Химиялы? талшы?тар ,оларды? ?асиеттері


Сабақ тақырыбы : Химиялық талшықтар. Олардың қасиеттері. Химиялық талшықтардың өндірілу технологиясы.
Мақсаты: а)Оқушыларға хлорсутек, тұз қышқылы және олардың физикалық, химиялық қасиеттері жөнінде мағлұматтар беру.
б)Оқушыларды химия ғылымы талап ететін тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
в)Оқушылардың химиялық тілде сөйлеу, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, машықтық әдіс, презентация
Оқыту құралдары: компьютер, проектор, слайд, қарындаш,сызғыш, түрлі түсті қатырма қағаз, қайшы, желім
Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу, жұмыс орындарын тексеру, сабақтың тақырыбын жазу, мақсат-міндеттерін таныстыру, қызығушылықтарын ояту
Психологиялық дайындық:
Амандасу, жұмыс орындарын ұйымдастыру, көңіл-күйі көтеріңкі Жасырынған сөздер: шебер, ине, мата Сабаққа дайын болу
ІІІ. Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру
Талшық туралы ақпарат. Талшықты материалдардың натуралды және химиялық түрлерi бар. Натуралды өсiмдiк талшықтарынан мақта, зығыр, сора, кендiр өнiмдерiн алады; қойдан, ешкiден, түйеден, қояннан натуралды жүн, ал тұт құртынан жiбек талшықтарын алады.
Химиялық жасанды және синтетикалық талшықтарды ағаштан, мұнайдан, көмiрден жасайды.
Жасанды және синтетикалық талшықтардан көп түрлi маталарды тоқиды. Бұл маталардың ерекше қасиеттерi бар: түсiн өзгертпейдi, төзiмдi, мықты болады. Мысалы, капрон жiбiнiң мықтылығы құрыш сымның мықтылығындай болады.
Химиялық талшық дегеніміз не? Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынды. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар мен жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөледі. Химиялық талшықтардың кейбір түрінен жіп, мата, трикотаж бұйымдарды таза күйінде да, сондай-ақ табиғи талшықтармен араластыра отырып та жасайды.
Жіп туралы ақпарат. Қолданылуына қарай іс тігетін, кесте және тоқыма тоқитын, торлайтын жіптер болып бөлінеді. Жіп мақта, жүн, кенептен иіріледі, сондай-ақ химия талшықтарынан, табиғи жібектен алынады. Іс тігетін мақта жіптер ақ, қара және басқа түсті болады. Іс тігетін мақта жіптер ақ, қара және басқа түсті болады. Жуандығына қарай жіпті нөмірге бөледі жіп жіңішке болған сайын оның нөмірі жоғарылай береді. Ең жуан (№10,№20) жіп қалың матаны тіккенде, пальто мен костюмге түйме қадағанда қолданылады. №30 немесе №40 жіптермен көйлек, костюм, іш киім, ал одан жіңішкерек (№50,60,80) жіптермен жұқа іш киімдер, жеңіл көйлектер т.б. тігіледі. Жіптің жуандығына қарай түрлі нөмірлі инелер пайдаланылады: жіп жіңішкерген сайын иненің нөмері де төмендей түседі. Жуан жіптерді жеке талшықтарды бірнеше қабаттау(3,6,9) арқылы жасайды. Қабаты көбейген сайын жіптің сапасы да арта түсіп, берік әрі буылтықсыз болады, тігу барысында аз шатасады. Сатып алар кезде оның неге арналғанын және пайдалану тәсілін ескеріп, жіптің нөмері мен қабат санын байқау керек. Қолмен тігу үшін 6 қабатталып жылтыр өңделген жіпті таңдаған дұрыс. Машинаға жылтыратылған жіптің қажеті шамалы. Оған үстіңгі тігіске 3 және 6 қабатталып, ал үстіңгі тігіске беріктігі төмендеу, 3 қабатталған қарапайым жіп ылайық. Арабағаштағы жіп мата жібінен әрдайым күңгірттеу, қанығырақ болып көрінеді, сондықтан жіптің түсін дұрыс таңдау үшін матаның түсінен сәл күңгірттеуін алу керек. Жібек жіптер табиғи және химиялық талшықтардан алынады.
Мата туралы не білу керек?
Ертеде матаны жiптерден қолмен тоқыған. Қазiргi уақыттағы матаны машиналармен тоқудың ертеде қолданған тәсiлдерiнiң көп айырмашылығы жоқ. Матада, жiптер екi бағытта орналасады: ұзынынан (негiзгi), көлденен (арқау). Негiзгi жiптердiң саны көп, мықты болады, себебi, матаны тоқығанда оларға көбiрек күш түседi. Матаның түрлерi жiптердiң түрлерiне байланысты, сондықтанда, олар натуральды, жасанды, синтетикалық т.б. түрлерге бөлiнедi.
Пайдалануына байланысты – тұрмыста қажеттi және техникалық (парашют, желкендi, т.б. жасауға арналған).
Тоқылғанына байланысты – қарапайым және күрделi.
Әшекейленуiне байланысты – түктi және түксiз.
Түсiне байланысты – бiр түстi және ала түстi.
Талшық туралы ақпаратты қабылдайды, талдайды . Жаңа материалды меңгереді.
ІV. Машықтық бөлім. Студенттер А4 форматта қатырма қағаздан 120х10мм өлшемде тілшелер дайындап, тоқымашылық түрлерін орындайды. Қағаздан тоқымашылық түрлерін тоқу арқылы, матаның тоқылу әдісін зерттейді.
Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз
Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин
Жаттығу жасау реті: Көзді алақанмен жауып
1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет
көзді жыпылықтату
2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет
көзді жыпылықтату
3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет
Тақтада көрсетілген сызбаны басшылыққа ала отырып, орындарынан 3 минуттай көз жаттығуларын жасайды. Жаттығу тәртіпке сай жасалу керек. Денсаулықты қадірлеу туралы түсінік қалыптасады.
V. Қорытынды. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма. “ Маталар. Жіптер ” тақырыбына ақпарат жинақтап келу, жиынтық альбомы Дәптердің беті, ине-жіп, қайшы