План урока на тему Job interview. The Gerund 9 grade


БЕКІТЕМІН»
____________
Сабақ жоспарының құрылымы
Күні: 28.12.15
Сыныбы: 9
Пән: Ағылшын
Пән мұғалімі: Көшерова Гүлжәзира
Сабақтың тақырыбы: Step 5. Job interview. The Gerund
Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу: Герундийдің не екенін, келешекте жаңа мамандықтардың пайда болатынын білу (барлығы)
Түсіну: Жаңа мамандықтардың атқаратын қызметтерін және герундийдің сөйлемдегі қызметін түсіну (көпшілігі)
Қолдану: Жаңа мамандықтар туралы өз ойларын айта алу (кейбіреуі)
Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Келешектегі жұмыс түрлерін оқушылар топпен талқылап, өз ойларын бөліседі және плакатқа сызба сызады, баяндамашы тақтаға шығып түсіндіреді. Сөздік қорларын тексеру үшін «Синквейн» стратегиясы жүзеге асады.
Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?
Блум таксономиясына сай құрылған сабақтың мақсаттарын мен кесте ретінде тақтаға жазамын, сабақтың соңында олар өздері қол жеткізген мақсаттың астына өз есімдерін жазып кетеді. Өзіндік бағалауды қалыптастыру үшін оқушылар үйлерінен рефлексия жазып келеді.
Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Тапсырманы ерте аяқтаған немесе пәніме ерекше қабілеті бар оқушыларға бөлек тапсырмалар дайындаймын
СТО-ды дамыту үшін «қалың және жұқа сұрақ» стратегиясын қолданамын.
Деңгейі төмен оқушыларға арнайы дифференциалды тапсырмалар орындатамын
Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқушыларға деңгейіне сәйкес таратпа материалын таратамын, оқушылар соны толтырады.
Лексикалық және грамматикалық тест жұмысын орындайды (10 сұрақ
Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті Ресурстар
5 минут Сыныппен қалай сәлемдесемін?
Мен оқушылармен сыныпқа кіргенде сәлемдесемін.
Сабақты қалай бастаймын?
Бастапқы сұрақтар үшін оқушыларды жұппен топтастырамын, одан кейін алдыңғы өтілген тақырыптарды қайталау, жеке, жұптық, топтық жұмыс арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылау.
Do you want to be a nurse? Сен медбике болғың келеді ме?
What is the duties of the nurse? Медбикенің атқаратын қызметі қандай?
Мен оқушыларға «ББҮ» кестесін толтыртамын
Менімен сәлемдеседі, екі ішінара топқа бөлініп отырады, күнмен сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушылардан ауызша, жазбаша жұмыстар арқылы сұралатын болады.
Оқушылар бүгінгі сабақ жөнінде бұрыннан не білетіндігін, не білгісі келетіндігін баяндайды Дәптер
Дәптер, кітап
Дәптер
10 мин
Жаңа тақырыпты қалай бастаймын?
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын жаңа сөздер жазылған презентацияны көрсетемін.

Мен оқушыларға герундийді түсіндіремін
Оқушыларға герундийді пайдаланып сұрақ қойдыртамын
Көрсетілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу үшін оқушылар алдымен оларды топ ішінде талқыға салады, одан кейін ретімен баяндайды.
Оқушылар ережені тыңдайды, сұрақтар қояды, талқылайды.
Оқушылар бір – біріне сұрақ қояды және жауап береді. Презентация
Электронды оқулық
25 мин
Мен жаңа мамандықтар туралы мәтінді оқытамын және «түртіп алу» әдісін жүргіземін.
Мен оқушыларға жаңа мамандықтар жөнінде сұрақтар қоямын.
What do you think of the new jobs?
Жаңа жұмыстар туралы не ойлайсың?
Why these jobs called “new professions”.
Неліктен бұл жұмыстар «жаңа мамандықтар » деп аталады?
Do you have such jobs in your village?
Сенің ауылыңда осындай мамандықтар бар ма?
Мен оқушыларға еліміз үшін жаңа маңызды жұмыстарды суреттеуге тапсырма беремін.
Мен екі топқа екітүрлі кісінің келешектегі жұмыс туралы ойлары жазылған мәтінді беремін.
Оқушыларға “My ideas of future jobs” деген мәтінді оқытамын.
Оқушылар мәтінді оқып болғаннан кейін келешектегі жаңа мамандықтар туралы бұрыннан не білетіндігін, не білгендігін және нені түсінбегендігін баяндайды.
Әр сұраққа әр оқушы жауап береді?
Оқушылар плакатқа сурет салады немесе сызба сызады және топпен талқылайды.
Оқушылар мәтінге келісемін немесе келіспеймін деп жауап береді және себебін түсіндіреді.
Оқушылар мәтінді оқып, келешектегі жұмыс туралы өз ойларын жұппен, топпен талқылайды. Кітап
Плакат, маркер.
Тақта, кітап,
дәптер
5 мин Сабақты қорытындылау үшін оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін баяндайды және оқушыларға «Сенквейн» толтыртамын.
Үй тапсырмасына «Менің ойымдағы келешектегі жұмыс...» туралы шағын топик жазуға беремін 1.Job
2.
3.
4.
5.
Оқушылар өз ойларын жазады.