Ашы? саба? «Рационал сандар?а амалдар ?олдану»


Аңқаты ЖОББ мектебі

Тақырыбы:
«Рационал сандарға амалдар қолдану»
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Еслямгалиева Э.Н.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өткен рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша білімдерін тиянақтау;
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, дағдысын қалыптастыру;
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланысы: Информатика, сурет, география.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Өткенді қайталау
Қымбатты, балалар! Шалқар көлінің алыстағы “Рационал сандар” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әр түрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!
Айлақтар жолы:
«Тренинг» айлағы«Тапқырлар» айлағы«Сиқырлы балықтар» айлағы«Ойлау» айлағы«Рационал сандар» жағалауы
Әр айлақтардан өтіп, келесі айлаққа жеткенше қызықты материалдар айтылып отырылады.
«Тренинг» айлағы
Өткенді қайталау:
- (+) = ?- (-) = ?|-2,5| = ?Салыстыр: -5 және -11Рационал сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Кейбір екі таңбалы сандардың көбейтіндісінде көбейткіштердің цифрларын ауыстырып жазуға болады. Одан көбейтіндінің шамасы өзгермейді:
12 * 42 = 21 * 24
504 = 504
12 * 84 = 21 * 48
23 * 96 = 32 * 69
24 * 84 = 42 * 48
«Сиқырлы балықтар» айлағы
Оқулықтан № 584, 585, 586 есептер.
Кейбір сандардан төмендегідей сатылар құрастыруға болады:
1 квадраты 1
11 121
111 12321
1111 1234321
11111 123454321
111111 12345654321
«Тапқырлар» айлағы
№ 587, 588, 590
Кейбір сандардың қосындысы мен көбейтіндісі бірдей цифрлармен жазылып шығады, бірақ цифрлардың орындары ауысқан болады:
9 + 9 = 18 9 * 9 = 81
24 + 3 = 27 24 * 3 = 72
47 + 2 = 49 47 * 2 = 94
236 + 2 = 265 263 * 2 = 526
497 + 2 = 499 497 * 2 = 994
«Ойлау» айлағы
Жағалауға 3 шақырымдай қалды. Ендеше мына есептерді шығарсақ, жағалауға жетеміз!
№ 592, № 593
(Жағалауға жетіп, жағалау суреті көрсетіледі.)
ІY Үйге тапсырма: № 589, 591, 594
Ү Бағалау. Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды бағалау.