Ж?ректі? ??рылысы, ж?мысы ж?не оны? реттелуі


Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы,жұмысы және оның реттелуі
Сабақтың мақсаты: Жүрек оның құрылысы мен қызметін анықтау, жүрек жұмысына сипаттама беру, жүрек жұмысының реттелуін білу.
Күтілетін жәтиже: Оқушылардың жүрек құрылысы мен қызметін анықтай алады; Жүрек жұмысына сипаттама бере алады; Оқушылардың сөйлеу есте сақтау қабілеттері дамиды; Биология пәніне деген қызығушылығы артады.
Негізгі идеялар: Оқушылардың сөйлеу және бір-бірімен қарым қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда диалогтік оқытудың тиімділігін құра білдім. Оның тиімділігі сабақтағы жайлы атмосфераның қалыптасуы,оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуына әсер етуі.Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып,қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және өзін бағалай білуі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: компьютер, интербелсенді тақта, жүрек макеті, оқулық
Әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту, жеке дара, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,медицина, математика
Сілтеме:Интернет материалдары сайт(Google.kz), 8-сынып оқулық
Сабақ кезеңдері уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі 1 мин
Сыныпты түгендеу
Амандасу,оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру
Салематсындар ма,балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім

Ал сіздердің көңіл-күйлерін қандай?
Топтастыру: Туған күндері бойынша, жыл мезгілімен топқа бөлу
1 топ – суретшілер
2 топ – тілшілер
3 топ – ғалымдар
4 топ - дәрігерлер Сынып басшысы сыныпты тізім бойынша түгендейді.
Топтастыру
Туған күндері арқылы мезгіл бойынша топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын тексереді 7 мин Алдыңғы өткен сабақты еске түсіру мақсатында төрт топқа бірдей тапсырма беріледі.
«Миға шабуыл»әдісі
Үй тапсырмасын «Сұрақ бізден жауап сізден» әдісі арқылы сұралады. Сұрақта жауап бере отырып,өткен тақырыпты естеріне алады және диалогтық қарым-қатынасқа түседі.
Ой қозғау,жаңа тақырыпқа шығу 3 мин
I.Қызығушылықты ояту:
«Ой шақыру»
1.Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды (Жүрек)
2.Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-Ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қантамыр)
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақстында оқушыларға сұрақ қойылады:
1.Адамның денесінде ең маңызды рөл атқаратын не?
Қане ойланып көрейік
2.Жүрек қайда орналасады?
Менің бұл сұрақты қойған себебім бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:
«Жүректің құрылысы, жұмысы» деп аталады. Яғни, Жүректің құрылысы,жұмысы
туралы танысатын боламыз.

Білу
Түсіну 8мин
II.Мағынаны ашу
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша бейнебаян көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру, кітаптан оқып, топта өзара пікірлесіп, постер қорғау
Iтоп Жүректің суретін салады
IIтоп Жүректің құрылысын айтады
IIIтоп Жүрек жұмысының реттелуін айтады
ІVтоп көрініс арқылы жүректің маңызын айтады Оқушылар бейнебаян арқылы сабақты өзара талдайды, жаңа тақырып бойынша постер қорғау
Талдау 5мин
Оқушыларға тақтаға бейнебаян бойынша талқылап тірек сөздер ілгіземін. Оқушыларға тақтаға жаңа тақырып бойынша талқылап тірек сөздер іледі.
Қолдану 8мин
3 топқа тапсырма беру
“Өмірдің өзі-есеп”(есептеп шығар)
Адамның жүрегі минутына 60-70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар
47 кг салмақтағы адамның денесінде қанша литр қан бар? Қан адамның дене салмағының 7% -ын құрайтыны бізге белгілі. Есептеп шығар.
Оқушылар топпен есептер шығарады.
Сергіту сәті 2 мин
Сергіту сәті:
Артериялық қан кету болса-сол қол көтеру
Веналық қан кету болса оң қол көтеру
Капиллярлық қан кету болса-қолды соғамыз
Бұл тамырдың бойымен қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып ағады – артерия
Ең жіңішке қан тамыр – капилляр
Мүшелер мен ұлпалардан қан жүрекке бағытталып ағатын едәуі ірі тамырлар – веналар
Адамдағы жалпы саны – 2 млрд – капилляр
Веналық ұшы бірігіп венула түзеді - капилляр
Қан тамырлары арқылы қан кету бағытын қимыл-қозғалыспен орындау
Жинақтау 6 мин III. Ой толғау
Биологиялық диктант
1.….. ….. деп, жүрекше мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді айтады.(үш жақтаулы, екі жақтаулы қақпақша)
2.Ең үлкен артерия … деп аталады. Ол жүректің … …. ……. Басталады (қолқа, сол жақ қарыншадан )3.Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар …. орналасады. (жүрек қабында)
4.Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты … деп аталады. (миокард)
5.Капиллярдың вена ұшы бірігіп … түзеді. (венула)
6..Жүректің салмағы ...250-300гр
Оқушылар тобымен отырып орындайды.
Бағалау 3 мин
Бағалау парағына сүйене отырып, топ басшысы бағалайды
Бағалау парағына сүйене отырып оқушылар өздерін бағалайды
Үйге тапсырма 1 мин. Шығармашылық жұмыс.
- Оқушыларға 2 түрлі тақырып беріледі сол тақырыптың біреуіне презентация жасау
1) жүректің құрылысы
2) жүректің қызметі
-Эссе жазу «Жүрек жылуы» Үй тапсырмасын күнделікке жазу
Рефлексия 1 мин. Смайликтер арқылы Оқушылар және мұғалімдер сабақ туралы пікірлерін, өз ойларын стикерге жазып ілу.