№9 орта мектеп мектепалды даярлы? тобыны? т?рбиешісі: Оспанова Назгул Сериковна


Аналар асыл қазынам

Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянғанТүн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқанСуық болса жөргегіҚорғасындай балқытқанАйналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқанБұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізіӘдемі сөз адамныңАнаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Ерасыл: Таң қалғандай ғаламКім сұлу адамКарина: Анам менің сүйіктімТек өзіңе табынам.
Мадияр: Анаң болса қасыңдаБасқа бақыт не керек?
Ернұр: Мен анамды сүйемінҚұшағына енемін.
Нәби: «Боташым» дер сағанКім сүйікті адамОл - менің анам.
Санжар Жөлекен: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Дария: Анам менің «Күнім» дейдіМен қуансам күлімдейді.
Қайнар: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Амина: Анам менің «Айым»дейдіМен мұңайсам «уайым» жейді.
Би: Шөжелерім.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Кәусар: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұржан: Әлпештеген аялағанАқ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Мағзұм: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Санжар Жолдығали: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бекжан: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Ару: Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Азиз: Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Ойын:»Кім тез гүл тереді?»
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:
Аймереке: О, Алақай балаларШақырады далаларКөктем келді гүл алыпҚұстар келді жыр алып.
Арай: Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Аяна: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймызТой күні бір - бірденАналарға сыйлаймыз.
Ән: «Апам үшін»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Бану: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргендеШаттанып ойнап күлем.
Назерке: Қуанышы баланыңБізді өсірген анашым.
Сая: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналарҚұттықтаймыз мейрамменҚұрметті аналар.
Гүлжан: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қарағанҮлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Музыка шығады:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ: Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көпАпайларда мұнда көпМен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәрінеҮлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздардыСүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?
(Балаларды билету) Би: «Барбарики»
Ойын «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Аянаның орындауында ән «Қошақаным»
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балаларӨнерлі ғой баршасыМіне, осындай қойылымКөрсетті «Достық» бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Еркетай» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!