Отбасында адам бойында?ы асыл ?асиеттер жар?ырай к?рініп ?алыптасады.


Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген суйіспеншіліктен басталады"
                                                       Нұрсұлтан Назарбаев
 
Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ужымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзің қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.
 
Бала - тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.
Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатын ескерту қажет. Сондықтан ата-аналармен жумыста мектеп түрлу амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтеріАтақты педогог және психолог Симон Соловейчик, баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру: • Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме; • Ешбір себепсіз соғыспа; • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға  рұқсат сұра, бұл ұят  емес; • Әділ ойна, өз досыңды сатпа; • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама; • Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме; • Біреуге жала жаппа; • Тазалақты болуға тырыс; • Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық; • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен  ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың.   Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.
 
Ата-аналарға көмек ретінде:   
   Талапты бала өсіргіңіз келсе:
             • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі  шын  жауап    беру;       • Балаға жоспар құруға көмектесу;       • Балаға қызық жерлерді нұсқау;       • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;       • Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;        • Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;       • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;       • Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;       • Оған кітап оқып беру;       • Бала кезінен кітап оқуға үйрету;       • Қалауын түсіне білу;       • Баламен жеке араласуға уақыт табу;       • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;       • Үлкендермен еркін араласуға үйрету.

Түсіністікке әкелетін өмір ережелері -Өзіндікінен де өзгенің қызығын жоғары қой;-Жанұяңа адал бол, ешқашан оны сатпа;-Адал және жауапты бол;-Басқаларды жақыныңдай көр;-Өзіңді басқалардың орнына қойып, салыстыра біл;-Кешірімді бол және ренжіме;-Өзіңнен және өзгелермен келісімді бол;-Өзіңе сенімді бол;-Өтірік пен алдаудан алыс бол;-Өз ісіңе есеп бере ал.