Тіл дамыту саба?ынан Технологиялы? карта Самат нені ?рлей алады ?


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:13.09.2016
Білім саласы:Қатынас
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Самат нені үрлей алады?»
Мақсаты:Балаларды тауықтың қауырсынымен таныстыру
М: Сұраққа қысқаша жауап беруге дағдыландыру
ДМ: Тыныс алу дағдысын қалыптастыру
ТМ:құстарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:ойындар ойнату
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:тауық пен қауырсынның суреті,шарлар
Билингвизм: тауық-курица._
Іс-әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Жылулық шеңбері.
Бала,бала,балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарын әйбат,
Былай,былай ойнат,-деп қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалардың назарын тауықтың суретіне аудару.
-Тауық әдемі, үлкен,тауықтың жұмыртқасын,етін жейміз. Тауық дәнді жақсы көреді
Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.
Балалар суретке қызығушылық танытып,тыңдайды,тауық туралы білуге тырысады.
Ұйымдастырушы ізденушілік
«Қауырсын үлпілдек,жеңіл»
Дыбыстық жаттығу
Қа-қа қауырсын,
Ү-ү үлпілдек
Қауырсынға үрлесек ұшады. Қауырсын кімнің үстіне қонса, қонған жерден тағы үрлеу.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз
Жоғары-төмен қараймыз.
Топылдатып басамыз.
Д/О: «Кім жылдам?»
Үрленген әртүрлі шарларды кім қатты үрлеп,алысқа ұшырса сол бала жылдам болады. Тәрбиешімен бірге сөздік жұмыс жасайды.
Дыбыстарды,сөздерді қайталайды.
Балалар қуана қимыл қозғалыстар жасайды.
Ойынды қуанышпен көңілдене ойнайды.
Рефлексиялық
қортындылаушы
Балалар бүгінгі оқуіс-әрекетімізде не үйрендік?
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап қорытындылау. Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.
Күтілетін нәтиже:
Балалар нені білу керек:қауырсын туралы білімін толықтырады
Қандай түсініктерді игерді: тауық туралы түсінікті
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қауырсынға үрлеуді