Презентация Термин с?здер (5 класс)


Термин сөздер. Термин сөздер дегеніміз – ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.І. Басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінен балама табу: 1) жергілікті және көне сөздер алынған: кеден – таможня, бап - статья, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, нарық – рынок, ғарыш- космос, әкім- администратор; 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай – аэропорт, төлқұжат – паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран - гимн, т.б.ІІ. Тілімізге орыс тілі арқылы келген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат, куб, коэффициент, т.б.; химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат, т.б. география терминдері: глобус, карта, т.б.; лингвистика терминдері: синоним, антоним, эвфемизм, дисфемизм, диалект, т.б. 193 – жаттығу. Математика, география, биология, тарих пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді жазыңдар. 198 – жаттығу. Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К.Маркс.) Музыканы сүю үшін, ең алдымен, оны иыңдай білу керек.(Д.Шостакович.) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп,адамдық қалпымызды тәрбиелейді. (М.Әуезов 204-жаттығу. Мәтіннен терминдерді теріп жаз «Кім тез табар екен?»1.Құрамында ф, ц, э әріптері бар әр түрлі термин сөздер тауып жазыңдар.2. Н әрпіне аяқталған бірнеше термин сөздер жазыңдар.3. Қосар дауыссызға аяқталған бірнеше термин сөз тауып жазыңдар. Термин сөздерді ажыратып, екі бағанаға бөліп жаз Төлқұжат,мұражай,ғарыш,балет,хореография,декорация,әмбебап,отбасы,нарық,синоним,азон,куб,карта,әкім Басқа тілден енген Интернационалдық “Тапқырлар сандықшасы”. Сабақты бекіту. Мысалдар Кәсіби сөз Термин сөз Ереже Еріншек егіншіден, елгезек масақшы озады. Отан – отбасынан басталады. Глобус – жердің кішірейтілген үлгісі. Болат біз қап түбінде қалмас. Жездің жайын зергер білер. Мысалдар Кәсіби сөз Термин сөз Ереже Еріншек егіншіден, елгезек масақшы озады. + Отан – отбасынан басталады. + Глобус – жердің кішірейтілген үлгісі. + Болат біз қап түбінде қалмас. + Жездің жайын зергер білер. + Үй тапсырмасы:1.206-жаттығу.2.Әскери,әдебиет пен өнер,спортқа байланысты термин сөздер жазу