Мазм?ндама саба? жоспары (2 сынып)


Пәні: Әдебиеттік оқу
Күні:
Тақырыбы: Мазмұндама «Қарлығаштың қасиеті»
Мақсаты: мәтіннің мазмұнын дұрыс жазу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
Міндеттері:
1.Мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру.
2.Белсенділіктерін дамыту;
3.Адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
Көрнекіліктер:мазмұндамалар жинағы
Әдіс-тәсілдер:өзіндік
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Мазмұндама.
Қарлығаштың қасиеті.
Біздің қораға қарлығаш ұя салды. Мен оны сырттай бақылап жүрдім. Жерге нан қиқымын шашып едім, ол қиқымды балапандарының аузына апарып салды.
Бір күні мынадай оқиға болды. Әдеттегідей қарлығаш баласына тамақ тасып жүрді. Барлық балапан ауыздарын ашып, анасына қарап отырған. Кенет біреуі сап-сары нәжісін шығара беріп еді, анасы көз ілеспес шапшаңдықпен қағып алып, сыртқа ұшып кетті.
Мен аң-таң болдым. Бұл сонда ұя лас болмасын дегені ме? Әлде адамдардың басына түсіп, үстін бүлдірмесін дегені ме?
(75 сөз)
Тірек сөздер: нан қиқымы, көз ілеспес, аң-таң.
Сұрақтарға жауап алу.
1.Бала қарлығашқа қалай көмектесті?
2.Бір күні қандай оқиға болды ?
3.Бала неге аң-таң болды?
4.Қарлығаш не үшін бұлай істейді?
Жоспар:
1. Қарлығаштың ұясы.
2. Баланың көмегі.
3. Қарлығаштың тазалығы.
4. Баланың таңғалуы.
3.Жаңа білімді бекіту:
Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.
4.Үйге тапсырма: қайталау