Астана — арман ?ала ерте?гілігі


Астана - арман қала.Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.- Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақстан республикасының рәміздері.Астана қаласының ғимараттары.Әдісі: әңгімелесу, ойын жаттығулар.Жүргізуші: Қайырлы таң балалар,Қайырлы таң қонақтар.Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік:Деніміз сау болсын,Күніміз күлімдесін,Еліміз аман болсын,Ата - анамыз қасымызда болсын,Бәріміз дос болайық,Бәріміз бақытты болайық,Аспанымыз ашық болсын.Ән: Ән ұран.Жүргізуші: Қане балалар орнымызға отырайық.Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар отан деген сөзді қалай түсінесіңдер.Балалар: Туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.Жүргізуші: Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.Біз қай мемлекетте тұрамыз?Балалар: Қазақстан Республикасы.Жүргізуші: Қ. Р президенті кім?Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?Балалар: Қазақ тілі.Жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесің?Балалар: Орыс, өзбек, түрік, қытай.Жүргізуші: Елімізді қандай рәміздерін білесіңдер?Балалар: Ту. Елтаңба. Әнұран.Жүргізуші: Ту, Елтаңба, Әнұран бір сөзбен қалай айтамыз?Балалар: Рәміздер.Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін айтады:Наргиза: Ту. Біздің республикамыздың мемлекеттік Туы - тік төртбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықты білдіреді.Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астында қанат жайған қыран бүркіт бар. Жанында ою - өрнек салынған, алтын түспен берілуі тыныштықты, байлықты білдіреді.Әсел: Елтаңба. Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген. Күннің сәулесіндей айнала уықтар тараған. Екі жағында екі қанатты тұлпар салынған ол - қорғауды білдіреді. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.Үстінде « жұлдыз», астыңда «Қазақстан» деген жазуы бар.Айбар: Әнұран. Мемлекеттік әнұран – маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Әнұранды тұрып айтады, тұрып тыңдайды.Жүргізуші: Ел ордасы қай қала?Балалар: Астана.Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту. Түсіндіру.Астана туралы тақпақтар:Нұрланбек: Ел бөбегі бүлдіршін, жас баламыз.Астанамыз, астана бас қаламыз.С. Ақерке: Астана арман қала,Бағы ба жанған қалаТұрады ол жап - жас болып,Мен үлкен болған да да.Мағжан: Жаса - жаса Астанам,Өркен жол бастағанБолашақтың есігін,Өз қолыммен аш маған.Дәулет: Қадамың бар баспаған,Асуың бар аспағанХалқым жетсін мұратқа,Ей, бас қалам - Астанам.Айбар: Шырқап көкке асқан - әнБолашаққа бас қадам.Қазақ рухын биіктет,Ей, бас қалам - Астанам.С. Қолғанат: Отанымның төрінде,Сарыарқаның өрінде.Ту ұстаған Астанам,Әсем қалам - бас қалам.Балалардың орындауында: « Вальс.»Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер айтайықшы.Алуанай: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.Отан үшін отқа түс - күймейсің.Отан - оттан да ыстық.Отанды сүю отбасынан басталады.Балалардың орындауында ән: "Отан".Ойын: «Рәміздерді құрастыру». Балалар қиылған суреттерді құрастырады.Жансаяның орындауында ән «Ертегілер».Балалардың тақпақтары:Айым: Сарыарқаның төсіндеГүл жайнаған, АстанамАқпейілдей арнайыАқ тілегім, жас бала.Даяна: Елордасы елімнің,Қазағымның жүрегіАстанамды бірінде,Күллі әлем біледі.Кәусар: Жыр қып төктім өзіңеШумақтарын сезімніңӘсем қала – АстанамҚұрдасымдай өзімнің.Бекасыл: Әуелейді асқақ әнБолашаққа бастағанМәртебемсің сен меніңАйналайын Астанам.Назерке: Қымбат маған есіліңЖүрегімде жүредіЖарқын болсын ертеңніңОсы елдің тірегі.Мансур: Астанам - арман қалаБағы бар жанған қалаТұрады ол жап - жас болыпМен үлкен болғанда да.Нұрсәуле: Жаса - жаса Астанам,Өркен жол бастаған.Болашақтың есігінОң қолыңмен аш маған.Меруерт: Жас астанам, жас қалам.Тарихым бар ашпаған.Ордасы боп ашылдың,Ей, бас қалам - Астанам.Е. Айша: Барша әлемге әйгіліЕл басымыз Нұр ағаМақтанышы елімніңНұрын шашқан, Нұр қала.Диас: Қадамың бар баспаған,Асуың бар аспаған.Халқым жетсін мұратқаЕй, бас қалам - Астанам.Еркеназ: Шырқап көкке аспан - әнБолашаққа бас қадам,Қазақ рухын биіктенЕй, бас қалам - Астанам.Түрік биі.Ән «Жаңбыр» Малика.Ойын «Доп»: жүргізуші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.- Ал, қане бастайық:- Қазақстанның астанасы, қай қала?- Астана.- Қ. Республикасының президенті кім?- Н. Ә. Назарбаев.- Біз қай елде тұрамыз?- Қ. Р.Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.- Сау болыңыздар.