?аза? тілінен Термин с?здер


Қостанай облысы Науырзым ауданы Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы Мақсаты: Кәсіби және термин сөздердің жасалуы және пайда болуы жайлы тереңінен түсінуге материалдар негізінде бағыт беру. Жаңа білімді игеру барысында білімнің түбіне терең үңіліп, өзінше ізденетін және сыныпқа жаңа идея ұсынып,өз ойын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыру. Мұғалім берген білім бағытын өз бетімен дамыта алатын білімді,ізденімпаз тұлға тәрбиелеу. Сынып ахуалын қалыптастыру: 1. “Бала мен ана” атты тренинг негізінде сынып ахуалын қалыптастыру . 2 .қазақ тілі сөздік құрамына байланысты топқа бөлу \ көнерген ,кірме және диалект сөздер\. Өткенді пысықтау.Графикалық диктантты толтыру Кірме сөздер Диалект сөздер бөтелке құдағай ғаламтор жасуша бережақ нөкер әңгелек ермексаз Жаңа сөздер Өткенді пысықтау тесті:1.Көнерген сөздер дегеніміз не?а) қолданыстан шыққан сөздерә) жаңадан енген сөздерб) облыс,аймақ арасындағы тіл ерекшеліктері2. Жалпылама лексика дегеніміз не?а) заман ағымына сай өзгерген сөздерә) бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті сөздерб) басқа тілден енген сөздер3. Кірме сөздер қатарын тап:а) ғаламтор, жасушаә) қызыл әскер, уәзірб) керуерт, самаурын4. Диалект сөздер деген не?а) облыс, аймақ арасындағы тіл ерекшелігіә) заман өзгеруне сай қолданыстан шыққан сөзб) басқа тілден енген сөз5. “Саяжай, үнқағаз” сөздері қай сөздерге жатады?а) диалектә) жаңа сөздерб) көнерген сөздер Жаңа білімді игеру“Ой шақыру”. Ыңғыру-ағаш оятын құрал Пәрбі-шойын тескіш құрал әңгелек-қауын түрі Ақауыз,таутан Жампоз, кезөркеш Блум таксаномиясыБілу.ТүсінуІ тапсырма.Кәсіби және термин сөздердің жасалу жолын түсіндіру, түрі мен саласы жайлы мағлұматты постер негізінде беру\ топтастыру, шығармашылық қабілет\. Қолдану.Талдау. І топ.196-жаттығу-бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау.ІІ топ. 197-жаттығу-бір сөзге фонетикалық талдау жасау.ІІІ топ.198-жаттығу-бір сөйлемге морфологиялық талдау жасау. Жинақтау.Тақтадағы сұрақтардың жауабы дұрыс не бұрыс екендігін анықта:Кәсіби сөздер дегеніміз-басқа тілден енген сөздер.Термин сөздер дегеніміз ғылым,техника саласына арналған ұғымдар.3.Термин сөз бен кәсіби сөздердің айырмашылығы жоқ.4.Кәсіби сөздер 3 салаға бөлінеді.5.Термин сөздер 2 түрге бөлінеді:төл терминдер және интернационалдық. Оқушының өзін-өзі бағалауы -сабақты толық түсіндім -сабақты жартылай түсіндім -сабақты түсінбедім Рефлексия Үйге тапсырма:1.Газет-журналдардан кәсіби және термин сөздер кездесетін мәтіндер тауып келу.2.Ереже, 193-194 жаттығулар Сабақ аяқталды ,сау болыңыздар