Урок по природоведению на тему Таулы жер ?сімдіктері мен жануарлары (4 класс)


«Бекітемін»

Мектеп директоры: ________ Ұ.Оразбаева
Қысқа мерзімдік жоспарлау
Пәні: дүниетану. Мектеп: №93 Абылай хан жом
Күні:24.02.2017ж Мұғалімі: Аблаева Г.Г.
Сыныбы: 4 «А» Қатысқан оқушылар саны:23 Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Оқушылар бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы білім алады, өзіндік пікір айтуға үйренеді,талдай білуге машықтанады,жаңа сөздермен танысады,байланыстыра сөйлеуге, салыстыруға үйренеді
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Тақырыптың мазмұнын, түсінеді ,негізгі ойды ұғады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Пікір алмасу арқылы ой түюге дағдыланады.
Тақырыпты менгеріп, алған білімін өмірде пайдалана алады;
Кейбір оқушылар:
Бір-бірін өзара түсінуге, қолдауға үйренеді
Тілдік мақсат Оқушылар: Айқын да дәлелді сөйлеуге дағдыланады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Арқар-меринос,ұлар,ұшқат,ырғай.
Сүрлем – ауа жібермей консервілеу арқылы дайындалатын, ұзақ уақыт сақтау үшін ашытылған шырынды жемшөп.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
өз пікірін кестеге,қағазға түсіру.
Талқылауға арналған тармақтар: тау,таулы жер өсімдіктер мен жануарлары
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Тауларға қандай экологиялық қауіптер төнуі мүмкін деп ойлайсыздар? Неліктен?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
«Егер табиғатқа тіл бітсе, онда …» деген тақырыпқа эссе жазу.
Алдыңғы оқу Су қойма өсімдіктері мен жануарлары
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
11мин Ұйымдастыру кезеңі
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
 Басты  иіп біз.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Шырылдады қоңырауБіз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырыпӨзара көз тастаймыз.Табыс тілеп көзбенен,Жаңа білім алуғаАлға қадам аттаймыз(1мин)
“Мозайка” әдісі.
Топқа бөлу.
ГеографтарБотаниктерЗоологтарЭкологтар (3мин),
Бағалау критерийі (2мин)
1.Сабаққа белсене қатысуы:
2.Тың идея таба білуі:
3.Мәнерлеп оқуы,түйінді ойды табуы:
4.Талдау жасауы:
5.Берілген тапсырманы орындауы:
6.Сөздік қоры:
Бағалау парақшасы.
Үй тапсырмасын «Ақиқат ,жалған » әдісі арқылы сұрау. (5мин) «Ортада қаламсап » стратегиясы.
Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, топ мүшелері көмектеседі.
1.Қайың,долана,қарақат су қойма өсімдіктері. Жалған
2.Сарытұңғиық,балықоты су қойма өсімдіктері. Ақиқат
3.Инелік қомағай.пайдалы жәндік. Ақиқат
4.Суыр,ақбөкен,қарсақ суқойма жануарлары. Жалған
5.Құндыздың үйшігінің аузы су түбіне қараған. Ақиқат
6.Арал албырты көп тараған балық түрі. Жалған
7.Инеліктің дернәсілі жыртқыш. Ақиқат
8.Қоға мен қамыс тұқымдары сумен таралады. Жалған
(Жалған жауапты дәлелдеу.) Тау суреті.
Сурет қиындылары
Бағалау парақшасы
Қаламсаптар
Ортасы
25мин Ой қозғау.
-Балалар, су қоймасының бастау көзі қай жерден
басталады?
-Су қойманың бастау көзі тау шатқалдарынан басталады.
Тау туралы бейнефильм тамашалау.1мин
- Балалар, ендеше бүгін біз «Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары »тақырыбымен таныс боламыз.
2003жылдан бастап,11 желтоқсан халықаралық тау күні аталып өтілуде.
Оқулықпен жұмыс. Көз жүгірт, ой жүгірт
Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс)
“Джиксо” әдісі (постер қорғайды)
Географтар-тау туралы(Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс)Ботаниктар-таулы жер өсімдіктер тіршілігі, түрлеріЗоологтар- таулы жердің жануарлар әлеміЭкологтар-табиғатты қорғау(4мин)
Шапалақ арқылы топ өздерінің жауаптары дайын екенін білдіреді.
Әр топ бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалап отырады
Сергіту сәті«Ақ бұлақ»әні. (2мин)
Топтық жұмыс.
Шапалақ арқылы топ өздерінің жауаптары дайын екенін білдіреді.
Әр топ бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалап отырады.
1. Географтар
Тауды сипаттайтын сын есімдер тізімін жазу (биік,қарлы, орташа , аласа) .Сын есімдерді қатыстырып,сөйлем құрау.
2.Ботаниктер.Эко есептер.
№1.Бұғы қыс уақытында тәулігіне 12кг шөп жейді. 4 бұғы тәулігіне неше кг шөп жейді?
№2.Ұлардың дене тұрқы 60см .Салмағы 3кг.Осындай 100 ұлардың салмағы неше кг болады?
№3.Сілеусін бір секіргенде 5м секіреді.Ол 85 рет секірсе неше метр болады?
№4.Егер бір борсық бір күнде 2кг тышқандарды жейтін болса ,
1 аптада қанша зиянкестерді жей алады?
№5.Бір илеудің құмырсқалары 1тәулікте 20мың зиянкес жәндіктерді құртады. Ал 5 тәулікте қанша зиянкестерді құртады?
3.Зоологтар. «Тау,табиғат » туралы өлең оқу.
«Бес жолды »өлең4.Экологтар .Экологиялық диктант.
Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын – орнына тауып жазу көзделеді
Сөйлемдер Қажетті жауаптар
1.Жер бетіндегі ......... 30% таулар береді.
2.1 ағаш тәулігіне ............ тыныс алуына қажетті оттегін бөледі.
3.Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг ......... сіңіреді.
4.Тау,орман атмосфераны ....... байытады.
5.Табиғатты ..... біздің міндетіміз. Оны қалпына келтіру үшін көктемде немесе күзде жас ...... отырғызу керек. Көмірқышқыл газын
Қорғау, көшеттерді
Оттектің
3 адамның
Мадақтау, ынталандыру АКТ
Бейнефильм
Оқулық , постер
Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс
«Ақ бұлақ»әні.
«Бағдаршам»
Эко есептер.
Өлең
Эко диктант
Аяқталуы
9мин Жүректен жүреккеПікірді жалғастырып айту1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»3. «Табиғат – мен үшін шығармашылық, өйткені...»
 4. «Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені... » (4мин)
Үйге тапсырма: (1мин)
Мәтінді оқып, «Табиғат –біздің байлығымыз» тақырыбына эссе жазу.
Өзара бағалау /смайликтер/
Деңгейіне сәл жетпеген оқушыларды ынталандыру.
Мұғалім бағалауы /формативті,суммативті/(1мин),
«Сұрақтары бар қорап » әдісі.
Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.
Блоб ағашыРефлексия.2мин

Тақтадан «Талаптарың таудай болсын!»атты сөз шығару.
Сабақтың аяқталғанын хабарлау Жүректен жүрекке
Қорап
Блоб ағашы
Қосымша ақпарат : «Табиғат –біздің байлығымыз » тақырыбына эссе жазу.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтар
дағы байланыс
А)деңгей Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер туралы пікірің тыңдау,оқушыларды сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдай алу дағдысын дамыту мақсатында сыни тапсырмалар беремін.
В:Алған білімдерін өмірмен байланыстыру
С:Жалпы таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік қалыптасады. Өзара бағалау /бағдаршам/формативті.
Бағалау парақшасы арқылы сумативті бағалау. Сабақ экологияға байланысты құрылды.
Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынасы орнады.
Оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақтың тақырыбымен байланыс болды Қазақ тілі, әдебиеттік оқу,математика.
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
...
...
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
...
...
Менің келесі сабағымда нені жетілдіру керек?
...
Тексерілді: Л.Дошманова. 23.02.2017ж