«Сыйынар ем Ана деген т??ірге» (мерекелік кеш)


«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кештің сценарийі(8 наурыз меркесіне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірім ұйымының мүшелері , мектебіміздің ер балаларының дайындаған мерекелік концерті)
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.
Жүргізуші
Елжас: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Жүргізуші
Елжас: Бүгінгі «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мектебіміздің ер балалары дайындаған мерекелік концертімізге кош келдіңіздер!
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік
құттықтау сөзді мектеп директоры Избасарова Бағдагүл Сайыновнаға
береміз.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Әке-Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Сериков Еркебұлан 6 б сыныбы
1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.
Хабарлаусыз Әдеби монтаж бастауыш сынып оқушылары
(ортаға бастауыш сыныптың оқушыларынан 8 ер бала шығып өлеңдерін оқиды)
Жүргізуші:
Елжас: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсемән мен тәттікүй.
Көңілгетүрлі ой салар,
Әндісүйсең, меншесүй, – деп, Абай атамызайтқандай
Ортаға 11 сынып оқушысы Азаматов Дауренді «Анашым» әнімен шақырамыз
1-жүргізуші:Бишілер бар бізде ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би биле,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті  6в сыныптың бишілеріне береміз.Қошеметтеріңіз! «Өзбек биі»
Жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар- әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақында, батыр да болмайды»,- деген.
Саханаға 5 в сыныбының оқушысы Жарасбай Алиханды ортаға «Милая мама» әнімен шақырамыз.
Жүргізуші
Елжас: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. 
Наурыз айында туған күндерін тойлаған және тойлағалы отырған ұстаздарымызды құттықтау үшін құттықтау хат тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші
Елжас: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін ұстаздарға арнайды,-дей отырып,  6 сынып оқушыларының орындауында попурриді ұсынамыз.
Ортада Төреғали Төреәлі «Қазақ қызға үйленем» 6 сынып ер балаларын қошеметпен қарсы алайық,
Жүргізуші
Елжас: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 
Ораға 4 сынып оқушысы Жұманәліұлы Жандарбекті «Кешір ана» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші
Елжас: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.
Саханаға өзінің тамаша әнімен, гитараның сүйемелдеуімен 11 сынып оқушысы Ержанов Мәдиді шақырамыз.
Жүргізуші
Елжас: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақтілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Сахнаға 8 в сынып оқушысы Төлеуғалиев Асланды шақырамыз
Күй: «Әлқиса»
Пародия «Алау» тобы «Гүл әпше» ортаға 8 сыныр оқушыларын шақырамыз
 Жүргізуші:
Елжас: Осы айтылғандардың бәр ішындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Хабарлаусыз Ән: «Мереке» ҚуатовАйқын
Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шығанбаев Асылбек Зейновичке беріледі.
Жүргізуші
Елжас: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяпқалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен мерекелік концертіміз аяқталды.
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!