?орша?ан орта, сурет салу Мені? Отаным Жола?та?ы ою элементтері (Кіріктірілген саба? мини центр)


Шағын орталықтың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Сыныбы: Шағын топ
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта, сурет салу
Тақырыбы: "Менің Отаным" "Жолақтағы ою элементтері"
Мақсаты:
1.Білімділігі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелесіп беруге үйрету, Қазақ оюларының суретін салу тәсілдерімен таныстыру.Қолданатын бұйымдарды ою-өрнектермен безендіру жолдарын көрсету.
2.Дамытушылығы: Өз қалалары,отаны туралы білімдерін әрі қарай дамыту, Үзік сызықтарды қосу арқылы қандай бейне шығатынын білдіру, балалардың көркемдік талғамын дамыту.
3.Тәрбиелігі: Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбилеу, Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, сурет салу.
Қажетті көрнекі құралдар: қала көрінісі, адамдардың еңбегі бейнеленген суреттер, Ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар,геометриялық фигуралар.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру)
-Балалар қайырлы таң!
-Қане бәріміз орнымыздан тұрып,
өзіміздің гимнімізді орындайық.
-Жақсы балалар.Сендер өте жақсы айттыңдар.Бүгінгі күндерің сәтті өтсін! -Қайырлы таң!
Балалар орындарынан тұрып Қазақстан Республикасының
гинін орындайды.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік
-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-Сендер қандай қалады (ауылда) тұрасыңдар?
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Тәрбиеші жетелеуші сұрақтар қоя отырып
Отан сөзінің мағынасын түсіндіреді.
-Қазақстан Республикасы үлкен
мемлекет екен.
Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші
қалалар
мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері
тұрады. Ол ұлттардың өздірінің сөйлейтін
тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттік
тіл – қазақ тілі.
Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен
қазір сендермен қандай тілде
сөйлесіп тұрмын?
-Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік?
-Енді, балалар, Қазақстан Республикасының
осыған дейінгі кезеңдеріне көз жүгіртіп
көрейік. Педагог балаларға
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
алғанға дейінгі кезеңін (сурет немесе слайд
көрсету арқылы) , ондағы үйлер,
мәдениет орындары, халқы
туралы қарапайым
түрде ақпарат береді және
Қазақстан Республикасының қазіргі
Жағдайы туралы бейнеролик (сәулетті,
әдемі көпқабатты үйлер мен мәдениет
орындары, балабақша, мектеп, дүкен, т.б.
қоғамдық орындар, экономикасы, ұлттық
валютасы – теңге) көрсетеді. Өздері
тұратын қалалары туралы сұрайды.
Қаланың көркейгені ол мемлекеттің
мәдениеті мен экономикасының
өркендегені екендігін
және мемлекеттің өркендеуіне
барлық қазақстандықтардың үлесі бар,
соның ішінде өздерінің де үлесі бар
екендігін түсіндіреді.
Тәрбиеші Ә.Табылдыұлының «Қасиетті
шар» әңгімесін оқып береді. Балаларды
өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа
бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға
Көпқабатты үйлерді құрастыруды,
екінші орталықтағы балаларға мерекеге
дайындық жасап, қала көшелерін безендіру
үшін түрлі заттар жасау керектігін айтып
түсіндіреді.
Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін
екі орталықтағы балалардың жұмыстарын
біріктіріп, жасаған заттарына байланысты
сұрақтар қояды.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді
Тәрбиеші ою-өрнектердің суретін көрсетеді, бірнешеуінің: "қошқар мүйіз","құсқанаты", "гүл","ирексу" аттарын атап өтеді және оларды қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Ұлттық бұйымдарды (сырмақ, кесе) көрсетеді, сандықтың атауларын сұрайды, олардың ою-өрнектеріне назар аудартады. Ою-өрнек (ирек және тышқан ізі деп аталатын) бейнеленген суретті көрсетеді, сұрақ-жауап арқылы олар туралы түсінік береді.
Дидактикалық ойын:
"Қандай пішін жоқ?"
Мақсаты: Жаңа ою-өрнек элементтеріне балалардың көздерін үйрету, оны басқа пішіндерін ажырата білу.
Шарты: Төрт пішінді, (шеңбер, тіктөртбұрыш, "ирек" және "тышқан ізі" ) тақтаға іліп қояды да, ішінен бар пішінді жасырады. Балалар қай пішін жасырылғанын айтады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Ою-өрнекті салып, аяқтау.
1. "Ирек" өрнегін сынық сызықтарды үшбұрыштап қосу арқылы, үзбей сызуға жаттықтыру. (қарындашпен қосу)
2. Үшбұрыштарды аяқтау.
3. Жолақшада тұрған үшбұрыштарды бояту, яғни оны балалардың қалаулары бойынша бояуға қылқаламды батырып, жоғарыдан төмен қарай дәптердің сол жағынан бастап бояту.Жұмыс барысы туралы пысықтау сұрақтарын қоюға болады.
-Қазақстан Республикасы.Тұратын қаласын немесе
ауылын айтады.
-Отан – менің үйім,
елім, жерім.
–Отан –тауымыз, табиғатымыз.
-Отан – отбасымыз, мемлекетіміз
-Қазақ тілінде
сөйлесеміз.
-Мемлекеттік
тіл дейміз.
Балалар бейнероликтен
сәулетті,әдемі көпқабатты
үйлер мен мәдениет
орындарын, балабақша,
мектеп, дүкен, ойнап,
қыдырып жүрген балаларды
көріп қуанышты
сезімде болады.
Балалар оқылған шығарма желісі бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтады.
Бірінші орталықтағы балалар әртүрлі құрылыс материалдары мен қағаз қиындыларын қолданып, көпқабатты үйлерді құрастырады. Екінші орталықтағы балалар дайын қиылған түрлі түсті шарлар мен жалаушылар т.б. мерекелік безендіруге арналған заттарды жіпке тізіп жабыстырады.
"Қошқармүйіз" - қолдарын жоғары көтеріп сыртына қарай қолдың басын ию, "құсқанаты" екі қолды жоғары көтеру т.б.
Балалар толық және жеке-жеке жауап береді.
-Сандықта бейнеленген ою "қошқармүйіз" деп аталады.Ал кеседегі ою "құсқанаты" деп аталады.
Үшбұрышқа ұқсайды,түстерін қайталайды.Салыстырып, түстерін атайды.
-Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар. Балалар атауларын атап қайталайды.
(екі рет ойнатуға болады)
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тәрбиешінің бағыт беруімен жұмыс жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
Жұмыстарын аяқтаған балалардың жұмысын топтағы төсеніш үстіне реттеп қояды, тәрбиеші балаларды тыңдайды.Олар өз-өздеріне баға береді.Тәрбиеші балалардың суреттеріне талдау жасайды.
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан
алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен
айналысқандарын, не үйренгендерін
сұрайды
Балалар қандай ою салып отырғандарын, оның үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.
Жиыннан алған
әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін
дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қалалары туралы әңгімелеп беруді, қазақ оюларының суретін салуды.
Игереді: Қазақстан Республикасының халқы, тілі, сәулетті әдемі Көпқабатты үйлері мен мәдениет орындары, балабақша, мектеп, дүкен, теңге туралы білімді, Геометриялық фигуралар салуды, үзік сызықтар қосу арқылы сурет салуды.
Меңгереді: үлкен, кіші қалалар мен ауылдарда тұратын бірнеше ұлт өкілдері, олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлі туралы білімді, Геометриялық фигуралар салу арқылы ою-өрнектермен безендіру жолдары.