Компьютерлік графикада кітап м??абасына Photoshop ба?дарламасында графикалы? суреттер жасау


Білім көзі-кітапта
Мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету,кітапқа деген қызушылығын арттыру,кітап оқуға саналы түрде баулу.
Көрнекілігі;Оқушылар шығармалары,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер жазу.
Жүргізуші;Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар!Бүгінгі «Білім көзі-кітапта» тәрбие сағатын А.Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар,бұл жол басы жаңалыққа,
Келіңдер,оқып,байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Осы кезде есік ашылып,үлкен кітап макетін мойнына ілген оқушы кіреді.
Кітап:Бәрекелді!Мың рахмет Ахмет атамызға.Балалар!мен сәл кешігіп қалдым,кешіріңіздер!Мен сендерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенемін.
Жүргізуші:Қош келдіңіз ,қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз!(Кітапты биік жерге қояды,қонақтар төрден орын алады.)
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін,
Жақсы көрсе иені кім,
Мен де оны жақсы көремін. (кітап
Үндемес серік,ақылы берік. (кітап)
Жүргізуші:Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жайлы болмақ.Кім біледі ,балалар,