«?арым – ?атынаста ?зін – ?зі ба?ылауды ба?алау»


«Қарым – қатынаста өзін – өзі бақылауды бағалау»
(Марион Снайдер)
Мақсаты: Снайдер бағамынша жоғары коммуникативті бақылаудағы адамдар қай жерде өзін қалай ұстау керектігін және өз эмоциясын игере алуға бақылау жасай алады.Нұсқау: әр түрлі жағдаяттарды бейнелейтін 10 пікірлі ұсынысты мұқият оқыңыз. Әр бірін өзіңізге қолданыста рас немесе жалған тұрғыда бағалаңыз. Егер пікір рас болса, реттік нөмір жанына «Р» әрпін, егер жалған болса «Ж» әрпін қойыңыз.
Сұрақтар тізімі: 1.Маған басқа кісінің әдеттерін қайталау, қиын өнер болып көрінеді. 2.Маңайымдағылардың назарын аудару немесе көңілін көтеру үшін ақымақ болып көріне аламын. 3.Менен жаман актер шықпаған болар еді. 4.Басқаларға кей нәрсені тереңірек уайымдайтын секілді көрінемін. 5.Топ жиында көпшілік назарында сирек боламын. 6.Әр түрлі жағдайларда әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді тіпті әрқалай ұстаймын. 7.Көзім толық жетіп тұрғанға ғана тұрақтаймын. 8.Жұмыста жетістікке жету үүшін және адамдармен қатынаста жұрт мені қандай келбетте көргісі келсе, дәл солай көңілдерінен шыққым келеді. 9.Өзім қаламайтын адамдармен де, достық қарым-қатынаста бола аламын. 10.Мен әрқашан сіздер ойлағандай бола бермеймін.
Снайдер бағамынша жоғары коммуникативті бақылаудағы адамдар қай жерде өзін қалай ұстау керегіне бақылау жасай алады. Өз эмоциясын игере алады. Сонымен бірге, оларға өз ойларын бірден айту қиынға соғады, олар жоспарланбаған жағдаяттар ұмытпайды. Олардың ұстанымы: «дәл қазір қандай болсам, негізінде солаймын». Төменгі коммуникативті бақылауда адамдар әлдеқайда ашық мінезді орындаушылық қабілеті жоғары, өзін жақсы сыйлайды, жағдайға қарай көп өзгермейді.
Нәтижені есептеу: 1,5 және 7 сұрақтарының «Ж» жауабына және қалған сұрақтардың «Р» жауабына 1 ұпайдан есептеледі. Ұпайлар санын жинақтаңыз. Егер, сұраққа шын жауап берген болсаңыз, онда сіз туралы төмендегі пікірді айтуға болады:
0-3 ұпай – Сізде төменгі коммуникативті бақылау. Сіздің әрекетіңіз тұрақты, сізге жағдайға байланысты өзгеру қасиеті жат. Қарым-қатынаста ақ көңілден ашылуға бейімсіз. Кейбіреулер осы тік мінезіңізге байланысты «ыңғайсыз адам» деп есептейді. 4-6 ұпай – Сізде орташа коммуникативті бақылау. Сіз шыншылсыз, бірақ сезіміңіздегі өзгерістерді ұстап тұра алмайсыз, айналадағы адамдармен санасып отырасыз. 7-10 ұпай – Сізде жоғары коммуникатвті бақылау. Кез келген рөлге кіре аласыз, жағдаяттардың өзгерістеріне тез бейімделесіз. Маңайыңыздағыларға оң әсер қалдыру кезінде өзіңізді жақсы сезінесіз.