Математикадан саба? жоспары Те?діктер мен те?сіздіктер


Сабақтың тақырыбы:
Математика Мектеп: №11 МФММ
Мерзім: 04.03.2016ж Мұғалім: Жолдыбаева Э.
Сынып: 1 «Г» Қатысқан оқушылар саны - 19 Қатыспағандар саны-0
Осы сабақтың оқу мақсаттары 1.2.2.1. Теңдіктер мен теңсіздіктерді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата білу.
Табыс критерийі Барлық оқушылар: «=», «<» , «>» белгілерін пайдаланып, сандар мен шамалар арасындағы қатынастарды анықтай біледі.
Оқушылардың көпшілігі: Тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді өз бетімен құрастыра алады. Есептеулерді жүргізбей- ақ өрнектерді салыстыра алады.
Кейбір оқушылар:Өз амалдарын түсіндіре отырып, сандар мен өрнектерді салыстыруды өз беттерімен орындай алады.
Жетістік критериі
*Сандарды салыстыра алады.
*Тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс ажыратады, тиісті таңбасын қояды.
Тілдік мақсаттар Оқушылар игереді: Сандар мен шамалар арасында қатынастарды=, ≠, >, <таңбаларын қолдану арқылы көрсетеді.
Пәндік лексикология және терминология:
Теңдік
Теңсіздік
Сабақта диалог жазу үшін қажетті сөздер
Талқылау:
-Таразы қандай жағдайда тұр?
-Оны қалай жазуға болады?
-Сендер не байқадыңдар?
-Таразы басы неге тең?
-Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?
-Осы көріністі қалай жазып көрсетуге болады? Қалай ойлайсыңдар?
Бұған дейін меңгерілген білім Ұзындық, сыйымдылықтың өлшем бірлігі мен құралын таңдап, өз әрекетін түсіндіре алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Дерек көздері
Басы 0-3 мин
4-10 мин
Ортасы
11-17 мин
18-22 мин
23-39 мин
Психологиялықдайындық.
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың,
Мәнінен ой табамыз.
1. Топқа бөлу.
1-мұғалім
- Балалар ұлттық ойындарды білеміз бе?
-Қандай түрлері бар?
-Олай болса бүгінгі сабағымызды «Теңге ілу» ойынымен бастаймыз. Ол үшін әр оқушы бір аяқтарын көтеріп, жердегі теңгелерді алуы тиіс. Сол теңгелердегі нөмірлер бойынша топқа бөлінеміз.
Оқушылар 1,2,3,4 нөмірлері бойынша топтарға бөлінеді. Екі топ қанша теңге жинағандарын салыстырады.
2.Топтық жұмыс. Практикалық жұмыс.
2-мұғалім
Оқушылармен бірге зерттеу жұмысы жүргізіледі. Ол үшін таразыны пайдаланады. Таразының әр табақшасына саны бірдей заттар салынады.
-Таразы қандай жағдайда тұр?
-Оны қалай жазуға болады? /3=3/
-Ендеше тепе-теңдікті математикада қалай атаймыз?
/теңдік-равенство-equation/
-Енді таразының бір табақшасына тағы бір зат салайық. Не байқадыңдар?
-Таразы басы неге тең?
-Таразының бір басы екіншісінен неге төмен түсіп кетті?
-Осы көріністі қалай жазуға болады? /3<4/
-Бұл жазуды қалай атауға болады? /теңсіздік-неравенство-inequality/
-Осы теңдік және теңсіздік ұғымы өмірде керек пе?
-Қай жерде қолдана аламыз?
3.Оқулықпен жұмыс.
1-мұғалім
Суреттегі әр қораптағы кәмпиттер санын салыстырамыз. Тең жағдайда ма , әлде тең емес пе?
Олар осы теңсіздіктерді ламинатталған қағаз бетіне жазып көрсетеді.
5<7 –бұл теңсіздік.
4. Ширату.
2-мұғалім
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім теңдік жазылған қағазды көрсеткен кезде оқушылар қолдарын шапалақтайды, теңсіздік көрсеткен кезде отырады. Осылай бірнеше рет қайталанады.
5.Жұппен жұмыс.
1-мұғалім
Оқушыларға қима қағаздарға сандарды салыстыруға мысалдар беріледі. Орындап болған соң, жұбындағы оқушыға беріп бірін-бірі тексереді.
6. Бағалау.
2-мұғалім
Оқушылар алдарында тұрған сигналдық белгілер арқылы өздерін бағалайды.
Теңгелер
Таразы
20 теңгелік монеталар
Ламинатталған қағаз
маркерлер
Оқулық
Қима қағаздар
Сигналдық белгілер
Соңы
40 - 45 мин
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не істедік?
Соның қайсысы сендерге ұнады?
Қайсысы сендерге қиындық тудырды?
Неге қиын болды?
Келесіде не үйренгілерің келеді? Қосымша ақпарат
Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? Бағалау – Оқушылардың жетістігі мен тексеруді қалай білімін тексеруді жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – ана тілі
АКТ
Құндылықтар
Өз бетімен санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Санды өрнектерді құрастырып, оларды салыстыру туралы білімді жетілдіру. Құндылықтар:
Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық
Рефлексия Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты дұрыс қойылған. Қорытынды. Қандай екі әдіс-тәсіл өте сәтті болды?
1.
2.
Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс?
1.
2.