?аза? ?ліпбиі та?ырыбы бойынша презентация


Сабақтың тақырыбы:Қазақ әліпбиі.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:* Қазақ әліпбиі жайлы түсінігімізді кеңейту;* Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылу емлесімен танысу. Оқушы міндеті:* Тапсырманы орындау;*Өз ойын ашық айту;*Білімге құлшыну. Үй тапсырмасы:235-жаттығу
Метограммалар 1. Егер т-дан бастасаң – Биіктердің биігі.Егер д-дан бастасаң – Қиындардың қиыны.Екеуін де алып тастасаң,Балықшының бұйымы. (... , ..., ..) Жауабы:Тау, дау, ау. Метограммалар Егер б-дан бастасаң – Түтіндей боп көшемін.Егер н-дан бастасаң – Жап-жасыл боп өсемін.Жеке өзімді тастасаң,Ішкен жанға кеселмін. (.. , .., ..) Жауабы:Бу, ну, у. Метограммалар 1. Г-ден баста, мен кілең Ажарымын өмірдің.К-ден баста, енді мен Қалдығымын көмірдің. (... , ...) Жауабы:Гүл, күл. К-ден егер бастасаң – Шомыласың суына.Ш-дан егер бастасаң – Жазда аунайсың құмына. (..., ...) Жауабы:Көл, шөл. Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Қазақ халқының жазу-сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әртүрлі саяси-әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті. Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды. Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер-су атауларын, газет-журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды. Қазақ тіліне тән дыбыстар:Ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і Оқулықпен жұмыс: 237-жаттығу (берілген сөздерді әліпби тәртібімен тізіп жазыңдар). 238-жаттығу (мәтіндерді бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріп жазу арқылы көшіріңдер) Ал, кәнеки, балалар,Орнымыздан тұрайық.Қарлығаш боп ұшайық,Қарға боп жерге қонайық.Енді,кәне, тұрайық,Қолды белге қояйық.Оң аяқты көтеріп, Сол аяқты көтеріп,Орнымыздан тұрайық Талдау – табыс кілті. Семантикалық кесте.Тапсырмасы: мақал-мәтелдердің тақырыбын табу керек және керісінше тақырып бойынша мақал-мәтел жазу керек. Сабақты бекіту- нені білдік? - нені білгілерің келеді? Жасырынған мақал.Бірлік болмай, ... . тірлік болмас. 15263748Оқушыларды бағалау кестесі
style.rotation
style.rotationppt_wppt_y Үйге тапсырма239-жаттығу. Көшіріп жазып, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын екі сызықпен сызу.
style.rotation