Жасыл шырша жанында (Мектепке дейінгі т?рбие)


Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты:Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.Көңіл –күйлерін ккөтеру. Шырша әсемдігін,қыс келбетін сезіну
Білімділігі:Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп,жаңа жылды татулықпен,достықпен,бірлікпен
өткізуге баулу.
Дамытушылығы:Жаңа жылда барлық бойында бар өнерлерін ортаға салып үйрету.Көңілді өткізу өз қлдарында екенін түсіндіру.
Тәрбиелігі:Жақсылыққа,достыққа,бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүру барысы:
Жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді.
Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын қонақтар!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
Құрметті ата-аналар ,шағын орталық балаларының « Жасыл шырша жанында»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Балалар мына үлкен қораптағы сыйлықты сендерге Аяз ата беріп жіберіпті.Тосын сый болсын деген ғо.Бұл қорапта не бар деп ойлайсыңдар? Беріп жіберген сыйлықты бәріміз бөлісейік (деп жатқанда ішінен күлдіргіш шығады. Амансыңдар ма,балалар! Балалар,бұл кім? Менің атым Күлдіргіш. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды.Ол жерде тар,қараңғы.Ал,мұнда сондай тамаша екен.Мен сендермен жаңа жылды бірге қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы. Балалар, жаңа жылды бізбен бірге өткізсін бе?
Ертеңгілімізді ары қарай жалғастырайық. (Музыка қосылады) Сиқыршы шыр айналып кіреді.
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Сиқыршы:Бәрекелді,жарайсыңдар!Қараңдаршы,айнала неткен керемет,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.
Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдеріңізді киіп жиналып қаппыз.Бірақ шыршамыз көңілсіз,қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен
сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант,бізді,таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!3рет
(«Алақайлап»қол соғады)
Жүргізуші:Міне,керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:Ендеше ,шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Назым:Сылдырлайды моншағы,
Шыршамыздың мол шамы,
Жаңа жылмен жайдары,
Құттықтаймыз баршаны.
Абдулрахман:Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ғалымбек:Жаңа жыл,Жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Али:Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған,
Міне,сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

Жүргізуші:Балалар,жарайсыңдар.Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келеді еді?
Кәнекей,ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі:Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата,Ақшақар Ау-у-у-у!3-рет
Аю:-Здравстуйте,ребята!С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын,қатты айқай-шу,тасыр-тұсыр шошып ояндым,не болып қалды деп сұрап едім,бәрінің айтатындары бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды,жаңа жыл» дейді.
Машаны да іздеп ,осында болар деп келдім.
Жүргізуші:Мәссаған,балалар бұл кім?
Балалар:Аю.
Жүргізуші :Иә,»Маша мен аю» мультфилмін сендер жақсы көретін.Бірақ біз Аяз атаны шақырдық
қой (осы кезде Маша келеді,Шыршаға таңырқап)
Маша-Керемет....`(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.`Аю шауып келіп,Машаны құшақтап алады)
Аю:-Әрең таптым-ау,сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім.(деп кетіп бара жатады).

Жүргізуші:Тоқтаңыздар ,кетпеңіздер,бізбен бірге болыңыздар.
Күлдіргіш сендерге бір ойын алып келіпті.Ойын: «Байпақ» 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады,
Әуенмен билеп,шыршаны айналып,ортаға бірінші ойыншықты ілуі керек.
Енді балалар,ескі жылымыз қандай жыл еді. Мешін жылын ортаға шақырайық.
Қой:Сәлеметсіздер ме,балалар
Ескі жылымыз әзірше бізбен бірге.
Жүргізуші:Балалар, әлі де шыршамызға кімдер жетіспей жатыр.
Аяз ата,Ақшақар
Біз сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата,Ақшақар 3-рет
(әуенмен Аяз ата,Ақшақар келеді)(Музыка әуенімен)
Аяз ата:
Құтты болсын,балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз,ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал,мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар:Аяз ата!
Ақшақар:-Сәлеметсіңдер ме,балалар.Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін,жырмын,тақпақпын.

Жүргізуші:Қош келдіңіздер,алыс жолдан,сәл демалып отырыңыз. Балалардың сіздерге арнаған
тақпақтары,әндері ,билері бар.


Албина :Келді Аяз атамыз Диана: Мерекеге келдік,
Қасында Ақша қары бар.Тақпақ айтып бердік.
Қызыққа әбден батамыз.Ойыншықтарын тізген
Қарсы алайық бәроіміз.Шыршаны да көрдік.

Бергей:Безендіріп шыршаны Арайлым:Аппақ тонға оранып,
Жыл қуантты баршаны.Базарлықты мол алып,
Той –маскарад басталды.Келді алыс сапардан,
Аяз оны басқарды. Аяз ата оралып.
Нұржан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Балалар,Ақшақардың сендерге арнаған сұрақтары бар екен.Соны тыңдап,жауап берейік.
Ақшақардың сұрақтары:Мен білемін бір ойын.Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,ал сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар .

Қарға мүлгіп дала тұр, 2.Қызыл мұрын,ақ мұртты
Келе жатыр.....Білсең атын тез ата,
Балалар:Жаңа жыл! Келеді бізге.......
Балалар:Аяз ата!
3.Шырша бүгін кәделі!4.Көңілсіз бір бала жоқ,
Сендер әрі .....Ойын-күлкі таралсын
Балалар:Әдемі!Құтты болсын......
Балалар:Жаңа жыл(3рет)
Жүргізуші:Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Қыздардың орындауында « Ұлпақарлар» биін тамашалайық.

Балалардың тақпақтары:
Ән: « Сәлемет пе, Аяз ата?»
Аяз ата:Жарайсыңдар,өнерлі екенсіңдер.
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда,халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Кім шапшаң»
Жүргізуші:-балалар,Жаңа жыл болса кеп қалды,ескі жылмен қоштасатын уақытымызда
таяп қалды.

Балалар:
. «Жаңа жыл жарылқасын,ескі жыл есіркесін»деп жылдарымызды қарсы алайық
.(Музыка әуенімен) Жаңа жыл кіреді.
Тауық:Сәлеметсіздер ме,кешіккен жоқпын ба,мен сондай асықтым,сондай жүгірдім,кешігем
деп қатты қорықтым,уақытында жеттім бе?
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл!
Аяз ата:Ал айналайын жаңа жыл,келген қадамыңа нұр бітсін.Мынау менің ұлдарыммен қыздарым,мынау халқым саған аманат.Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.Жақсы жыл бол,жаңа жыл.
Жүргізуші:Бәрекелді жаңа жылым.Төрімізге шық.Бәрімізге жаңа бақыт,жаңа қуаныш ала кел
Тауық: Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.Байқаймын барлықтарыңызда мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар.
Мешін:Қош келдің,Жаңа тауық жылы!
Мен өз жылымды жақсы жетістіктермен аяқтадым. Саған да жақсы табыстар тілеймін.
Жылың берекелі болсын!Бір жыл бойы сендермен
Бірге болдым,балалар
Жақсы-жаман іс болса
Кешіріңдер,балалар
Бір жыл бойы бой өсті
Боймен бірге ой өсті.
Мен сендерді тапсырам.
Жаңа тауық жылына
Тағы қайтып келермін
Қош сау болыңдар,балалар!

Шынымен балалар,бір жасқа үлкейдік.Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр,Олай болса,
Балалар ескі жылға ризамыз ба?,Рахмет,саған,сау болыңыз!
Бәрі:Қош ,кош Ескі жыл!
Жүргізуші:Қош келдің,Жаңа жыл!
Кел,төрлет,Жаңа жылым,құтты жылым
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен
Жарқырап алдымыздан шықтың бүгін.
Жаңа жылдың бізге алып келген биі бар екен соны тамашалайық.

Балалардың Жаңа жылға арналған тақпақтарымен жалғастырайық.
Ән: « Елочка»
Ер балаларымыздың орындауында (гномдар)биін тамашалайық.
Жүргізуші:Жаңа жылдық мерекемізде бітуіне жақындадық ,Аяз ата,Ақшақарды ортаға алып,бәріміз билейік.
-Аяз ата, Ақшақар сіздер балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата:Жарайсыңдар,балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс-жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емес пе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңыздар.Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар.
Балалар:Сау болыңыздар!Рақмет сіздерге!
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балалар! «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Осындай керемет ат салысып жүрген ата-аналарымызға,балаларға көп-көп рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,отбастарыңызға амандық,бақыт пен қуаныш әкелсін!