін күш жинап жүр.
Жыл құстары – күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кететін құстар.
Олардың жылы жаққа кетунің себебі – жемінің азайуы. Күн салқындап,құрт-құмырсқа тығылып қалады.Сол кезде құстар топтала ұшып,лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.Ал көктемде қайта келу себебі,ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп,ұрпақ өрбіте алмайды.
Сергіту сәті.
Құстарға біз ұқсайық,
Қане,қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
«Ұшты-ұшты» ойынын ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс жүргізу үшін «Артығын тап» ойынын ұйымдастыру.
Әртүрлі суреттер арқылы берілген тапсырма.
ІV. Ой толғаныс
Жаңа сабақты пысықтау:
Қандай жыл құстарын білеміз?
Құстар немен қоректенеді?
Практикалық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.
І топта – бейнелеу сабағы.Құстың суретін салу 4 кезеңнен тұрады.
ІІ топта – еңбек сабағы.Геометриялық фигурадан балапан құрастыру.
ІІІ топта – әліппе сабағы.Құстар туралы қандай өлеңдер, тақпақтар мен жұмбақтар білесіңдер?
V.Үйге тапсырма. Оқулықтағы сюжетті суретке қарап «Үйрек пен түлкі» туралы ертегі құрастырып келу.