Денелерді? электрленуі. Электр заряды. Электр зарядыны? са?талу за?ы


-83185-81915Набатов Раим Кенжебекович
Еңбек өтілі:20 жыл
Жұмыс орын: Жетісай қаласындағы
Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия
Қызметі: физика пәні мұғалімі
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫБЫ: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Сабақта топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қолдануды жүзеге асыру жолдарын айқындау Оқушылар денелердің электрленуі және электр заряды туралы мәліметтерді біледі
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: Оқушылар денелердің электрленуі және электр заряды туралы мәліметтерді білді, олар электр құбылыстар маңызын түсінеді, ондағы формула арқылы есеп шығарады.
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: 8 Ә сыныбы
ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды диалог арқылы дамыту, қызығушылығын ояту, миға шабуыл жасау
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер және мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, дыбыстық құрылғы.
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ БАРЫСЫ:
Бүгінгі сабақта оқушылар денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы тақырыбы бойынша алған білімін қалыптастырады, түсінігін айтады және сабақ барысында сын тұрғысынан ойлап қорытынды жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.
Сабақтың ұйымдастырылу кезеңі: Оқушыларды қағазға жазылған физикалық ұғымдар арқылы топтарға бөлу
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер:
№ Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті 1 Еске түсіру (Білу):
Неше изопроцес бар?
Адиабаталық процесс дегеніміз не?
Термодинамиканың бірінші заңы ?
Термодинамиканың екінші заңы? Таратылған семантикалық карталар арқылы сұрақтарға жауап береді 5 мин
2 Түсіну:
Неліктен сүртілген аяқ киімге шаң тозаң жиналады? Мұғалімнің берген сұрақтарына оқушылар жауаптарын жазады 3 мин
3 Қолдану:   Берілген тапсырмаларды оқушылар бірінші міндетті деңгейден бастайды, кейін лайықтыға, онан соң жоғарғы жеңгейге көшеді. 10 мин
4 Талдау:
Берілген семантикалық картаны оқушылар оқулықтан алған теориялық білімдеріне сәйкестендіре отырып толтырады 22 мин
5 Жинақтау:
Жалпы сабақ бойынша оқушылар бір – бірлеріне сұрақтар қояды 5 мин
6 Бағалау:
Оқушылар берілген бағалау парақтар бойынша бір – бірін бағалайды Таратылған бағалау парақтары қасындағы оқушыға баға қойады Үйге тапсырма беру: §28