Ашы? саба? Тура санды те?діктер (6-cынып)


«Академик Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Ашық сабақ: «Тура санды теңдіктер»
Сыныбы: 6 қазақ
Пән мұғалімі: Керпишбай Х.
2015 – 2016 оқу жылы
Сабақ жоспары №9
Пәні: математика
Пән мұғалімі: Керпишбай Х.
Мерзімі: 19.01.2016ж. Уақыты:14:00
Сыныбы: 6 қазақ
Сабақтың тақырыбы: Тура санды теңдіктер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:  Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолданып есептер шығару;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс жасауын дамыту; ИБТ-мен жұмыс жасауға машықтандыру.
Тәрбиелік: бір-бірлерін тыңдауға, жылдамдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: формулалар, карточкалар, ИБТ
Бағалау тәсілі: өзін-өзі бағалау
№ Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ескерту
Кіріспе
(1 мин) Оқушылармен амандасады. Көңіл – күйлерін сұрайды.
-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Осы тақырыпты қорытындылаймыз. Мақсытымыз қандай? Сұрақтарға жауап береді.
Тура санды теңдіктер
-Ережені пайдаланып есептер шығару Психологиялық ахуал туғызу
Оқушылармен бірге мақсат қою
І Сандарда бар бір қасиет
(2 мин) Тақырып сандармен байланысты болғандықтан сандарға кейбір ұғымдармен танысайық. 3 қадірлі: ырыс, бақ, дәулет.
7 жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ Пән аралық байланыс(әдебиет)
+мотивациялық кезең
ІІ Өткнеге шолу
(5 мин) Үй тапсырмасының дұрыс жауабы экранда көрсетіледі. Әр оқушы өзі тексереді, қателіктерін табады. Өзін-өзі бағалау
ІІІ Математикалық ой қозғау
(5 мин) Ал қазір өткен тақырыпты еске түсірейік. Тура санды теңдіе дегенімз не?
Санды теңдіктің қандай жақтары болады?
Қандай қасиеттерін білесіңдер? -Екі санды өрнектің «=» белгісімен жазылуы.
- оң және сол жағы.
-Ережені айтады. Сұрақ –жауап.
ІV Жұбын тап!(10 мин)
Карточкалардағы есепті шығарамыз.
Біз есеп шығару барысында қай жерде қиналамыз? Бір оқушы тақтада, қалғаны дәптерге орындайды. Талдау. Бір –бірінің қателерін табу.
V Сандар бейнесі
(1 мин) Экраннан сандарды көрсету Сандарды бейнелеу Сергіту сәті
VІ Білімді мыңды жығар
(15 мин) Оқулықпен жұмыс №853 есеп. Тақтаға кім шығады?
-Оң жағы, сол жағын көрсету? есепті түсіндіріңіз Есепті шығарады.
Оң жағы, сол жағын көрсету. Түсіндіреді. Бекіту
Рефлексия.
VІІ Олжа ағашы
(5 мин) Олжа ағашына алмаларды ілу керек. Қызыл алма - Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. Жасыл алма- тақырыпты меңгердім, бірақ есептегенде қиналамын.
Сары алма- Маған тақырып түсініксіз.
- Туран санды теңдікке бірдей санды қосып немесе көбейтсек тура санды теңдік шығады. Алмаларды іледі. Мұғалімге оқушылардың пікірін білуге, әрі қарай шара қолдану үшін қажет.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма,
Бағалау (1мин) №853 аяқтау. 19 –бетте тапсырманы оқу. Түсіну. Өзін-өзі бағалау парақтарын жинап, баға қою